Компьютерді сол қолымен "сөйлетеді"

Өз ойым /
Оразханның орасан қабілеті
Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылы әкімдігінің аппаратында оператор маманы болып жұмыс істейтін Оразхан Қадырбековтің өзгелерден айырмашылығы жоқ. Ол осында қызмет ететін әрбір азаматпен тең жұмыс атқарып келеді. Бір көрген адамға он екі мүшесі теңдей көрінген Оразханның оң қолы мен оң аяғы протезден. Ол өзі бұл жәйт туралы былай еске алады: «Бала күнімде ашық тұрған трансформатордың маңында ойнап жүріп электр тоғы тартылған сымды ұстап бір қолым мен бір аяғымнан айырылдым. Ол кезде 5 жаста едім», — дейді. Басқа түскен жағдайға қарамастан жасып көрмеген Оразхан ел қатарлы күн кешуде. Тағдыр талқысын тартқан ол өн бойында енжарлыққа жол бермеді. Білім алып, жұмысқа кірісті. Компьютерді сол қолымен еркін меңгерген ол өзі тұратын ауылдың әкімдігінде жұмыс жасап жатқанын айтады. Көлік жүргізуді де меңгерген. Қоғам өмірінен шет қалмай көпке ілесе білген Оразханның қайраты мен табандылығы өзгелерге үлгі болса дейміз. Он екі мүшесі орнында тұрып өмірден опық жедім дейтіндер табылады арамыздан.
Мүгедектік – үкім емес. Егер өмір сүруді жазса қандай жағдай болмасын бейімделесің. Тағдырдың жазғанынан қашып құтыла алмайсың. Түңілудің орнына талпыну қажет. Осы жағдайды көтеруге менің жігерім жеткендіктен маған осындай сынақ жіберліген деп білемін. Кімде кім болсын өзіне берілген ғұмырды мәнді сүруі тиіс деп ойлаймын. Мейлі ол мүгедек болсын, он екі мүшесі сау адам болсын өмірді босқа өткізбеуі керек, — дейді Оразхан.
— Талабы таудай жандар болады дейміз ғой. Оразхан міне тап сондай жігіт, — дейді Жеңіс ауылының әкімі Саттар Бохан. — Тағдыр қыспағына түссе де өзінің талабы мен еңбексүйгіштігінің арқасында өзінің көптеген замандастарынан ілгері келеді. Ол әріптестерінің арасында өжеттігімен, шыдамдылығымен ерекшеленіп тұрады.
Оразхан компьютер тілін ғана меңгеріп қоймаған, прозамен де поэзиямен де әуестенеді. Өлең жазады.
Жаса мәңгі Елорда

Қилы заман басынан өткен елім,
Зұлымдықтан жасымай, жеткен елім
Азаттықтың жолында жанын қиып,
Жау көзінен сақтаған туған жерін.
Бүгін тәуелсіздігімді неге айтпасқа
Жар салып шартарапқа мақтанбасқа
Жас қалам жер ұйықта бой түзеді,
Танылған бүкіл әлем адамзатқа.
Таңсық болған Елордасы Астанама
Жол түсіп, барып қайттым жас қалаға.
Жылтыр көше, жасыл желек алаңқайлар
Әспеттепті ғимартты аспандата.
Жақсыны көрмеске деп талай жерін,
Араладым, өрледім Есіл бойын
Жүздері бал-бұл жанған көпті көрдім,
Құтты болсын Астана ұлы тойың.
Шақырамын қызықта аралағын,
Арала да ой түйіп саралағын.
Нұрсұлтандай кемеңгер жолға салды,
Ежелгі сақ бабамның бар арманын.
Көк туым Ақордамда желбіреген,
Заман осы-ау дейтұғын күлімдеген.
Ел таңбам қазақ елін айшықтап тұр,
Даламда әнұраным күмбірлеген.
Асқақатықтың белгісіндей – Бәйтерегім
Ынтымақ-бірлігімде, бар тірегім.
Арамны емес пе еді Абылайдың,
Төле би, Қазыбек пен Әйтекенің.
Өткенімен бүгінін жалғастырып,
Жастарға сенім артқан, алмастырып,
Әне отыр, Астанамның қақ төрінде,
Көңілі жай, үш биім малдас құрып.
Тоғысқан Астанама қара әне
Ақыны мен жырауы, хас батыры,
Мәдениеті, білім орда, когрес хол,
Мен мұндалап көрінген Хан шатыры.
Болашақты ойлап, Елбасы мың толғанды
Кірпік ілмей өткізіп талай таңды.
Орнатып Сарыарқаға иран бақты,
Осындай Астанамды сыйға тартты.
Шаттықпен тербетілді керемет күй,
Жолдауын Елбасының санаңа түй.
Келер ұрпақ үйренсе еді Нұрсұлтанша
Ұланғайыр жеріңді, еліңді сүй.

1 пікір

zhano_almuhambet
Мүмкіндігі шектеулі азаматтың шексіз қабілетінің бірі…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.