Он үште отау иесі немесе бағы байланған ғұмырлар...

Өз ойым /
Өрімдей ұл мен қыз бір-біріне үйленіпті деген хабарға етіміз үйренгелі біраз жылдың жүзі болды. Бұл тұрмақ он үш жасар қыздың аяғы ауыр боп қапты деген ақпарларда бізді таң қалдырмайды. Өйткені осы жайттар көзімізбен көріп отырған айналадағы тірліктердің біріне айналғалы қашан? Ертеде бабаларымыз «Он үште – отау иесі» деп айтып кеткен. Дегенменен, біздің санамызда «бірақ...» деген түсінік қалыптасады. Уыздай жас балалар байқамай қателесіп, от басқан екен, үйленсе үйленсін дей саламыз. Алайда олардың кейіңгі өмірін ұмытып кетіп жататын жайымыз бар. Енді оңы мен солын танып келе жатқан жас буындар — достарынан, қызықты балалық шақтан айырылып қалса, кейін өмірлерін өкінішпен өткізеді. Мектеп пен қоршаған ортасынан тәрбие көрмеген бала қандай әке, қандай ана болмақ? Олардың мектеп бітіріп, ЖОО оқып, жұмыс жасап, аяққа тұрып кетуіне дейін ата-анаға зіл батпандай жүк түседі. Ес жинап, ел танығасын өмірлерінің жарасымды болуына, дәм-тұздары бітпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. 2011 жылы 15 пен 19 жас аралығындағы 22 мың 21 қыз бала жүкті болған. Оның 44 пайыздан астамы яки 12363-сі босанса, 9719-ы жасанды түсік жасатқан. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келе жатыр дейді мамандар. Осылай бәйшешек ғұмырлардың тамыры ерте шабылуына не түрткі боп отыр деген ой тағы да жанымызды мазалайды.

Бесіктен белі шықпаған балғындардың қате жолға түсуіне ең бірінші себеп – тәрбие боп тұр. Тәрбиеге арналған төрт құралды тиімді пайдалана білу керек. Он үште отау иесі боламын деп, мәңгіге бағы байланған ғұмырлар күрт көбейіп кетпесе екен.
Алғашқы ақпарат көзі!

2 пікір

Ai_fariza
Каламын каркынын токтатпасын.
Ai_fariza
Каламын каркынын токтатпасын. Жаза бер, жаза бер. Елимнин ертенги болашагы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.