Бақыт деген не?

Өз ойым /
Өз ойым: Бақыт деген не?
Бақыт деген не?
Мен үшін нағыз бақыт балалық шақ деп айтар едім. Не жеймін, не ішемін, не киемін демейсің, ата-анаң жас, бүкіл жағдайың жасалған, уайым-қайғың жоқ. Ата-әжеңнің баласы болудың өзі қандай мәртебе,қандай бақыт десеңізші. Сол әжесінің баласы болғандардың бірі менмін. Өз атам мен нағашы атамды көрмесемде, екі әжемді көрдім. Күнде кеш бата ата-анамның ортасында жатсамда, көңілім бұзылып, Анашым: Шәй ішесіңбе, су ішесіңбе?-десе, мен: жок-деп жауап беріп, -Әжеңнің қасына жатасын ба?-десе, Мен: Иә деп анамның рұқсатын алып шапқылап,қуана жөнеліппін. Не деген алтыннанда қымбат балғын шақ десеңізші. Ол кезде менің жасым шамамен 4жастан асқан кез екен. Кейін мектеп табалдырығын аттап, білім алуға талаптандық. Балғын шақ, апайлардың кейбір сабағын оқып, кейбір сабағы ақпа құлақтың мына жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін ерке болып өстік, ойын баласы болып жалаңаяқ шыбықты ат қылып шапқылап табан тоздырдық,құмға аунап, көлге шомылып өстік. Көзді ашып-жұмғанша мектеп түлектері атанып,әр бозбала мен бойжеткен өз арманын,өз өмір жолдарымен жан-жаққа кете бардық. Кейде сол балғын, кірқожалақ достарды,қайта оралмас бақытқа толы балалық шақты сағынасың, көзге ыршып ыстық жас та келеді. Ех өмір-ай, барлық қазынаны салсам, марқұм ата-әжелерімді, ата-анамның жастық шақтарын, бақытты балалық шағымды алыс сағым арасынаң маған қайтара аласың ба? Әттең!!!

8 пікір

ai85
Өзіме сын да,қателігімді түзеу болсын: меннен сірә жазушы немесе балалықты суреттеу шықпайды екен,өзім жазып алып,ұялып отырмын, тұнған қате, бұл жазбам Әттең сөзімен аяқталу керек болатын. Оқырман қауымнан кешірім сұраймын! Өзімше балалық шаққа саяхат жасап, «Сәби болғым келеді, сәби болғым...»- дегендей, балалық шағыма деген сағынышыммен бөліскім келген,қобалжудан мынандай қателікке орын алдырдым)))
yesbolat83
Жоқ бауырым, пікір қалдырылмаған пост ол ұнамаған немесе оқырман тарапынан көңілдің бөлінбегені емес. Кез келген адамның кез келген жазбасы, соның ішінде аз ғана сөзінің өзі келесі адамға үлкен оң жақты өзгеріс алып келуі әбден мүмкін.
Жеке өз басым сіздің бұл жазбаңызды оқып балалық шағыма саяхат жасап келгендей әсерде болған едім оқыған сәтімде. Балдәурен шағын жиі аңсап артта қалғанмын деп өзімді жегідей жейтін орынсыз пиғылымнан арылғандай болдым, өзгелердің де басындағы жәйт екендігіне көз жеткізіп.
Жаза түсіңіз! Сіздің тамаша жазбаларыңызды оқи түсейік.
ai85
Рахмет,әу демейтін қазақ жоқ-дегендей тырысармыз ағасы!
Jako
Еске, мында jakoblog.kz бір соғып кетші.
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Өз балалық шағымды көргендей болдым. Иә, нағыз бақыт балалық шақ-ау, ойлап тұрсаң оған ешнәрсе жетпейді.
ulzhankzz
Бақыт дегенді әркім өз санасында түрліше қорытады. Балалық шақтағы бақыт, жастыққайта оралмағанын түсінген сайын тым қымбат болып көрінеді… Сіздің мына жазған жазбаңыздағы ойды бәрі де ойлаған шығар:)) Көркем демесек те шын көңіліңізден шыққан сөздер болғандықтан оқырманға әсері бар. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді деген болар.
Қызықты жазбаларыңыз көп болсын!
ai85
Рахмет тілегіңізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.