Сыйлыққа берген сақина

Өз ойым /
Біз алғаш рет агентпен танысып едік. Ол өзінің қарапайым әрі сыпайы мінезімен маған ұнады. Арада көп уақыт өтпей бірден дос болып кеттік. Күнде онымен сөйлескен сайын өзімді жайлы сезінемін. Мен бір мекемеде қарапайым хатшы болып жұмыс істеймін. Бос уақытымда агентке кіріп достарыммен сөйлесемін. Бүгінде солай жасадым, түске таяу жұмысымды бітіре сала агентке кіріп едім, өзіме таныс қыздың түрін көрдім. Бұл әрине менің досым Айман ғой. Күндегідей онымен бірінші амандасып, жағдайын сұрадым. Ол бүгін көңілсіз отыр екен. Не болғаның сұрасамда себебін айта қоймады. Айман тұйықтау қыз. Көңілсіз отырса ешкімге ешнәрсе ашылып айтпайды. Бірақ уақыт өткеннен кейін бәрін айтып беретін. Менде оның осындай мінезің әбден біліп алғанмын. Айманды әлі күнге дейін кездесуге шақырған емеспін. Шақыру ойымда бар, бірақ оған қалай айтарымды білмеймін. Күні бойы соны ойлаумен болдым. Неде болса оны ертен дос ретінде кездесуге шақырамын. Осы ойымды Айманға айтып көріп едім, ол бірден келісті. Осылай ертен кешке орталық саябақта кездесетін болдық.
Бүгін демалыс. Ұйқыдан оянып, тұруға ерініп жатырмын. Күнде асығатын жұмыс жоқ, тек кешке досыммен кездесемін. Таңғы асымды ішіп алып ағама көмектесуге үйіне бардым. Оған әр демалыс сайын үйін салуға көмектесемін. Кешке дейін сонда бодым. Бір кезде Айман есіме түсіп кетті, сағатқа қарасам уақыт болып қалыпты. Не істерімді білмей тез жуынып саябаққа жүгірдім. Жолда келе жатып неше түрлі ой келді, «қалай танимын?, не айтамын?» Саябаққа келегенде бірден таныдым, көзіме оттай басылды. Ол да маған «неге кешіктің?» дегендей ашуланып қарап тұр екен. Алғашында ыңғайсызданып кеттім, бірақ өзімді тез жиып алдым. Қасына барып едім, ол бірден ренішін айтты
— Неге кешіктің? Осы ма дос ретінде кездескенің? Бекер келген екенмін, мен кеттім..- деп кетуге жинала бергенде, оған өзімнің жағдайымды айтып, ұмытып кеттім деп айтпасамда, қолым тимеді деп өтірік айтуға мәжбүр болдым. Ол ойымды бірден оқып қойғандай:
— Оданда ұмытып кеттім деп айтпадың ба? Мейлі бір жолға кешірейін, тек дос ретінде – деп әрең кешірді.
Саябақта отырмыз, айтатын әңгіме көп, тек кім біріңші бастарың білмейді. Ол бастады:
— Жұмыс қалай? Әншейінде агентте тоқтамай сөйлейтін едің, сөзің таусылып қалыпты ғой… – деп әзіл-шыны аралас сұрақ қойды.
Иә, мен агентте ешкімге дес бермей сөйлесемде, шын өмірде мүлдем басқа адаммын. Не айтарымды білмей үндемей қалдым. Айманға қарасам кең саңдайлы қара көзді қыз екен. Ұзын шашы доп-домалақ бетіне жарасып-ақ тұр. Агенттегі суретінеңде сүйкімділеу екен. Менің ойым жан-жаққа кетті. Енді онымен дос бола алмаймын. Ол маған қыз ретінде ұнады. Осылай өз ойыммен отырсам ол маған бір әңгіме айтып отыр екен. Түсінбесемде әңгімесін бөлмей толық тыңдадым. Бітіргеннен кейін үндемей маған қарайды «не айтасың?» дегендей.
— Айтпақшы, Айман, арғы күні туылған күнімді жасаймын. Келесің бе?
— Білмеймін… Келе алмаймын-ау – деп шарасыз күйде калды.
— Маған еш сыйлықтың қажеті жоқ, тек өзің келсең болды. Егер келмесең ренжимін – деп оны одан сайын қыспаққа алдым.
Айман үндеген жоқ. Менде әрі қарай сөйлеген жоқпын. Қараңғы түскенде ол кетуге ыңғайласты. Мен оны үйіне дейін шығарып алдым.
Жол бойы ойланып келе жатырмын. Оның қылықтары есіме түскен сайын жымиып қоямын. Мен Айманды ұнатып қалдым. Ертесінен Сезімімді жәймен білдіріп көріп едім, оның сөздерінен менімен тек дос болғысы келетінің одан әріге бармайтының ұқтым…
Міне туылған күнімде келді. Негізі осы күні ешқандай жоспар жасаған жоқпын. Тек тағы да Айманмен кездескім келді. Оны тағы да сол саябаққа шақырдым. Бұл жолы кешікпей уақытылы келдім.
Айман келем дегенше достарымда звандап өздерінің келетінің айтты. Осылай бәріміз саябақта жиналдық. Достарымның бәрі сыйлық сыйлап жатқанда Айман үнсіз қалды. Не сыйларын білмей қолындағы сақинасын шешіп шын жүректен сыйладым дегендей қолыма тағып берді. Менің қуанышымды шек жоқ. Бізді сырт көзбен қарағанда бір-біріне ғашық жандай көріндік. Бұл күн басқа күндерге қарағанда біраз есте қаларлықтай қызықтар болып еді. Айман достарыммен еш жатырқамай тез араласып кетуі де маған қуаныш әкелді.
Біраз қыдырып болғаннан кейін Айманды үйіне шығарып салдым. Достарым маған қарап жымын-жымын етеді. Менің ұнататынымды көзімнен байқады.
Үйге келген соң сақинаны әрі-бері қараймын, қандай әдемі, тіпті бағалы сақина болмаса да еш бір бағалы затқа айыр бастамас едім. Ертеңге дейінқолымнан шешкен жоқпын, көзім сақинаға түскен сайын сол кез есіме қайта-қайта түседі.
Азанда жұмысқа келгенде ерекше көңіл күймен келдім. Бірден агентті қостым Айманды күттім. Ол түске таяу кірді. Амандығын сұрап болғаннан кейін сезімімді ашық жеткіздім. Тіпті одан айрылып қалғым келмейтініңде, онымен дос емес оданда жақын болғым келетінің бәрін айттым.
— Мен сені дос ретінде санаймын, одан әріге бармаймын. Мүмкін бір күні ұнатып кетермін. Бірақ арамызда дос болғаның қалаймын – деп ол да ойынан қайтпады.Ақыры екеуміз ұрысып тыңдық...(((((
Міне осыдан кейін екеуміз араласпай кеттік. Тек оны анда-санда агенттен іздеп қарап қоямын. Біздің араласпай кеткенімізге 4-5 ай көлемі болып қалыпты. Айманға айтқан соңғы сөзім:
— Мені ешқашан естен шығарма. Кейін өз бақытыңды тапқанда мен сені өзім-ақ іздеп табамын. Сені бақытты еткен адамды көремін де, өміріңнен мәңгіге кетемен…

24 пікір

qyrmyzy
жіләдім...«таусылмас сезім қайда?» ©
Ұмытады әлі-ақ
mairosh
нуу ол жағы белгісіз.Бұл болған оқиға
qyrmyzy
кімнің басынан өткен??
mairosh
бір таныс қо)))))))
Korkem
Иә, өмірдің өзі ғой мынау… тамаша
mairosh
ну ну өмірден алынған ғой)))))). тек құпия боып қала берсің. Бұл жерже шамалы өзгерістер бар бірақ мағына осы болды.
qyrmyzy
қазір проза мен поэзия осы агентті қоспаса болмайды
Araika
Шынайылыққа көз жеткізгім келеді… сақина күдік туғызады. Қыз баланың сақинасын жігіт қалайша тағып жүреді, жалпы сыйлығы ерсілеу сияқты ма дедім.

Н әрпін ң-ға айырбастайтындардың қатарынан екенсің :)
mairosh
хихихих айттыңыз ау)))))) Бұл жерге ешқандай шындықты жазбай ақ қояйн Арайка. Реңжімеңіз. қаттырақ білгің келсе жеке хат арқылы ғана айтып беремін. Өйткені бұл біреудің өмірі. Ашып айталмадм толық
kema
hehehehe, agentte de osyndai roamntikter otyrady eken go)))))))
ardak1996
маған ұнады))) менде дәл солай айтар едім жігіттің орнында болсам…
Сені бақытты еткен адамды көремін де, өміріңнен мәңгіге кетемен…
Lilacs
Мінезің біріңші бастарың суретінеңде келетінің бармайтының келетінің жымын-жымын келмейтініңде келетінің тыңдық
Неліктен "ң" мен «н» әріпін шатастырасыз? Шынымен-ақ ажырата алмайсыз ба? Айтқанда қалай айтасыз?
dimash
ондай ондай ханның қызында да болады)) бастысы жақсы жазылған екен. Бірақ өзім оқығаным жоқ әлі, ұзақ болған сон оқуға ерінемін
Lilacs
Балаққа жармаспа, Білгенге жағаласпа. Оқымасаң қалай «жақсы жазылған» деп айтасың?
dimash
ой қоя салш, лишь бы ұрысу екен сенікі
Lilacs
Да пошел ты, червяк! Сенікі лишь бы пікірлеу синдромы!
mairosh
эй менің постымды босқа мусор қылмаш. ұрыссан жеке хат деген бар ғо.
Lilacs
Біріншіден, мен «Эй» емеспін! Екіншіден, мұны маған емес, ағаңызға айтыңыз! Үшіншіден, сыбайластықтың, жақтасудың керегі жоқ!
mairosh
түңгі 1-2 шамасы болу керек жазғаным. Шатасу отасу дегендер көп болды. көз ауырды анау мынау болды. Короче қате болады ондай кезде. Кешіріммен көзді жұмып қараңыз
dimash
+1 ғо не жазсаңда) менин золотой сестренкам)
mairosh
вахахахахах ұялдым Бұл бір жігіттің оқиғасы. Менің емес.
mairosh
Шынымен басында жазуды ұмытып кетіппін. )))))))))))))
mairosh
яяяя бірақ жаман ойға кетіпсің
mairosh
Айтарға сөзім жоқ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.