Сағыныш жырлар

Өз ойым /
Сағыныш жырлар

Сыртым бар бүтін, ішімде жарам,
Түн қараңғылық, қолымда қалам.
Өкпелеп өмір, өзіме төнді,
Кінәлі шығармын абайламаған.

Өзгеше өлең. Өзгеше шабыт!
Жырлағым келді өзгеше бақыт!
Жаза алмадым, мұңға орандым,
Жеңдің бе, тағы сағыныш жақұт?

Маржан сөз теріп, серпілгім келді,
Тұсаулап алдың, еркімді мені.
Сағыныш күндер, сағыныш жырлар
Өзіңнен алыстап кеткім келеді.

Іздемей жүрсем, сол бір шақтарды,
Сыр сандық келіп, қайта ақтарды.
Көктем келгенде тағы сағыныш,
Шығарып тұрмын, қысқы ақпанды.

Сағыныш сенен алыстағанмен,
Жақсы өлең жазып, жарытпаған ем,
Өлеңдерімнің ерекшелгі,
Сағыныш екен, жарықта жүрген.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.