Қиясбайдың есебі

Өз ойым /
Абайдың Қожанасыр мінездес Қиясбай беген досы болған. Бірде Абай үй-ішімен есеп жөнінде әңгімелесіп отырса:
— Абай аға, сіз есеп білесіз бе? — деп сұрапты.
— Аздап, Қиясжан, — депті Абай.
— Аздап білсеңіз, екі жүз ешкінің мүйізі қанша болады?
— Төрт жүз болады да.
— Пәлі, Абай аға, сен де есеп білемін деп мақтанасың-ау, — депті Қиясбай, — сонша көп ешкінің ішінде мүйізі жоқ тоқалы, мүйізі сынған кемдері болмай ма екен? — деп мырс-мырс еткенде, үй-іші ду күліпті.

1 пікір

AKA
Не деген ақыл!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.