Журналист қыздардан жігіттер шынымен де қорқа ма?

Өз ойым /
Журналист қыздардан жігіттер шынымен де қорқа ма? Осы сұрақты қоюыма тура келіп отыр. Алдыңғы жолы таксиге отырдым. Көлік жүргізуші аға тым көп сөйлейді екен. Отырып алып мені сұрақ астына алды. «Сіз тұрмысқа шыққансыз ба?» дейді маған. Мен «жоқ, әлі оқи тұрайын» деп жауап қаттым. «Мамандығыңыз кім?» — деді сөзін жалғастыра. «Журналист». Таксист:«Ммм, Бәсе». Ол сөзін түсінбестен «Бәсе» дегеніңізді қалай түсінсем болад екен?.." дедім сыпайылап… «Журналистер көп сөйлейді, жігіттер қорқады ғой ондай адамдардан»,- дейді. Үндемедім… Ол кісінің айтқаның мойындағым келмеді. Бәлкім, таксистті айтысып жеңе де алмас едім сол кезде. Журналист Маған қарағанда ол көп сөйлейді. Терезеге қарасам үйге де таяп қалыппын. Содан жауап қатпастан жай жымия салдым. Қазір ойыма түсіп кеткені. Әлде, расымен, солай шығар,ә?

5 пікір

Kan
бір таксистің пікіріне бола жалпыны солай ойдайды деп айыптау дұрыс емес. тек тұрмысқа шықпай жүргеніңіздің дұрыс еместігін әдеме жеткізгісі келген ғой. Жігіттерді арасында қызды журналыс екен, мұғалім екен деп алалау жоқ. тек сұлу, сұлу емес немесе байдың қызды, дөкейдің қызы деп алалау бары рас енді. ащы шындығы осы
ulzhankzz
Бәлкім, солай да шығар…
maulen
Бізден қорқады ғой, себебі қоғамдық пікірді туғызушы дәнекер біз емеспіз бе?!
AbylaiEsimbai
Журналист қыздар жайлы халық арасында нашар көзқарас қалыптасып кеткен.
ulzhankzz
Иә, мен де сол оймен жазған едім осы жазбаны… Қоғамда журналистика туралы көзқарас мұлде басқаша… тіпті, көбісі түсінеді де бермейді. Журналистпін десең, "қай Телеарнада істейсің" деп сұрайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.