Имансыз рух иелері

Өз ойым /
Бүгінгі қоғам – дамыған қоғам деседі. Заманауи қоғамға не қажет барлығы бар. Баршаға ортақ проблема бұл – жөзекшілік мәселесі. Өтпелі кезеңінде жастардың ойларының басым көпшілігі не жайында болатыны белгілі. Көп нәрсеге қызуғушылығы туатын, барлық нәрсені өз басында татып көргісі келетін алып-ұшып тұратын кезең. Ұлы сөзде ұяттық болмайды. Рас, бөтен адаммен жақындасу тіпті жас жігіттер мен қыздардың үлкен арманы десек те болады. Асып кетсе 2 минуттық ләззатқа бола, бер жағын ойлап ар жағына бас қатыра бермейді. Бұл бұқара арасында жауырын болған тақырыптардың бірі. Қара жұрттың айтатыны түсік тастау, СПИД аурулары, т. б. Ой жүгіртсек, қазақта «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген сөз бар. Тұлға өмір бойы істеген «хайуани» тірліктері ертеңгі күні тағдыр қосқан жарымен белгілі-бір қатынаста болғанда, «мәни» (сперма) арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Жастық шағыңда істеген әрбір жақсы амалдарың немесе әрбір теріс амалдарың балаларыңа да беріледі. Қазір қандай тірлікпен айналысасың, ертең ұрпағың да сондай болады.

Әлем жаһандану кезеңінде болғандықтан, көпшілік батыстың менталитетіне бейімболып барады. Бөтен адаммен жақындаспай, «пәк» болса, күліп, мазақтайтынды да шығарды. Өзіміздің ұл-қыздарымыз, жөзекшілер үйін торуылдап, қызмет істесе, ойлаудың өзі қиын… Мұның бәрі ненің әсерінен? Бойына тәрбие рухы қонбағаны ма? Жастық кезінде былықтың бәрін істеп, отбасылы болғанда судан таза, сүттен ақ бола қалады. Егер балаң былық жасаса өзіңнің арқаң. Осыдан қорытынды, «Балам неге мұндай? Жаратушы, саған не істедім осынша азапты менің басыма беретіндей?» деп жатады. Жастығыңда жасаған жалынды тірліктерің үшін, қартайғаныңда өз туғаныңнын «жындылығын» көтер!

Өмір бір үлкен әмбебапты дүкен секілді, барлық нәрсе аласың, бірақ алда касса барлығын ұмытпайық. Істеген барлық ақ-қара амалдарың үшін демек ақыңды төлейсін. Осыны ұмытпау керек!

«Тең теңімен, тезек қабымен». Әсіресе, ер адамның үлкен қателігінің бірі – өзі пәк болмай, жарының өзіне пәк болып қосылғанын қалайды. Отбасын құрғанға дейін өзің қандай болып келесің, жарың да саған сондай болып қосылмақ. Жөзекшілер үйінен шықпасаң, әйелің де сол жөзекшілердің бірі болып келеді. Өзің пәк емессің бе, болашақ жарың да пәк емес… Қазақтың ұл-қыздары! Біз — қазақпыз! Арын-намысын, ұятын төккен халық емеспіз! Болашаққа саналы, әдепті, иманды ұрпақ таратайық, ол үшін ең алдымен өзіміз үлгі болайық.

1 пікір

maulen
«Жігіт деген сүймейді сүймегенді,
Жігіт деген сан түрлі күйге енеді.
Көшенің қыздарымен жүріп алып,
Үйде отырған қыздарға үйленеді.»,
-дейді ғой, автордын аты-жөнінен бұрын өлең жолдары есімде қалып қалыпты. Ащы шындық. "Қазаннан қақпақ кетке, иттен ұят кетеді" шынымен ойланайық қазақтар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.