Әйел мен Еркектің айырмашылығы - СІЗДІҢ НҰСҚАҢЫЗ...)

Өз ойым /
Қалай бастасам екен? Анда плитадағы тамақтың алаңдатып тұрғаны… Ойымды жинақтай алмай жатырмын))) Қысқасы, нәзік жандыларға «Неге түсінбейсің? Ақымақсың ба, неге олай жасайсың? Ой, мынауың..» деп айтпас бұрын бір нәрсені білу керек. Олардың дене бітімі бізге қатты ұқсағанмен, ойлау алгоритмі, әдіс-тәсілдері біздікінен мүлдем өзгеше, тіпті қарама-қарсы десе де болады. Бірақ Жаратушының шексіз құдыретімен осы екі қарама-қарсылық біріксе ғана бүтін болады екен. "-" пен "+" тартылады екен. Тағысын тағысы. Мұныммен бір жаңалық ашып жатқаным жоқ. Қаншама психолог ғалымдар еркек пен әйелдің өзгешелігін баяғыда дәлелдеп тастаған. Сонымен, мораль сол — кішкене балаға кішкентай болған соң ұрыспайтыны секілді, еркектер мен әйелдер жаратылысы өзгеше болған үшін де бір-біріне сабыр етіп, зор түсініспеншілік таныту керек деп ойлаймын.
Төменде, жоғарыда айтылған тұжырымға өз өмірімнен алынған мысалдар:

1. Жана ғана бір ескі танысым өзінің 15 мин жуынып, 15 мин шай ішіп, 30(отыыыз!) мин киінетінін айтып жатыр. Түсінсем бұйырмасын))) Білмеймін, асыққанда 2 минутта-ақ көшеге шығып кете бересің ғой кейде)

2. Бірде үйге жол түсіп, вокзалдан анашым күтіп алған еді. Сонда «жолай, мына жерден бір көйлек ала салайықшы» деген. Содан үйге кеш бата, әлі есімде, 8 сағаттан соң ғана жеттім) Көйлек+туфли, әкеме бір заттар, т.б. нәрселер сатып алынды. Кешке оларды киіп алып, залда «подьюмда» жүргенде диванда отырып, "қалай шаршамайды екен" деп таң қалумен болдым)))

3. Бірде группалас қыз анасына магазиннен сыйлық алуға шақырған еді. Әрине, төбедегі жағдайдан кейін оған сыпайы түрде «отказ» бердім. Кейін әңгіме арасында, 3-4 сағат көлемінде 1 шәйнек алғаны белгілі болды…

4. Сосын, байқасаңдар, программист қыздар жоқтың қасы. Себебі, олар ұзақ ой жұмысына шыдамайды.

5. Сосын, сосын… Жақсы, тамағым да пісіп қалған екен… Асханаға барып өз үлесімді қосып қайтайын… Сіздердің мысалдарыңызды күтемін...)

28 пікір

ereke_enu
Қыздардың біз туралы пікірі қандай екен?)))
MSHERIMBEK
Бүгін не шеккеніңді мен сұрамайын, сен айтпа:))))
ereke_enu
))) Бұл шекпеген кезім)
Yasin
мынау шекпеген кезің болса шеккен кезің қандай болады?
ereke_enu
Қой, шеккені құрсын)))
MSHERIMBEK
Бір рет бір досыммен 3 сағаттық әңгімеміздің барысында подругасын мақтап бастап, жамандап аяқтаған еді:)
mairosh
Ер адамда қандай қате болса әйел адамдарда да сондай қате түсінбеушіліктер болады. Жалпы мен ер азаматтарды жамандағым келмейді. Бірақ сіздер сияқтыларға менің таңым бар.
ereke_enu
Дұрыс түсінбей қалдыңыздар ау дим шамасы. Постта біреуді жамандау үшін емес, тек күнделікті тұрмыста әйел мен еркектер арасындағы болып жататын конфликттер, айырмашылықтар жайлы ғана жазу болған)))
mairosh
""«Сосын, байқасаңдар, программист қыздар жоқтың қасы. Себебі, олар ұзақ ой жұмысына шыдамайды.»"" деген сөзіңізге мен келесе алмаймын.
ereke_enu
Соған қарағанда сіз шыдай алатын болып тұрсыз ғой))) Әлемдегі ең сұлу қыздар қазақтарда, соның ішінде Қызылордада деуші едім… Тағы бір дәлел)
mairosh
Батыс Шығыс не Солтүстік Оң түстік бәрі бір емес пе
Қайткенмен бәріміз бірге өстік
Қолымызда бір ту қыздың бәрі де сұлу
Басқа қала басқа ру, бірақ қаздарымыз сұлу деп Жақау мен Бико бекер айтпаған ғой. ))))
ereke_enu
Жақау, Бико деген кімдер?)
followme_alik
Қазақ рэйперлері.
mairosh
))) атақты ақындар ғой. не танымайсын ба? десен я)) Қалжын))))) Қазақ рэпірлері ғой. Мен солай таним басқалай танымасамда )
ereke_enu
Рэй-пері ма, пірі ма? Танымадым. Жас ұлғайған сайын ондайларға қызығушылық төмендей береді да)
mairosh
Қалай ойласаңыз өзіңіз біліңіз. менің бар білгенім осы))))тақырыптан ауытқамай осымен қояйқ. )))))))
followme_alik
Тағы Рэпер — «Й» жоқ… тыңдауға жағымдырақ деп қолданам.Ал пірі-пері бәрібір. Елдер кідәй-әу деп жатқанда, бұл да «катит»… Жас ұлғайған сайын...---- Мудрый-лардың сөзі.)
followme_alik
Тағы айырмашылықтар:




осымен шектелейін...))))
mairosh
керемет ))))))) дұрыс дұрыс +1
akil_kalta01
followme_alik. Керемет мысал. Екі жақтағы кемшіліктер «баланста» болуға көмектеседі. Жарайсың!!! Осындай мысалдардан болса кәнекей :)
VVVWWW
Менің дос кызым кеше телефонымен 5-6 минут-ақ сөйлесті де қоя салт, кім екен десем номерден қаталесіп кетіпті деееп қарат тұр
calendula
Шындығында айырмашылықтарды онша көре алмадым. Нақтылап жазсаңыз болатын еді.
Бірде үйге жол түсіп, вокзалдан анашым күтіп алған еді. Сонда «жолай, мына жерден бір көйлек ала салайықшы» деген. Содан үйге кеш бата, әлі есімде, 8 сағаттан соң ғана жеттім) Көйлек+туфли, әкеме бір заттар, т.б. нәрселер сатып алынды. Кешке оларды киіп алып, залда «подьюмда» жүргенде диванда отырып, "қалай шаршамайды екен" деп таң қалумен болдым)))

Енді еркектердің содай жағдайда не істейтінін жазуға болар еді. Тек біржақты ғана, қыздар жайлы да, еркек деген тақырыпта болғанымен постта ол туралы көре алмадым.
ereke_enu
Киім алу үшін көп болса, 1-2 сағат жұмсайсың да) 8 сағатта үйіңе жиһаз алып, орнатып үлгермейсің бе))
ereke_enu
Бізде прачешная жасамай қалып, бір қалалық группалас қызға «киімдерімді жуып бере қойш» деп өтініп едім. «Ты что? Қалай ұялмайсың? бла бла» деп ұрсып берген. Түсінбей қалдым, шыны керек. Онда тұрған не бар???))
calendula
Ха! Мен де жумас едім мысалға!
ereke_enu
Түсінбеймін. Киімді КМЖ-ға сала салғанда тұрғанда не бар?
ereke_enu
осы постты да қосып қоя салдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.