Біреудің есігін қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер

Өз ойым /
Әз Жәнібектің қырық уәзірі ханға: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен, әйел біткеннің сұлуы екен», — деп мақтап, есіріп сөйлеп келеді.
Сонымен бір күні аңға шыққанда ханның лашын құсы қашып кетіп, Жиреншенің үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі ұстап алып түлетіп желпінтіп қояды. Оны естіп, құсын алуға өзі барады. Жиренше үйде жоқ екен, әйелі бүргкеніп шығып, ханға құсын алып береді. Хан қараса, құсқа томаға тігіп кигізіп, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастарып қойған екен. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрегн-білген жан жоқ екен, жеңдерімен ұстап, «жұмсақ жүн» деп құстың аяғына уақтың бауын тағады екен. Ұшқанда онысы бір құлаш болып шұбатылып аяғына оратылы жүреді екен. Сондақтан хан не құсына, не әйелге қарарын білмей, атынан ауып түсіп қала жаздайды.
— Біз бүгін осында қонамыз, — дейді хан.
— Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, біраз күн араға салып айналып келіңіз. Кіріміз болса жуынып, қонақ жабдығын хал келгенше даярлап тұрайық. Және жігіт желеңмен келмеңіз, көп қонақ күтуге шамамыз келмейді, — дейді. Хан «оңаша келіңіз!» дегенге дәмелі болып, көңілі өсіп қайтады. Бірнеше күнен соң хан жалғыз келеді. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы тұр.
Ханды отырғызып қойып, әйел тамақ пісіруге кіріседі. Хан айналасына көз салса, барлығы да кестелі екен. Дастархан да, перде де, шымылдық пен орамал да. Бәріне де кестелеп жазылған «біреудің есігін қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер» деген сөзді оқиды. Ханың есіл дерті әйелдің етегінде, нәпсінің жетегінде болғандықтан бұл сөзге түсіне қоймайды.
Уәзірдің әйелі бір уақытта палау пісіріп әкеледі. Әр түсті ыдысқа салынған палауды әртүрлі тамақ деп ойлап қалса керек, бірінен соң біріне қол сала бастайды. Бәрінің де дәмі бірдей. Бұл қалай деп қайран қалады. «Тақсыр-ау, ыдыстың басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ», — дейді әйел. Ханмен біраз бірге отырып әзілі жарасқан соң: " Тақсыр, ас айныса не түзейді?" — дейді. Хан: «Май түзейді» — дейді. Әйел: «Май айныса, не түзейді?» — дейді. Хан: «Тұз түзейді», — деп жауап береді.
Жиреншенің жұбайы «Тұз айныса не түзейді?» — дейді. Хан жауап қайтара алмайды. Одан кейін әйел тағы да " халық айныса не түзейді?" деп төсесінен сұрақ қояды. Хан «халық айныса хан түзейді» — дейді. «Ал хан айныса, кім түзейді? — дейді, осыдан соң Жиреншенің жұбайы. Сонда хан бетінің терін сүрте береді. Ақырында айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан қайтып кетеді.

13 пікір

Korkem
рахмет)))) өзімнен де +1)))
AKA
Тамаша, Қарашаш — өте ақылды һәм тапқыр әйел.
Korkem
иәә, саған келеді...))
Sabions
Ханың есіл дерті әйелдің етегінде, нәпсінің жетегінде
дәмесінің зорын…
Jako
Ханға " Сен мұнда отырсың, өз отауыңда кім отырғанын қайдан білесің?"-деген ескерту болар.
Jako
Жақсы әңгіме екен.
KILYZAMAN
Айтабер.кз — атына заты сайма деймін өзі. Тыңдай бергім келеді, тыңдай бергім… Кейде, су миымда ұмыт болып, көмескіленген қымбат нәрселерім қайта жарқырап шыға келгеніне мәзбін — мен бейбақ :-(
Korkem
иә, үлкен рахмет сізге!!!
konvict
Потошоппен тебесің бе
Korkem
Абай мырза, ішіп алғанда нетіп неткеніңіз қалай? Бұл жерде фотошоптың не қатысы бар? Алкоголь зиян деп айттым ғой...))))
zhandaulet
Өте ғибратты әңгіме. Сөзге тоқтағанға не жетсін! Қазіргілер сөз қадірін білмейді ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.