Бұл бізге жат қылық

Өз ойым /
Әбден талқыланып, айта-айта жауыр болған жай ғой… Бұным не деп, ісіне есеп беріп жатқан жан жоқ, қайтерсің, бармақ тістегеннен басқа амал жоқ.
Жолдас баламмен көлікте отырып бағдарлағаным.

Түн жарымы… Әңгіме-дүкен құрып отырған бізді сылаң қағып, сылқ-сылқ күлген екі қыз еріксіз елең еткізді.
-Ойпырмай, мына қыздар осындай уақта жалғыздан-жалғыз жүруге қорықпай ма екен,- деп қоям аузым ашылып.
-Жұмыстан шыққан-ау, шамасы,-дейді танысым.
-Ия, мүмкін… Бірақ бұл жерде не бар? (Өз үйімнің жанында не бар, не жоғын білмегенім де)
Сөйтіп қыздарға көз тоқтатып қарамақ болсам: "Қайтесің, назар аударарлықтай дәнеңе де жоқ, «вызовной қыздар», ал мынау тұрған сауна демесі бар ма". «Кірерге тесік таппау» дегенің осы екен, әлгі қыздар үшін қалай ұялғанымды айтып ауызбен жеткізе алмаспын, «ОЛАР ЖЕЗӨКШЕ ЕКЕН, ЖЕЗӨКШЕ! ұят-ай, ұят»,-деп қайталай беріппін ішімнен… 5-10 минут өте әлгі жерден «жауырындары қақпақтай» жеті жігіттің шықпасы бар ма…
Мен қазақпын, ол қырғыз, анау өзбек дейтін жан емеспін, бірақ әлгі жерде неге орыс емес, татар емес, қазақ қыздары болды екен деп жабықтым.
Біз ілтипатты, инабатты, ибалы қыз болуды көздеуіміз керек емес пе? Ертеңгі күні саналы ұрпақ тәрбиелейтін мына біз емеспіз бе? Ия, білем, қазір күн көру оңай емес, бірақ бұл шешім бе, ондай сылтаудың түр-түрі қай уақта да табылар, екі қолы, екі аяғы бар емес пе, неге жұмыс жасамасқа? Қолымнан келер қайран жоғын білем… Осындай кәсіппен нан тапқан сылқымдарға өкпем қара қазандай, бар "ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ" атына кір келген емей не бұл сонда? Ой, баршаны айтам-ау, беттері қандай қалың болса да үйдегі аға-інісінің, әке-шешесінің бетіне тіктеп қалай қарайды екен батыр қыздарым… Ал, «вызовной қыздарды» шақырған жерде туған бауыры тұрса қайтер екен сылқымдарым???.. Қара жер қақ айырыла салса дұрыс қой сол уақта…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.