қазақ әні

Өз ойым /
Мен болашақ ұстазбын, бүгін мына сайтты көріп, өз ойымды жазып отырмын. Қазіргі уақытта мектепте практикада жүрген едім… Оқушылар арасындағы көптеген қызықтарды да көріп жүрмін.Бірақ мені толғандырған нәрсе осы оқушылардың сөзі болды. Практикамыздың тақырыбы тәрбиеге байланысты болғандықтан біз тәрбие сағаттарын өткізуге тиіс едік. Осындай кезекті бір тәрбие сағатын өткізгенімде оқушылардың қазақ әндерін мүлде тыңдамаймыз дегені қатты жаныма батты..Қазақтың кішкентай бүлдіршіндері қазақ әндерін мүлде тыңдамайды және тыңдамақ ойлары жоқ та. Мені қатты ойландырғаны сонда қазақ әндерінің сапасы төмен болып бара жатқаны ма?? Оқушылардың жауабы бойынша олар ағылшын әндерін тыңдайды екен. Тек 2-3 оқушы ғана қазақ әндерін тыңдайтынын айтты..Әлде аға-әпкелерінен алып үйреніп жатқаны осы ағылшын әндері ме екен? Қазақтың күйлері туралы сұрауға тіптен ұялдым..Қазақ әнін тыңдамайтын бала күйді мүлде білмейтін шығар..Қазақтың әдемі балалары қазақ әндерін неге тыңдағысы келмейді??

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.