Мені жалықтырған, өте жалықтырған сұхбаттар

Өз ойым /
— Әкетті… Әкетті!.. Ойбай Мәдиянды әкетті!
– Аттан!.. Аттан! Атқа! Атқа мініңдер!.. Қуыңдар! Жібермеңдер!
Қажығұмар Шабданұлы, "Қылмыс" романы, «ТУҒАН АПАН»
3 күн алдын оқыған едім, сюжет кәдімгідей көз алдымнан жүгіріп өтті. Бірақ айтқалы жатқан нәрсем бұл емес. Бүгін жалпы қазақ интернетінде, телеарна, баспасөздерінде алынып жататын сұхбаттар жөнінде айта кетейін.
Кеше бір досым бір атақты азаматтан сұхбат алмақшы екенін айтты. Ойланып кеттім. Соңғы 4 жылда қазақ ақпарат кеңістігінде көңілге қонымды сұхбатты өте аз оқыдым немесе көрдім десем қателеспеймін. Қай жерден оқысаң да қойылатын стантартты шаблон сұрақтары бар. Мәселен:
I. Әншілерден алынатын сұхбат шаблондары
1) Туған жеріңіз, отбасыңыз туралы айта кетсеңіз
2) Әнге құмарлығыңыз қанша жастан басталды?
3) Қазақ қыздарының қандай болғанын қалайсыз? (болашақ жарыңыз, қызыңыз)
4) Қазақстандың шоу бизнес қандай дәрежеде?
5) Алдағы жоспарларыңыз?
6) «Паленшенің» оқырмандарына (тыңдарман, көрермен) тілегіңіз

II. Спортшылардан алынатын сұхбат шаблондары
1) Туған жеріңіз, отбасыңыз туралы айта кетсеңіз (бұл бәрінде)
2) Спортқа қызығушылығыңыз қанша жасыңыздан басталды? (кім баулыды)
3) Қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын қалай бағалайсыз
4) Қазақстанда жастардың спортпен айналысуына толық жағдай жасалған ба?
5) Шәкірттеріңіз бар ма? (біртүрлі сұрақ)
6) Жоспарларыңыз
7) «Паленшенің» оқырмандарына (тыңдарман, көрермен) тілегіңіз

III. Шығармашылық адамдарынан алынатын сұхбат шаблондары
1) Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз (!)
2) Жалпы поэзияға/прозаға құштарлығыңыз қашан басталды?
3) Қазіргі жастар туралы ойыңыз?
4) Жастардың санасындағы ұлттық патриотизмді арттыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
5) Жастардың шығармашылыққа құмарлығын қалай бағалайтын едіңіз?
6) Алдағы уақытта қандай жаңалық күтеміз? (жаңа кітап анау мынау)
7) «Паленшенің» және өз оқырмандарыңызға (тыңдарман, көрермен) тілегіңіз

Бітеді осымен! Құдай біледі, 10 жылдан бері осы форма өзгермеген шығар! Шынымды айтсам жалығып кетем. Мейрамбек, Сәкендердің биографиясын жатқа айтып беретін уақыт болды ғой. Қазақ жастарының «бұзылып» бара жатқанын, ұлттық құндылықтарымыз "құрып" бара жатқанын ести ести құлақтан кеттік. Жаңағы сұхбат беріп жатқандардың қоғамдық көзқарастарын сұрап, басқа қырынан ашуға неге талпынбайды екен осы ақпарат өкілдері?! Larry King деген еврей кісі бар. Оның Larry King Live бағдарламасы CNN каналында 25 жыл бойы ең үздік болып келді. Қазір Larry быратанның денсаулығына байланысты тоқтатылды. Мына жақта Путиннен алған қызықты сұхбаты бар. Жалықпай көріп қана қоймай, тағы да қайталап көруге болады. Осыны нағыз сұхбат деп айта аламын. Уақыт болса көріп шығуға болады.

Ошм, айтқым келгені әжемнің былтырғы мәсісін жамай бермей, жан-жақты, адамды жалықтырмайтын дені дұрыс сұхбаттар болса екен:)

P.S. Далада жаңбыр басталды. Шымкенттің күзін есіме түсіріп отыр.

12 пікір

Korkem
Атқандарың рас-ақ, десем де келіскім келмейді. Неге десең, қай саладағы адамнан сұқбат алса да сол сұқбат алушыға табынушы (ұнатушы, сүюші, жақсы көруші, т.б) үшін сұрақтарды былай қойып, ол аузын «А» деп ашққанының өзі қызық қой..))

Пы/сы: Шымкентке көктем келе жатыр, КӨКТЕЕЕЕЕМ!!!
MSHERIMBEK
Сені мысалға оның жеке өмірінен басқа жеке танымдық көрқарастары қызықтырмайды ма?
Korkem
Жеке танымдық көзқарастар? Мысалы, қай жағынан? Қызықтырады, егер мен қызықтырған жағдайлармен сәйкес келіп жатса…
agatay
Путинді көру керек екен үйге барғасын
Erkerai
Ия, қайталана беретін осы сұрақтар, 2-3 әншіден айналдырып сұрай берелі, сұрай береді.
Пы.сы: Шымкентте қар.
Algadai
Жанылай! Меніңше оның себебі аталмыш басылымдардағы жорналшылардың кәсіби маман болмауынан. Сен айтқандай сұхбат алушы көп жағдайда кейіпкердің жетегінде кетеді де, өзінің ондағы жетекшілік рөлін ұмытып кетеді. Өйткені журналист сұхбатқа дайын емес.
MSHERIMBEK
Жаңылай?:)))
AKA
Муахахаха :))) өлтірді!
AKA
Ох, мынау жақсы болды, мен сұхбатқа сұрақтар жинап жүр едім. Енді қандай ұсыныстарыңыз бар, студияға әкелсеңіз?
konvict
Өте-мөте дұрыс айтасың сақалы қара жігіт. Одан кейін бар ғо, сұхбат алып отырған адамының мамандығына сәйкес емес сұрақтар қоятыны жынды ұстатады. Мысалы, депудат, әнші, спортшыдан дін туралы сұрайды. Бір қой, білімі жоқ адам не деп жауап берсін. Сол секілді әншіден қазіргі экономикалық жағдайын сұрайды. Қойыма керек бұл? Қазақ жастарын қайтсек жақсартамыз деп сұрайды. Кім ақымақ көрініп, мен білмедім деп жауап береді? Бәрі білгішсініп жауап береді. Очм, шынында кей сұрақтар құсқыңды келтіреді
MSHERIMBEK
Мәә, бұларың Винокуровқа қашаннан бастап намазға жығылдыңыз немесе Исламға келуіңізге не түрткі болды деп қойып жіберуден де тайынбайды:)))))))))
zilola
Егер мен атақты болып кетіп, менен сұхбат алып жатсаң "құрылысшыға арналған сұхбат шаблоны" жоқ па? Тез дайындаңдар, атақты болайын деп жатырмын )))

ПС: Бізде Жаңатаста қар борап жауып, бағана қар күрегенімді айтпасам болмайын деп тұр :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.