Қадірбай мен Байтоқ

Өз ойым /
Бір күні Жәңгір хан билер алдында отырғанда сыртта Байтоқ ақын келіп түсіп жатыр деп хабарлайды. Мәжілісте Қадірбай ақын да бар екен. Хан: «Байтоқты есіктен кірмес бұрын бір ауыз сөзбен тоқтатшы», — депті Қадірбайға. Табалдырықтан аттай берген Байтоққа Қадірбай:

Осы үйде үлкен-кіші толып отыр,
Шәй менен қымыз ішіп болып отыр.
Байтоқ ақын келгенімен орын бермей,
Басыма дәулетт құсы қонып отыр,
-дейді.
Сонда Байтоқ тоқталмастан:

Біреуі бес намаздың бірінде жүр,
Әлгі бір айтқан сөзің есімде тұр.
Алақандай басыңның бәрі тақыр,
Дәулет құсы басыңда неғып отыр? — дегенде, отырған халық шуласып, ақынға орын беріпті. )))

11 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.