"Екіліктің" (Двоечник) жолы болғыш па, әлде...

Өз ойым /

Адамдар көбінесе өмір сүруде қателесе ме деп коркамын!!! Нағыз өмір сүргің келе ме? Ендеше екіліктерше өмір сүр!!! :)). Таң қалып отырғандарыңыз орынды, алайда мен өз ойымды жеткізгеннен кейін сіздің де ойыңыздың өзгеретіндігіне сенімдімін. Ал онда жақсы оқыған баламен жаман оқыған баланы салыстырайық.
Жақсы оқотын баланы — Ж.Қ деп алайық.
Жаман оқитын баланы — Ж.ОҚ
Ж.Қ.: Сабақта тек апайына, тақтаға, кітапқа қарайды
Ж.ОҚ: Сабақта қасындағы досына қарайды, терезеге қарайды, қыздарға қарап отырады (ал қыздар жігіттерге қарап отырады)
Ж.Қ.: Үйге келе салысымен сабақта не болғанан айтады, сабаққа дайындалады, кішкенееееее ғана далаға шығып ойнайды.
Ж.ОҚ: Үйіне көшеде ойнап-ойнап кешігіп келеді, мамасынан немесе папасынан көшеде көрген өзі қызыққан нәрселерін сұрайды мамасынан не пасынан ұрыс естігнесоң ғана сұрағын тоқтатады. Ағасымен жағаласып комп ойнайды не телек көреді.
Ж.Қ.: Таңертең тұрысымен сабағын ойлайды, олимпиядаларға дайындалады, кітабын оқып отырады.
Ж.ОҚ: Таңертең кеш тұрады сабағына барады тез-тез достарынан ұй тапсырмасын көшіріп алады. Осы аралықта 1-2 қызбен ұрысып алады.
Енді өздеріңіз байқаңыз кім көп нәрсеге үйренді яғни кім өмірге бейім. Өз ойыңызды +1 қосу арқылы білдірсеңіз болады :)) Екіліктің жолы болғыш емес ол өмірге бейім. Жеңілісті қабылдай алады және тойтарыс береді!!!

12 пікір

AqSaqal
Tait, mynadai bogohulniy narselerdi jazudi dogart, durys zatty jazsanshy! Bilimsiz kor bolasyn shyragym, bilim alu kajet!
akil_kalta01
AqSaqal қалайсын? Осы сенің сақалың неге ағарды? Жан жағыңдағы адамдардың көңілін табамын деп ағарған жоқ па әйтеуір :)). Білім алу маңызды арине, алайда білімді өз қалаған жолыңмен алу оданда маңызды!!! Әрине бұл менің түсінігімде!!!
dimash
Ал болашақта ше? Жақсы оқыған бала түбі бір жерді тесіп шығад, ал жаман оқыған бала, ай қайдам, ондайлардың көтерілуі редкость ғой
akil_kalta01
Ай dimashай мықты адамсын гой :) міндетті түрде бір жерді тесіп шығу керек пе? Өмір сүру керек қой :)) Болашақты ойлай керек болашақты ойлап жургенде «нақ осы шақ» өтіп бара жатыр гой! Әттең көбісі соны сезінбейді ғой :)))
dimash
енді "қыстың қамын жазда ойла" дейтін қазақпыз ғой)) әлгі орыстың ертегісі есіме түсіп кетті ғой, қалай ед..«стрекоза и муравей» деген, осы шақта қызық қуамын деп не тапты? далада қалып қойған жоқ па?))
MSHERIMBEK
Айтылған нәрселердің біразі бір-біріне тән нәрселер екен.
Ойыңа келсек, дұрыс негізі, өмірдің формасын бірқалыпты елестетуге болмайды. Біздің адамдардың түсінігінде:
1) Баласы мектепті жақсы бітіруі керек
2) Баласы университетті жақсы бітіруі керек
3) Баласы жақсы жұмысқа тұруы керек
4) Баласы жақсы қызға үйленіп өз арбасын сүйреп кетуі керек.

Бірақ өмір осы заңдылықта емес қой.
1)Мен мектепті өте нашар оқыдым (бірақ білімсіз болдым дегені емес)
2)Университетті оқыған жоқпын (мамандығымдағы нәрселерді білмей қалдым емес)
3)Бірақ жақсы жұмысым бар (диплом сұраған жоқ ешкім)

Анығына келгенде адам сөйлей алуы керек және өзі істейтін салада білімді болуы керек.
Ал, жұмысқа ақшасыз кіргізбейді деп жүргендер тілі және білімі жоқтар деп ойлаймын. Өйткені, жақсы қарым-қатынас жасайтын және білетін адамға жұмыс қашанда табылады. Но, мектепте екіге оқу керек деген заң қоюға болмайды. Жақсы оқы, бірақ өзің жаман оқиды деп отырған адамның әрекеттерін жасауға ешкім кедергі емес.
akil_kalta01
QaraSaqal сөзіңнің жаны бар мен де осыны халқыма баяндағым келген. Ойымды жітілдіре түскенің жақсы болды. Өмірде саган біреудің баға қойғаны емес, өмірде өз орныңды таба білу маңызды!!!
akil_kalta01
QaraSaqal менің ойымды дөп басып айттың! Өмірде саған біреудің жақсы не жаман деп баға қойуы маңызды емес, Өз орныңды таба білу маңызды. Сондықтан өмірден сабақ алуды ұмыт қалдырған ағайынға осыны жеткізуді жөн көрдім
ereke_enu
Бала «шарить» етсе болды ғой, өз орнын табады кейін)))
mairosh
Жақсы оқыған бала міндетті түрде бәрін көріп үлгереді. Мейлі ка ол мектепте елден кеш қалсада кейін ол бәрін қуып жетіп алады. Ал жаман оқығандар жастайынан осылай өседі де кейін өкінеді егер әке көкелері болса өкінбес но болмаса точно өкінед оны ешкім жұмысқа алмайд
akil_kalta01
mairosh Иә келісемін дегенмен, тек біреудің айтқанымен жүретін болсаң сол адам жеткен жетістікке жетесің. Ал егер өмірде өз көзқарасың болса ол адамдардан да асып түсуің мүмкін ең болмағанда омірде өз көзқарасың қалады!!!
mairosh
Иә Дұрыс айтасыз. Қазіргі заманда тек көзі ашық адамдар ғана мұратына жетеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.