Кәріс қызы

Өз ойым /
Күлесің жас баладай қалқатайым
Көздерің қысық сенің, орта бойың
Ерке қылық, сүйкімдім мендік болсаң
Өмірде бар ма арман, бар ма уайым

Көз тайдырып қарауың жарты дастан
Сұлу қызды көрмедім сенен асқан
Жолығарың түбінде білгенімде
Кәріс боп туылар ма ем әуел бастан

Тал бойың бір кемі жоқ мүсіндейсің
Маржан бар ма сенің ақ тісіңдей шын
Жырымды өзіңе-ақ ақтарар ем
Әттең-ай, қазақшаны түсінбейсің

26 пікір

qyrmyzy
Муахахахахааа, кеше ғана қара көз деп жүр едің… әй, жігіттер-ай, жігіттер… сенім қалмады ғой өздеріңе
MSHERIMBEK
Ойбай, сүйем деп жаздым ба?:)))))) Жай сұлу екенін айтыватырқ қо:) Тем более жігіттер деп жалпылағаныңыз не?:))))))
qyrmyzy
сұлу қазақ қызы құрып қағандай
MSHERIMBEK
Негізі, кәрістер де қара көз болып есептеледі:))))
qyrmyzy
Көркемге арнап нетсең қайтеді?
qyrmyzy
қаракөз болса да қысыңқы ғой
Korkem
мяяяя, мынауың күшті ғой, ыыыы жырлайтын қазақ қыздары таусылған ба?
MSHERIMBEK
Сразу қазақ қыздарынан бастау тым банально ғой:)
qyrmyzy
ой арнамаған сияқты болмаш
MSHERIMBEK
Осындай кезде смайлдардың орны білінед ше:)
qyrmyzy
құлағыңа қола сырға
Korkem
Жолығарың түбінде білгенімде
Кәріс боп туылар ма ем әуел бастан
шынымен кәріс боп туылғаныңда кәз арамызда сайрап отырмас ең))))
qyrmyzy
жүрер еді күріш жеп
didi0393
Naprimer menen basta yagni maganda olen arna))) bul kolynan keled shygar hihi)))
pana
мынаны түсінбейтін ол қыз многое потеряла((((
MSHERIMBEK
негізі, жақсы араластық о қызбен:) жақсы қыз ғо)
daniyar
кейбірі әдемі
naz-24-08
хехе) кореянын кыздары туралы ән шыгарганша казактын кыздарын айтпайсыз ба?!!!)))))))
followme_alik
… сол арнаудан өзіңізді танығыңыз келіп тұр ма? :)
korwinin_kyzy
әттең тонның кэлтесі ай
FaraOn1
Кинодағы кәріс қыздарына ғашықпын, өмірде қалай екенін білмеймін. Біздің қазақ қыздары да керемет сұлу, кәріс қыздарынан еш кем емес. тек солтүстікте қыздар әдеміленген сайын тәкаппар боп кететді. минталитетіңдссс
yesbolat83
Кәріс қызына өлең шығарғанның еш айыбы жоқ деп есептеймін. Шәмші ағамыз да сыған, дүңген қыздарына арнап ән шығарған жоқ па. Мүмкін Қарасақалдың осы кәріс қызы да кім білген уақыт өте келе халық сүйіп тыңдайтын әніне ұласар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.