Қазақ жігіттеріне қанша жастан үйленген дұрыс? Жауабы...

Өз ойым /
Ай бойдақшылық ай…. Бойдақпын деп мәз боламын жасым болса 21-ден асып барады. Ата-анам келінді асығып күйдім-сүйдім деп бізбен ақылдаспай әкеліп қойма деп шыр-пыр болып жүр. Олар қайдан білсін менің (әзірше)сүйген сұлуымның жоқ екенін. Сұлуым деп еркелетіп қоямын ғой тағы, жоқ адамды. Ой деген шіркін жүйрік екен расында! Өз ойыммен өзім тартысып маған байсалды, ақылды қызбен шаңырақ көтеру керек десем, біраздан соң жо-жоқ маған байсалды әрі (тем более) ақылды қыздың керегі не деп қоямын. Өзіме тағы ақыл үйретіп, әр басқан қадамым соның қалауынша болып кетсе ше деген қорқыныш тағы бар. Сосын осы ойларымның ішіндегі ең дұрысы ең алдымен мен қанша жасымда үйленгенім дұрыс деген сұрақ бойыша ізденгенім дұрыс болар деп шештім. Себебі алып ұшқан сезім шіркін ақылға да дес бермейді екен. Бұл сөзіме өмір практикасы дәлел. Ал ені Айтаберлік ханымдар мен мырзалар, ағалар мен інілер (ақсақалдар мен қарасақалдар :)\) сұлуда сымбатты қыздар маған не ақыл кеңес бересіздер? Сұлуымды тапқан күні құда түсіп сырға салғаным дұрыспа әлде тағдырым тағы кімге жолықтырар екен деп уақыт созғаным дұрыс па? Әлде «Шіркін бойдақшылық» деп 30 жасқа дейін жүргенім дұрыс па? Интернет әлемінің Патшалары мен Падишалары сіздердің алтын пікірлеріңіз мен үшін қымбат.
Р.С: Елдің ертеңі өзіміз яғни сізбен біз ( әкелер мен аналар)

57 пікір

qyrmyzy
Құдай-ау, 22ге толсақ та жүрміз ғой әлі…
akil_kalta01
Аталарымыз 13-те Отау иесі деген жоқ па еді, осы кезге дейін тоқал алатын жасқа келіппін :)) Енді бір шешім қабылдап әрекет(движение) жасау керек шығар! qyrmyzy ханым :)
qyrmyzy
сүйген қызың болса жақсы, болмаса, несі жақсы??? ©
hunter94
ақсақалдар мен қарасақалдар :)\
бұл сайтта қарасақал бар ал ақсақалы кім?
qyrmyzy
aqsaqal jurgen, korinbei qaldy
akil_kalta01
Сабинос досым дұрыс айтады арамызда AqSaqal (1940ж туылған) дар да бар
Sabions
кешір, менің атым Сабионс…
akil_kalta01
Қайта сен мені кешір Sabions!
Korkem
Аталарымыз 13-те Отау иесі деген жоқ па еді, осы кезге дейін тоқал алатын жасқа келіппін :))
бесіктен белі шықпаған балалықтың иісі мұңкіп тұр :)))))
akil_kalta01
сіз не айтасыз Korkem! Балалықтың исі басылғанна соң отбасын құру керектігін құптап отырсыз ба? Яғни 30-дарда ма? :))
kuka097
отызға келіп үйленіңдер
Argyn
Бойдақтық дерт — ауыр дерт)))
akil_kalta01
Argyn осы дерттен жазатын дәрігерлер болса (қыздар) хабарын бер!!! Мен осы дертпен аурудамын :)))
pari
kuka097 қате айтасың! Отызға келіп үйленген дұрыс емес.Неге екенін дәлелдеп берейін.Бұның бәрі ата-ана қуанышы.Отыз келіп үйленгенде ата-анаға немеренің қызығын көрсете алмай қалам деп ойламайсың ба? мен сенің пікіріңмен мүлдем келіспеймін.Нағыз ақыл тоқтатып үйленетін кез 25 жас! Міне осы жаста үйленсе бәріне де үлгереді,
qyrmyzy
Балалар, қойыңдар! Болашақ жар/жолдас тапсаңдар, үйленіп/тұрмысқа шыға беріңдер! Біз тойлатын жүре береміз. akil_kalta01 ның мақсаты — мына айтабердегі бір қыздың құлағына сырға тағу ғой...көзің түсіп жүрген біреу-міреу бар ғой деймін
akil_kalta01
qyrmyzy сенің сезгіштік қасиетің туа пайда болған ба әлде жүре пайда болды ма? :)))
kema
Uilenem desen aldymen ozindi daiyndap alganyn jon. En aldymen psihiaklyk turgyda… Uilenu onai, ui bolu kiyn. Al kyz degenderdin minezin tusinip bile bermeisin, sbebi Allah ony adam atanyn kabyrgasynan jaratkan go, al kabyrga ozin bilesin bas jagy sal kisyktau, tuzein desen synyp kaldy, tuzemesen ol da kiyndau! Sondyktan en aldymen aiel zatynyn erkeligi men kylygyn kteredei ozindi daiynda. Osylardy kotere beilsen 13jasta da uilene beruge bolady. Sondyktan sattilik Joni))))))))
qyrmyzy
Қыз бен жігіттің арасында, ең алдымен, сыйластық болу керек. Сену керек, түсіністікпен қарау керек, сезімді жоғалтпау керек.
Еркелік пен қылық кез келген қызда болады,болмаса болмайды.
akil_kalta01
kema сөздерің салмақты екен. Осы қыздарды кисык кабырға ғой оларды түземей ақ қояамыз деп басымызға шығарып алмаймыз ба?
ereke_enu
Түсінігі бар қыз бағалай біледі деп ойлаймын. Бір танысым үйленгендеріне бірнеше жыл болған, әлі күнге шейін келіншегіне өте жұмсақ қарайды. Жаман қызығам ше) Бізге де бір сондай қыздардан бұйырса екен…
Sabions
бойдақсыз ба? оо бажа!!!
akil_kalta01
Бұл тақырыпқа бойдақтар ғана атүсті қарамайтын секілді ғой :)). Ал жұптасқандардың басқа да талқылайтын мәселелері толып жатқан сыңайлы :)))
dimash
Меніңше жаста тұрған ештене жоқ, тем более ер кісіге. Ең бастысы оқуды бітіріп, нормальный үй (чтоб әбіржіп қалмайтындай), тұрақты жұмыс (отбасын асырай алатындай), қысқаша айтқанда өз қажеттіліктерін толыққанда үйлену жағын ойлау керек. Сәттілік!
akil_kalta01
Рахмет! Осындай кезде сәттіліктің маңызы зор. Өзің де сәттілік. Сонымен жағдайды жаса да үйлене бер деген ой болды ғой сенікі.
AL-ASTER
Ие, жағдай жасап ертерек юленівалған дұрыс.
ereke_enu
Бастысы әйелден қателеспеу керек…
ereke_enu
Мектеп кезінде физик ағайымыз сабақ сайын "Өмірде екі нәрседен қателеспеңдер: бірі — мамандық таңдау, екіншісі — жар таңдау" деп қайталай беретін. «Ертерек жас кезіңде үйленіп алыңдар, кейін таңдау қиын болып қалады» дейтіні де бар еді. Ол кезде онша мән бермеген екенбіз, негізі дұрыс айтқан екен ғой…
Korkem
Иә, ол рас. Жас келген достарым осы сөзді жиі айтады. "Үйленгің келгенде үйленіп алмасаң, кейін анау көк етікті, мынау көн етікті деееп таңдап қалады екесің" дейтін… дей беретін
qyrmyzy
«розовый» көзілдірік сынбай тұрғанда үйленіп/ тұрмысқа шығып алу керек
akil_kalta01
qyrmyzy (Құдай-ау, 22ге толсақ та жүрміз ғой әлі…) «розовый» көзілдірік ұрып тұр ма? :))
qyrmyzy
сынайын деп тұр… сосын ананың етігі… басталайын деп жатыр
akil_kalta01
:))))))) охаха қатырдың qyrmyzy!!! Басталмай жатып қамдансаңшы!!! :)))))))))))))))))))))))))) охаха
qyrmyzy
сол біздерге қандай жігіт қарасын…
akil_kalta01
ей қыздар қайда қарап жүреді екен осы! :)) Korkem айтпақшы көрші қолаң дегендей :)))
qyrmyzy
ей қыздар
??? Қорқып қалдым…
Қыздар емес, жігіттер қайда қарап жүреді десеңші
akil_kalta01
Иә, жігіттер қарайды ғой! Бірақ біздің «арулар» байқамаған сңай танытатыны қиын болып тұр гой :))
qyrmyzy
ой, байқағанда байқайды, жігіттердің өздері әңгіме бастамаса, қыздар қалай бастайды? Арулар жүреді сіздерді күтіііп, ал басқа кандидат кеп қалса, сізді лақтырып, кетіп қалуы ғажап емес. Сондықтан ұнатқан қызыңызға дер кезінде сезіміңіз жайлы айтуға тырысыңыз…
akil_kalta01
Ондай да болған! Бір күні бір жігіт бір қызға ішіндегі сезімін жайып салған ғой сүйтсе жігіттің сөзіне елігіп кетіп өзін жоғары санап қалған «аруымыз» аспанға қарап кетіп қалған көрінеді! Сондықтан жігіттер арасында «сақтықта қорлық жоқ» деген ұран бар! Себебі жігіттік намыс деген болады емес пе? Сондықтан ұнатса бір белгі берсе жақсы ғой :)
qyrmyzy
белгі болғанда, қыз сенетін белгі болуы тиіс, ойнап нететіндер көп қой, все таки жайып салған дұрыс, өз басым белгі берсе, нетпейтін ем.
akil_kalta01
ereke_enu мүмкіндік болса мені сол ағайыңмен жолықтыршы бір-екі ақыл сұрап алайын :))
ereke_enu
))) Қазір ол пенсияда шығар
madlen
Всему свое время!
akil_kalta01
madlen заман ағысымен жүре бер дегеніңіз бе? Ия мүмкін бұл да дұрыс шыға!
beko
Ойыңа бір жамау болсам деймін…
— Кейбір отбасылардың жаң-жалының себебі ол, ақша жоқтық немесе сол сияқты ақшаға байланысты болып жатады. Бұнымен не демекшімін, ең бастысы ертенгі жанұяңды қалай асырайтыныңды ойла, қалғандары екіншіліктер.(второстепенный)
Еркек ертеңгі жанұясын асырауға лайық(достойна) болу керек!
Егер сол жағдайыңды жасап, қамын ойлап жүргеніңде табылып қалар деген ой келмейді ме?
Мысалы: медицина маманы болған, ауруханаға жұмысқа түседі, сол жерде өзінің болашақ жарын тауып жатады… Тағы сол сияқты.
— Егер біреулеріңде сұрақ туындаса, Өмірлік серігімді опық жемей таңдасам ғой? кейін жаман болып ойдағыдай шықпай қалса қалай болмақ?
Мынадай сөз бар еді ғой, Қыз кезінде бәрі жақсы жаман қатын әйел қайдан шықсын.
Бұнымен мен, таңдау бұлай тұрғанда, бір жағынан еркектің өзіне де байланысты, кейінгі әйелінің қандай болуы… Тәрбиесіне, іс әрекетіне… Осы сөзді бірнеше адамға қойғанда, ішіндегі мына жауап ұнаған еді.
Ол: Мүмкін жаман еркектен шығар... Жауапты қыз берген.
akil_kalta01
beko рахмет! Ойландырарлықтай ой айттың!
Korkem
Иә, "қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" «шал кезінде бәрі ақылгөй, жас кезінде қайда кеткен?»))) мақалыңа мақалмен жауап берер болсам, «шешесін көріп қызын ал» дер едім. Әрбір қыз ертеңгі өз өмірін анасының тәрбиесімен байланыстырады, себебі "ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің". Мысалы, мен өзім ертең қандай әйел боларымды тіпті болжай да, елестете де алмаймын, алайда анама ұқсағым келеді.
Jakss
Иә Korkem сөзіңнің жаны бар, алайда бүгінгі таңда қыздың анасын қалай көрсек, білсек болады! оларда почта, мир жоқ қой :))
qyrmyzy
ық ық, не дейді??
Korkem
Егер оларда почта, мир бар болатын болса, айналып өтіңіз дер ем да))) қалай көрсек болады деймісіз? Әлбетте, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаңыз» дер едім…
qyrmyzy
ық ық, қатырдың
Korkem
ық-ық көршінің баласы
akil_kalta01
Korkem не боп кетті өзі көршілерге қырындай бастаймыз ба? :))
qyrmyzy
Мүмкін жаман еркектен шығар..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.