"Анасы мен қызы" немесе кешегі мерекеде анасын құттықтауды ұмытып кеткендерге!

Өз ойым /
Анасы мен қызы (диалог әңгіме)
— Мама, күн неге жарқырап шығады, сосын қайда кетеді?
— Құлыным, ол сені оянсын деп шығады да, сені ұйықтасын деп кері батады-ғой…

— Мама, неге садиктегі бір бала шашымнан тартқылап үнемі тиіседі де жүреді?
— Сен оған мән бермей-ақ қой, саған көңіл аударту үшін істейді ғой…

— Мама, мына есепті шығаруға көмектесші, мұғалім әдейі ештеңе жарытып түсіндірмеді
— Кәні шығарып қарайық, жоқ әдейі істемеген болар, жаман адамдар болмайды, тек адамдарды түсіне білу керек.

— Мама, ол маған сен өте әдемісің деп айтты
— Күнім менің, әрине сен өте әдемісің…

— Жарығым, бүгін күніңді қалай өткіздің
— Мама, қоя тұрш, көңілім жоқ, сөйлесетін.

— Мама, ол бүгін телефон соқпады, не істеймін енді.
— Көңіліме алма, мүмкін бір жағдай болып қалған болар…

— Қызым-ау, көп кешікпей кел, түнге қалмай
— Бұл менің өмірім, қашан келсем де өзім білем…

— Қызым…
— Мама, араласпаш…

— Алло, мама, ақша салып жіберш, сессияға
— Қалайсың, жағдайың…
— Сөйлесетін уақыт жоқ, ед бітті… асығыспын

— Мама, ол бүгін маған сөз берді, тұрмысқа шық деп
— Сен үшін қуаныштымын, бақытты бол!

— Мама, ол жылап қоймай жатыр, қызуы бар сияқты, не істеймін?
— Қазір өзім барам, тербете тұр…

— Мама баланың қасында қала тұрш, біз кетіп бара жатырмыз
— Әрине, әкеліп тастаңдар…

— Айналайындар-ау бұларың не…
— Мама, біз ересек адамдармыз ғой, өзіміз білеміз, сенсіз де уайымымыз жетіп жатыр…

— Қызым, маған сенің көмегің…
— Мама, қазір уақыт жоқ, кейінірек өзім соғам…

— Қызым, қазір маған жалғыз өзіме қиын болып жүр!
— Мама, мен не істейін, маған да қиын…

— Алло, қызым, ауырып тұрмын
— Ертең хабарласшы…

— Мама, сенің қасыңда болғым келеді…Мама, мама, анашым!!!
— …

11 пікір

pari
көңілім босап кетті,қызы неткен қатал еді, осындай қыздар барғо өмірде,«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақал шын екен!!! Анасын айтсаңшы шырылдап жүредіғо балары үшін
Korkem
Иә, айтарға сөзім жоқ! +1
Sabions
бұрын оқыдым мынаны мен…
VVVWWW
Бұрын оқуыңыз мүмкін емес, мүмкін ұқсас шығарма болар мен қазір ғана жазып отырғаным
Sabions
мүмкін… ақыр соңы анасын сағынғанымен аяқталады..қыз күнінде анасының қадірін білмей
qyrmyzy
жіләдім…
VVVWWW
Бәсе, мониторымды сүртіп-сүртіп қоям ылғалданып кете береді, сенің көз жасың екен ғой, менен бір уыс қол орамал, көз жасыңды сүртіп отыршы
AKA
Жақсы, ой салатын дүние.
mairosh
яя бұл өмірде болып тұратын жағдай ғой.
Nazerke
Жаратқан ием балапанын мәпелеп, аялап өсірген аяулы аналарды осындай безбүйрек,қатігез қыздардан сақтасын!
assetova
Көңілім босап кетті ғой ((( Анама телефон соғайыншы…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.