Әкең - асқар тауың

Өз ойым /
Үйге келсем әкем қайтыс болған екен, және оны мен келмей жатып бір жерге алып кеткен, қысқасы, енді көрмейді екенмін. «Ең соңғы рет сөйлесіп те үлгермедім-ау, соңғы рет бір қарамадым, көрмедім» деп қатты өкініп жатырмын. Жаман бишара халге түсіп кетіппін. Расында, ондай халде әлі болып көргенім жоқ. Алдында бір сыныптасым агентте «Асқар тауымнан айрылдым» деп жазып қойған еді, мен де солай жазсам ба, әлде тек жай ғана "әкемнен айрылдым" деп жазайын ба? Ей, өмір-ай, мен де әкемнен айрылдым ба сонымен? Үйде ешкім жоқ. Жұмыста секілді бәрі. Қазір түске таман көңіл айтып кісілер келе бастайды. Агентке жазсам, достарым да келуші еді ғой… Бақытыма орай, осы бір кезде оянып кеттім.

Не қуанарымды, не жыларымды білмей отырмын. Намаз оқып, дұғамды жасап қойдым. Жүрегім сәл де болса жай тапқандай. Әкеме хабарласуды ұмытып кете беретін едім. Қазірдің өзінде әне-міне звондаймын деп қол тигізбей жүргеніме бір-екі аптаның жүзі болып қалған шығар. Көбіне, анашыммен сөйлесем де қойып қоям. Әкем телефонның жанында «мені шақырады ма екен» деп тосып отырады екен. Неткен ақымақ едім…

Шынымен-ақ, ағам да, әкем де телефондарын көтермей жатыр. Анашым алды))) "Әкең ұйқтап жатыр" дейді, бірақ, ар жақтан гүрілдеген даусын да естідім))) Уфффф, шүкір…

Еркелік пе, әлде, ақымақтық па, кім білсін, кейде әкеме ашуланып жататын едім. Бетіне қарсы шығып көргем емес, тек іштей ғана. Қарап отсам, әкем болмаса, мен кіммін? Екі аяғым салбырап көктен түсе қойғандаймын. «Ер жігіт өспей ме, көкірек теспей ме» дей ма? Қою керек мұны.

Жастайыңнан бұзық болсаң, кейін тақуа болу, оған жетсең де сенімге кіру өте қиын)) Қанша ақыл тоқтатып, ер жетсем де анашым әлі күнге дейін менен күдіктенеді де жүреді. Інімнен "Әй, ана ағаң ештеңе бүлдіріп жүрген жоқ па?" деп сұрап қояды екен анда-санда. Әйел ғой деп қоя салғанмен, бәрібір кішкене болса да «обидно» да))) Айтайын дегенім, әкемнен ғана ондай әңгіме естімеппін. Сол үшін мың да бір рахмет. Қандай жағдай болмасын, бір ұрсып, көңілі қалып жатқаны есімде емес. Сабырлылық қой бұл. Мен ондай әке бола алмайтын шығармын. Үнемі өз ойын анық жеткізіп, дұрысын айтып отырады. «Мынау сенің қолың келмейді» дегенін естімедім, әйтеуір, әрқашан «Көр, жаса. Біз былай жасайтын ек» деп қолдап, алдыға тартып жатқаны.

Айта берсең, айтатын нәрсе көп. Әкемді енді ғана түсініп келем. Әке болу — оңай шаруа емес. Осы түс мені өз орныма қойып қойды. Бәлкім, бүгіннен бастап басқаша қатынаста болатын шығармын. Жігіттер жағы түсінгендер болады деп ойлаймын.

P.S: Әдетте, жаман түсті жария етпейді. Тек бір кісілерге пайдасы тиіп қалар деген үмітпен, қысқасы — өз ойым.

14 пікір

sirius
«Түс — түлкінің боғы» демей ме. Түсінде жаныңа жақын адамын қайтыс болса, өмірде ол адам ұзааақ өмір сүреді деген бар. Бүгін көрген түсіңізді жақсыға жорып, еш уайымға салынбаңыз! Алланың өзі сақтасын. Өзіңіз аржағынан гүрілдеген дауысын естідім дедіңіз, енді үйге барып өз көзіңізбен көріп қайтқаныңыз жөн дейм
Әкенің орны әрқашан да бөлек. Бала үшін ана — мейірімділігі мен жылулығын беретін аяулы жан болса, әке — оның қорғаны, асқар тауы, тірегі. Әкесіз жүрген, әкеге сағынышын айтып жүрген, жылап өксіп жүрген қаншама…
Алладан әке мен анамыздың аман саулығын тілеп жүрейк!
ereke_enu
Рахмет. Ретін тауып, міндетті түрде көктемде барып қайтармын.
ereke_enu
көктем түгіл жаз болды, эхххх, сағындым ауылды…
Korkem
Иә, sirius дұрыс айтады, әкеңіз ұзақ жасайтын болады екен. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білесің» деген қанатты сөз бар, бәлкім сізге үйлену керек шығар...)) +1 (әзілім)
ereke_enu
Үйленуге сәл ертерек болып тұр, құдай қаласа, 1-2 жылдан соң)))
AKA
Мамадес! Бірақ…
анашым әлі күнге дейін менен күдіктенеді де жүреді
Күдік емес, уайым дер ем… АНА баласын қашан да уайымдайды ғой. Анаңыз Сізге тек жақсылық тілейді, ештеңеге ұрынбай, адаспай жүргеніңізді қалайды. Ана үшін Сіз қашан да кішкентай сәбисіз.
ereke_enu
Ия, сол ғой. Уайым адамды қажытады. Бостан босқа шаршамаса екен деймін.
KILYZAMAN
Әкемді түсінбей, ісінген кездерім басыма келіп жүр :-(…
qyrmyzy
Атау, қайда жүрсіз? Сағындық қой!!! Түйіншегіңізді түйіп кетіп қалдыңыз ба?
ereke_enu
мен де осы кісі көрінбей кетті ғой деп ойлап едім
qyrmyzy
Иә, қайда екен...?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.