Ұнатқан қыздарына дүкеннен кәмпит ұрлап үлестірген жеткіншек ұсталды!!!

Өз ойым /
Петропавлда дүкеннен 64 дана шоколад ұрлаған 15 жасар жеткіншек ұсталды. Кішкентай бұзық тәттілерді сыныптас қыздарға таратып берген. Аталмыш ұрлығы үшін жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Сатушы кешкісін сөреге 74 дана шоколад қойғанын айтады. Ертеңіне 10 дана ғана қалғанын көріп, дүкен иесіне хабарлапты. Көрініс бақылау камерасына түсіп қалған. Бозбала алдымен дүкенге кіріп, жағдайды бақылап көрген. Cатушы өзге тұтынушыға қызмет көрсетіп жатқанда күдікті кәмпиттерді күртесіне тығып үлгерді. Осылайша жеткіншек бір сағат ішінде дүкенге үш рет кіріп, тәттілерді ұрлапты. Бейнетаспаның арқасында оқушы бірден қолға түсті. 9-сыныптың оқушысы «олжасын» өзіне ұнайтын қыздарына таратып берген. Енді тентек баланың қылығына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда

Толық ақпаратты осы жерден қарасаңыз болады Сайтқа сілтеме

9 пікір

Jako
Бәрінің үйінде теледидиар бар шығар казір, бұл жаңалықты(солай атауға болса егер)бәрі көріп, естіген болар.Бірақ сайттың аты «Айтабер» ғой, сенде айтабер.
Sabions
Айтабер екен деп, ойымызға келгенді айта берейік па?
AiEcPi
Ода тұрған не бар?!!! Осы сайтта да көбісі жастар, жастар теледидарды тамашалап отырат де толық айта алмайм, ал бұл пост оларды тәрбиеге үйрету!!!
m170785
Кейбір жаңалықты айтабер екен деп өтірік жаңалықты судай шын қылып, бәлкім мына айтаберде де бар шыгар, бірақ көргенім жоқ. Бірақ басқа жаңалықтарды оқығанда басқа желіде
p689606
Срогы өтіп кеткен жаңылық, тойыс ескілік
alibek
қатырасың қашан жарияланғанын қарашиш
Yasin
заңға бағынайық авторлық құқық деген бар сілтемесіз сайтқа жариялау дұрыс емес бұлда ұрлықтың бір түрі
AiEcPi
Видеомен қоса басып қарап көрдіңбе?
Yasin
видеомен қоса демей мына сайттан деп сілтеме көрсет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.