Бақыттың кілті - "ой"

Өз ойым /
Дұрыс ойлана білейік

Туылдық, өмір сүрдік, өмірден өттік! Бұл жалғанның мақсаты сол ма? әлде мәні мен сәні тоғысқан бақытты ғұмыр кешу ме? Әрбір адамның озінің өзге тіршілік иесінен айырмашылығы ой, санасында екенін біле бермейді, білсе де сол ойын дұрыс пайдалана алмайды. Олай дейтінім мен адамдарда жиі «мен бақытсызбын» деген сөзін естимін. Бақыт деген не? Әркім әрқалай түсінеді. Сол өз түсінігіндегі бақытқа қолы жеткнде өзін бақытсыз сезінеді. Себебі бақыт дегеніміз материалдық жағдаймен мүлдем байланысты емес. Өзімізге жасап көрейік. 1 немесе 2 минут қозімізді ақырын ғана жұмып Өзіңізге жағымды естеліктерді көз алдыңыздан өткізіңіз. Енді көзіңізді ашып бойыңызды қандай сезім кернегенін сезініңіз. Қуанышты сезімдесіз деген ойдамын! :). Бақытсыздғымыздың бірден бір себебі ойды пайдаланбау. Ойланып көріңізші дәл қазіргі уақытқа дейін қаншама қиыншылықтардан немесе кедергілерден өтіп жатырмыз ал біз сол кедергілерді өзіміз жеңдікпе әлде тағдырымыз бізге бүгінгі күнге жетуге мүмкіндік берді ме? Осыларда ойлана келе біз өзіміздің жолы болғыш бақытты жан екенімізді білеміз. Аятпағым «Бақыттың кілті — ой!!! Жалғаушысы — шүкіршілік!!!»

35 пікір

akil_kalta01
Өздеріңіздің ойларыңызбен бөлісіңіздер!!! Алдын ала алғысым бар :)
Madi
Иа, дұрыс айтасыз.Жақсы ой ойласақ, жақсы істер күтеді.Бірақ, құр ойлана бергеннен түк пайда жоқ.Ең бастысы біздің іс-әрекет, иа.Солай емес пе.
akil_kalta01
Oner_adamy өте орынды айттыңыз! Әрекет әрқашанда керек, себебі өмірдің өзі "қозғалыс", түсіне білген адамға әрекет етіп жүргеннің өзі улкен бақыт.
ereke_enu
Осыларда ойлана келе біз өзіміздің жолы болғыш бақытты жан екенімізді білеміз.
Менің ғана жолым болғыш па десем, бәріміз сондай екенбіз ғо)))
akil_kalta01
ereke_enu дәл қазіргі уақытқа дейн өмір сүріп келуіміздің өзі біздің жолымыздың болғандығы!
ereke_enu
Ой демекші, философ болып кетіп жүрмеңдер))) Универде философ болғанда бір «ярый философ» ағай болушы еді. Жамаан аяйым ше… «Аққу»-лардан бетер қуатын олың)))
mairosh
Шынымен ойланатын жағдай екен. Құдайға шүкір қанша қиын сыннан өтсемде ешқашан өзімді бақытсыз сезінбеппін. Өмір болғаннан кейін ақ пен қара бірдей ғой. Адам жақсы жақты тез ұмытатта қиын сәті біраз уақыт ұмытылмай жүреді
akil_kalta01
Майрош шынымды айтсам сөздерің ұнай бастады!!! Не деген ақылды едің!!! Сенімен бір бетпе-бет жүздесіп ангіме дүкен құрғым келіп тұрғаны :)))
qyrmyzy
хмм, Майрош 22нен кейін келеді, бұйыртса
akil_kalta01
Охо qyrmyzy Майроштың 22-нен кейін келетіндігінен хабардар еткеніңе рехмет!!! Майрош екеуміз әнгіме дүкен құрар болсақ сол дүкенге сені де шақырамын! :)
qyrmyzy
қолым тисе, келемін ғо әбизөк, біз ол кезде блоқұрылтайда нетіп жүрген боламыз, Алла жазса
qyrmyzy
былай Майроштың нелері бар, сатам
akil_kalta01
qyrmyzy адамды біраз қызықтырып тастадың ғой! Ендеше блоқұрылтайда сәттілік!!! Ұшқыр ойлы, тәтті сөзді бола біл! :)
qyrmyzy
Раахмет))))
хмм, Майрош екеуің онлайн қарап отыратын боласыңдар, бұйыртса!
Ұшқыр ойлы, тәтті сөзді бола біл! :)
аталарды елестеттің
akil_kalta01
Мені дайын ата десеңші! :)) Аталарды елестеткеніме қуаныштымын себебі оларды интернетте қездестіру өте сирек. Ең болмағанда оларды елестетіп отырайық :))))
mairosh
әәәәәә Қырмызы қойсай ялта бермей. ты шооо сатам деп.
qyrmyzy
ық ық, тұра тұрсаңшы, бөлісеміз ғой
mairosh
хихихи мені ма?.. Түш үндеме дисіз ғо.
qyrmyzy
ақшаны бөлісемін деймін,
mairosh
яяя түшшшшшшшшшшш))))))))
mairosh
Ұылып қалдым 22 бұрын келгеніме Рахмет ойымды қолдағаныңызға.
akil_kalta01
mairosh кімнен неден ұтылып қалдың! Сен чета Айтабер.кз-те көп отырмайсың ба?
Jakss
Иә келісетін жерлері де бар екен, зулап жаткан өмірді де бір сәтке тоқтатсаң, ойлансаң бақыттың дәмін сезесің деген ойдамын.
AL-ASTER
Мақала жақсы екен. Сөзден сөз шығад.
Мына экспериментті барлығы көрген болар: екі стақанға су құйып, екеуіне бірдей өсімдік отырғызады. Екеуіне екі түрлі қарайды: біріншісіне жылы сөз айтып, жақсы көңіл күймен, екіншісіне балағат сөз айтып, жаман эмоциямен қатынасады. Нәтижесінде, бірінші стақандағы өсімдік құлпырып әдемі өседі, екіншісі солып нашар болып қалады. Негізінде, бұл судың қасиеті. Себебі, судың құрамы химиялықтан бөлек энергиялық қасиетке ие. Адам санасынан шыққан энергияны су өзіне жұтады.

Адам денесінің 70-80 %-ы судан тұрады, ал кішкентай балада ол 90 %-ға дейін жетеді екен. Сонда, адамға басқа адамдардың бір-біріне жылы қабақ танытып араласқаны дұрыс сияқты.
Адамның өз ойы, өз өмірін қалыптастырады. ©?
Кейін, мына видео еріксіз еске түседі екен:

akil_kalta01
Астаналық бауырым AL-ASTER өте орынды сөз қозғадың! Сенімен толықтай келісемін және өз айтқандарыңды өмірде қолдануыңа тілектеспін!!! :)))
qyrmyzy
на секретті көргем, қайта-қайта көргім келе береді
KILYZAMAN
Бақытсыздғымыздың бірден бір себебі ойды пайдаланбау.
Ойдың жаманымен жақсысы қатар жүрмейме?
akil_kalta01
Сіздің пікіріңізге сәйкес мына оқиғаны баяндағанды жөн көрдім.
Бір ақсақалдың 2 бірдей иті болыпты. Бірінің түсі ақ, ал екіншісі қара.
Сосын оның тәп-тәтті немересі болды. Бүр күні немересі атасынан неге осы 2 бірдей (түстері әртүрлі) итті асырағандығын сұрағанда атасы екеуін төбелестіріп ғибрат алатындығын айтады. Сонда немересі қай итіңіз (ақ па қара ма)көбірек жеңеді дейді. Атасы күлімсіреп мен кімге көп тамақ берсем сол жеңеді дейді.
Р.С: Біз сол секілді жақсы не жаман ойымызға өзіміз тосқауыл боламыз. Жақсы ой жеңімпаз болсын десек жақсы сөз айтып, жақсы (мәдениетті) ортада көп болуымыз керек!!! :)))
KILYZAMAN
Жаман жоқ болған жағдайда, жақсының не екенін білмей кететін шығармыз ;-)
akil_kalta01
Әрие ол біздің ақ пен қараны ажыратуымызға көмектеседі. Ақпен қараның араласып келуі дегеніміз ол ӨМІР
Jako
Осы «Бақыт»-туралы мен де көп толғанамын, бірақ түбіне жете алмадым. Негізі бақыт деген үміт па деймін.
AL-ASTER
аға, жоғарыдағы видео сізді күтіп тұр
Jako
Рахмет, өмір деген кино емес сондықтан видеоға онша түсіне қоймадым, бірақ маған біраз шимай жазуға түрткі болды.
akil_kalta01
Jako сіздің «Бақыт» туралы ой бөліскеніңізді көрдім. Ойландырарлықтай сөздер айтылған екен керемет! Алайда бақыттың не екенін іздеуді тоқтатпаңыз дегеннен басқа айтар ұсынысым жоқ! Не іздесеңіз соған жолығасыз мен соған сенмін!!! :)))
Jako
Рахмет, мүмкін бақыттың өзі соны талмай іздеу шығар.
akil_kalta01
Иә осылай осылай (ізденіс арқамында)жынайы бақытқа жетенін шығармыз :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.