Жүрегі мәңгі жас ұстаз!

Өз ойым /
Студенттік өмірге аяқ басып, алғашқы лекциямызға кіргенде Сейдулла ағаймен таныс болдық. Осы білім ошағының «журкаф» студенттерінің әрбірі Сейдұлла Садықұлының «Алдымен адам болыңдар, одан кейін маман боласыңдар» деген сөздерін жүректеріне алтын әріппен жазып алған. Секеңнің сабағында дәріс алаған замандастарым қоңырауда қалың оймен шығады. Негізгі теориядан өзге әңгімелері, тәжірибеден өткен өмірлік жолдары өте қызықты. Тақырыптарды толықтай қамтып, ұлы сөздермен, терең тарихпен ұштастырып отырады. Ұққанымыз көп. Журналист — шындық үшін күресе білуі тиіс. Кез-келген уақыт жамандыққа төтеп беру, өтірік мақтап-мадақтаудан, балағаттаудан аулақ болу, мәлімет жинау барысында шынайы ақпарат жинау үшін аянбау, әрқашан ізденісте болу,… Журналистік мәдениет, тарих, әдеп, білімділік, жан-жақтылық, оперативтілік,… бұл қасиеттердің барлығы журналист парақшасында керемет дүние туындауына зор ықпал етеді.

Ресіми атап өтсек, Сейдулла Садықұлы – журналист, ұстаз, ғалым. Ұлттық журналистика мен публицистиканың өзекті мәселелері бойынша жазылған төрт монографиялық еңбектің, 70-тен астам ғылыми-зерттеу мақалалардың және бірнеше жинақтың авторы. Ғылыми еңбектері Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия елдерінің басылымдарында жарық көрген. Публицистикалық дүниелері республикалық басылымдарда ұдайы жарияланып келеді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «ЖОО оқытушысы — 2012».
Біздің ағайдан таралатын позитивті, жағымды эмоциялар жайлы айтпасқа болмас. Көзінен нұр тарайтын, жүрегі шынымен де жас ұстазымыздың ғұмыры ұзақ болсын… «Журкаф» студенттерінің атынан сізге шексіз алғысымызды білдіреміз!

1 пікір

maulen
Өмір жасы ұзақ болсын.
Қай жердің «Журкаф»-ында оқисыз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.