Шіріген сөздер

Өз ойым /
Шірігенскийдің шіріген сөздері
«Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағалы жас тайлақ
Жардай атан болған жер» — деп,Қазтуған жырау жырлағандай,өз ата-қонысын ұмытып, су ішкен құдығына түкіріп отырған Шірігенскийге сай-сүйегін сықырлатып, аузына құм толтыртар адам бар ма? Аузына келгенді оттай беретін Жириктің сөзіне Нұрекең «пық» демегесін, бізден не қайыр? Сонда да біздің намыс Шірігенскийдің шіріген сөздеріне дес берер емес…
Бұл не? Жай ғана сандырақ па? Жоқ! Бұл – Жириновскийдің қазақтардың өз тілдері,өз мекені жоқ екенін бетіне басып айтуы. «Темірді қызған кезінде соқ» дейді,қаншама рет темірін емес найзасын сұғынса да,қазақтарың жауап қайтарар емес. Шірігенскийдің бұл былапыт сөздеріне кім жауап береді? «Жындымен жынды боласыңдарма?» деп қойып, отырған орындарында отыр… Біздің қазекеңдер отыра берсін, ал Шірігенің жын-көбігін шашсын…
«Жел тұрмаса, шөптің басы жыбырламайды» деген сөз бар. Егер де қазақ қазақтығын көрсетіп,өзгелер «біз» сияқты боламыз деп талпынып жатса, ондай сөздер де болмас еді… Қазақ тілі жоқ деді, рас айтады, біздің еліміздің тұрғындарының көпшілігі негізінде орыс тілінде сөйлейді, Назарбаев айтқандай «бәріне түсінікті тілде». Назарбаев өз елінде ғана емес, Ресейге барғанда да қазақ тілінде сөйлеуі керек. Таңқаларлық жағдай,қазақ саны өскен сайын, орысша сөйлейтіндердің қаралары көбеюде, ал қазақ мектептері көп ашыла бастаған еді, бірақ жоғары оқу орындарында орысша оқитын қазақ қаптап жүр…
Кешегі теңге мәселесі… Туғандарына кредитті беріп алып, артын жабу үшін теңге бағасын көтеріп, халықтың алдын ашты…
Ал,әкімдеріміз ше? Демеушілерден түскен қаражаттарды өз қалтарына салып алып, нағашысының үйіне барғандай шет елге қаша салады…
Осының бәрі қазаққа жағылған күйе болмағанда, енді не? Арандаған ауыздарын жаптырар ешкімнің болмағаны ма? Соншалықты сорлы ел екенімізді қашанғы өзгелердің аузынан естіп жүрмекпіз?..

1 пікір

yesbolat83
Шірігенский деп тауып айтыпсың, бауырым. Өте орынды қозғалған мәселе.
Бұндай тамаша постқа коммент жазылмағанына таңмын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.