ҚАЗАҚТЫҢ ӨЛШЕМДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

Өз ойым /
Өркен Тоқтар ұлы
Алматы – 2014

Кіріспе

«Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру – ішкі қажеттілік»
— Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

«Дүниедегі жолдардың барлығы Рйімге алып барады» — деген секілді «Дүниедегі тілдердің барлығы латын тіліне алып барады». Бұл тілдің ғылыми әрі көркем жасалғаны соншалықты, тіпті одан кемшілік іздеудің өзі қылмыс секілді. Ал оның әліпбесінің тұғырының беріктігі соншалықты, екі мың жыл бойы тіпті ешқандай өзгеріске жолықпаған деуге де болады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда дүниедегі тілдердің 80 пайызы осы латын әліпбесінде сөйлейді. Сол себепті қай тілдің болмасын латын әліпбесінде жазылуының өзі бір мәртебе. Ал біз тағы нені күтіп отырмыз, байағы қараңғылықтың қалдығы болып отыра бермекпіз бе? Тіліміздің қашанға дейін кирильдің босағасында бейшара кейіпте қалтырап тұрғанын қалайсыздар? Көкірегінде біртұтам намысы бар азамат болса, ана тілімізді осы 42 былық кирильдің қыйанатынан құтқара алмаса да, соған үн қосар еді-ғой?!

1. Латын тілі тарихтың жасампаз туындысы.

Біздің заманымызға дейін ІХ ғасырда финикийлік жазуды гректер қабылдап, дауысты дыбыстарды белгілеу үшін графемалық (әріптік) өзгерістер енгізген. Жазу Грекияның аймақтарында бірдей болмаған, біздің заманымызға дейін V ғасырда негізінен екі алфавиттік жүйе – біздің заманымызға дейін 403 жылы қабылданған шығыс грек алфавиты мен батыс (халкид) алфавиты. Батыс пен шығыс грек алфавитында әжептәуір айырмашылықтар кездеседі.
Батыс алфавиттік жүйесі италилік халықтар арқылы, негізінен этрускіліктер арқылы, біздің заманымызға дейін VІІ ғасырда латындармен қабылданған.
Уақыт өте келе алғашқы графемалық белгілер біраз өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін І ғасырда көп халықтардың қазір қолданып жүрген латын әріптер нұсқасы (латиница) пайда болады.
Еуропа елдерінде латын тілі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын тіліне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп келеді.

2. Латын тілі тұғырлы бәйтерек.

Латын тілі бүкіл дүние тілдерінің тұғыры деп ойлаймын. Сондықтан әліпбе жасауда таза латын тілінің өз заңдылықтарын негіз еткеніміз жөн. Сонымен қатар орыс тілінің латын тілі факторының әсерінен бүкілдей арылуымыз керек. Немесе қазіргі кириль әліпбесін мүлде жоқ деп есептеп, таза латын топырағынан таза қазақ тіліне 100 пайыз сай әліпбе жасауымыз керек. Қазіргі таңда Ағылшын тілінің дүниені жаулауының бір себебі де осы жолды мықты ұстанғанында. Сол себепті мен осы негізгі әліпбеден тыс артық таңба жасап жатпай, латыншаның классикалық түрін негіз ете отырып, ағылшын тілі факторын ескере отырып, таза 26 таңбадан қазақ әліпбесін жасаған жөн деп есептеймін. Ал қазақ әліпбесінің аналогы ретінде қазақтың арапша әліпбесін (төте жазу) пайдаланғанымыз жөн. Қайталап айтатыным аналог ретінде кирилицаны пайдалануға ешқашан болмайды.

3. Латын әліпбесі толғауы тоқсан икемді.

Латын әліпбесінің бір ерекшелігі – оның ерекше йкемділігінде. Тіпті қытайдың дүниеде жоқ дыбыстары да латын әрпімен бейнелене алады. Онда екі-үш таңбамен бір дыбысты беруге болады.

Мысалды XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармаларынан алсақ:

1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun
(көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73)
2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq
(Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.)
3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir.
(Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір)
4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa
(Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа)
5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.
(Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)

Ғалымдардың айтуынша «Кодекс куманикусты» жазған адам қыпшақ тілінен хабарсыз латын тілді оқымысты көрінеді. Бір жақтан ести отырып, тағы бір жақтан кітапты жазу барысында қателіктер жіберген көрінеді. Соның өзінде оның есітіп жазғандары қазіргі сауатсыз қазақтарымыздан анағұрлым дұрыс секілді. Бұдан түйетініміз латын жазуының жоғары икемділігінде. Тіпті онымен өзің түсінбейтін тілдегі информацияларды қағазға жоғары дәлдікпен түсіруге болады екен.
Латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән бердім. Өз әліппеммен жоғарыдағы мәтіндерді жазып көрсем:

1) Koek ulaxim koegende semirir. Ol xowun;
2) Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq;
3) Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir;
4) Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa;
5) Burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.



Толықтыру:
1) i` таңбасы Qq, Xx, Oo, Uu, Aa, I`i` фонемалары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa, uzin, xilim, alim, qorim, i`risti. t.b.
2) Латын тілінде қос таңбалы (диграф) ae, oe, ue дауысты дыбыстары бар, олардың дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі.
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болмаған, оның орнында [ і ] фонемасы бар. Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн деген ойдамын. Ал [й] фонемасы бар. Латыншадағы Yy қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін бұны тек қана [й] фонемасына қолданған жөн. Ww да сол секілді дауыссыз у дыбысына қолданылу керек. Yy, Ww таңбалары дауыссыз дыбыстармен өзге дауыссыз дыбыстар мысалға Ll немесе Mm секілді [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесу керек. М: keliw, uwis, kiyiw, jetisiw, Jetisuw, suewret, ti`yim.
4) Iі таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия…

Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар.
К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн.
Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Yy тек қана дауыссыз [й] фонемасын белгілеуі керек. Егер қазақтың төте жазуы арапша әліппемізге жүгінсек, қазақ тілінде [и] фонемасы ешқашан болған емес. М: киім емес кійім, қял емес қыйал, сиыр емес сыйыр, жиын емес жыйын, жиде емес жійде. Міне осылай, кирилицаның арқасында тіліміз ақсақ аттай шала басып, шоқақтауға үйреніпті. Сондықтан мен кирилицаны сауатсыз жасалған әліппе дер едім.
Классикалық латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, J j әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson – жонсон.
Герман тілдеріндегі W w әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеуге арнадым.
Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).
Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[еу] Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп.
Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[ә] aera [әра] мыңжылдық, ое[ө] poena [пөна] жаза және ue[ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поета] ақын.
Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Латынның Cc таңбасын қалай қолдану туралы көп ойланып барып, ақыры онымен «ш» фонемасын белгілеуді жөн көрдім. Оның себебі:
Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын.
Ал латындағы Xх таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жақтан [Х] таңбасы аша ағаш кейпіне келеді, егер [ш] фонемасына қолдансақ, көз алдыға елестетуге жеңіл болар еді. Расында, бірталай елдерде бұл әріп [ш] дыбысына қолданылады. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын.
Әрине, айта кеткім келетіні — латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүкілдей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты.
Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;
rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;
th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр;
ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;
sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиентиа] білім.
Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз.
Ал біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте ден-ақ пайда болған. Оның бір бұлжытпас айғағы — Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды.

2 пікір

Kan
өз басым соншалықты қызықпаймын латын әріптерін. Қазақтың тілі сол латын харіптерімен түзеліп кетеді дегенге өз басым сеніңкіремеймін. қолдағыны қадірлемей отырып жолдағыны қарық қыла аламыз ба?
Oerken
Jartasqa bardim,
Kuende ayxaydi saldim,
Odan da ciqti janhxriq,
Bayaxi jartas br jartas,
Qinq eter uen ciqpas.

Qazaqtinh juez ji`ldan keyingi khali de osilay.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.