"Келинка Сабина" немесе жай ғана Сәбинаның ауылдағы келіндік өміріне саяхат

Өз ойым /
Көптен бері «Келинка Сабина» фильміне баруды жоспарлап жүрген ем, бір сәті болмай қойды, сөйтіп бүгін достармен сол фильмді тамашалап қайттық. 5 күннің ішінде 112 млн қаржы жинап үлгерген бұл фильм қазақстандық көрермендердің көңілінен шығып жатқаны өтірік емес. Әзіл-қалжыңға құрылса да, нағыз ауылдың шынайы өмірін аша білген. Қала кезіп үйреніп қалған жартылай қазақ қыздарына арналған фильм бе деп қалдым. Негізіде солай ғой)) Қыдырып жүрген сәтінде бір шахпен жолығып қалған Сәбина қалай алданғанын өзі де білмей қалады. Кезікке шах ауылдың қарапайым баласы болып шықты. «Жүгері» атты ауылдың келіні, ауыл тірлігінен мүлдем хабарсыз Сәбина бірнеше уақытта бәрін үйреніп-ақ шықты. Мүлдем қазақшаға шорқақ қыз қазақ тілін ауылда жақсы меңгеріп шығады. Сәбинаны осындай құрдымға түсірген өзінің туған әкесі болып шықты, бұлай жасауының да өзіндік себептері болса керек. Қалада жүріп, түнгі өмірдің қызығына тоймағандықтан әкесі жаман жолға түсіп кетер деген ниетпен ауылға солай келісіп жіберген. Фильм соңында ауылдағы отбасына әбден бауыр басып қалған Сәбина не де болса ауылға қайтуды жөн санайды. Осылайша фильм аяқталды.
Қызықты кадрлар өте көп, фильм әбден езуімізді жидырмай қойды)) Дегенмен берер мәні зор, айтары бар фильм. Осы сынды фильмдер қазақ кинематографиясында көптеп түсірілсе, кино өнеріміз баяғыда дамыған болар ма еді, кім білсін! Нұртас Адамбайдың сценарийіне жазылған «Келинка Сабина» баршаның көңілінен шығары сөзсіз. Респект Нұртас Адамбай!)

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.