Жұлдыздарды соңғы рет қашан көрдіңіз!?

Өз ойым /
Үлгермей жатырмын! Қазір барып қаламын! Қашан бітеді екен осы! Соңғы кездері адамдардан еститін сөздерім. Бір сәтте дамыл таппаймыз. Осы қу тіршіліктің бәрі кім үшін? немесе не үшін?! Өткен шақты еске аламызда, болашақты ойлаймыз. Ал нақ осы шақты ұмыт қалдырамыз немесе маңзы жоқ істермен шұғылданамыз және «бұл мен үшін керек»,- деп тағы өз-өзімізді алдаймыз! Жасымыз бар, кәріміз бар барлығымыз бір «терезеге» телміреміз де отырамыз. Терезе деп отырғаным-теледидар экраны, компьютер мониторы, телефон эраны. Иә, иә тіптем кейде кіріп кеткеніміз соншама қасымызға кім-келіп, кім-кеткенін байқамай да қаламыз. Соңында өмірімізді осы терезеге байланып қалмаса екен деп қорқамын! Өмірдің талабы солай шығар мүкін?! Менің бұл жазбама себеп, кеше ғана белгілі себептермен (автобусқа үлгермей қалып) үйге жаяу тарттым. Содан жаңағы «терезелерден» арылып өз-өзіммен оңаша қалдым. Ойланып келем, әшійінде жан-жағыма бұрылуға уақытым жоқ! Себебі терезедегі өмірге ілесіп үлгеруім керек. Ал енді жаяумын «терезедегілерге» алаңдап отырғаным жоқ! Бір сәтте көзім аспанға түсіп кетті, міне ғажап!!! Неткен көркем шамдар десеңші!!! Жұлдыздарды жаңа көргендей болдым. Әсерленгенім сондай үйге қалай жеткенімді сезбей де қалдым. Бұл жаратылыстағы керемет құбылыс емеспе? Күндіз аспан тап-таза, мөп-мөлдір! Ал күн батысымен жұлдыздар жарыса көз тартар күйге енеді. Иллахи кітапта жазылғандай жұлдыздың жаратылысының бір мақсаты — түнгі аспан әлеміннің көркін ашу, жалт-жұлт еткен сәулесімен жарық шашу екен. Ендеше Айтаберлік ханымдар мен мырзалар мені кереметей сезімге бөлеген жұлдыздар сіздерді де шынайы терезенің ар жағын да күтіп тұр.(шынай терезе деген себебім, гуглға кіріп жұлдыздардың фотосы деп жазбауларыңыз үшін айттым :)) /) Бір сәт табиғат таңғажайыптарына көңіл аударсаңыз, сергіп, бойыңызға қосымша қүш-қуат дариды! Ендеше ерінбей терезе жаққа екі-үш қадам жасап, аспаннан көз жауын алған жұлдыздарға зер салсақ. Алған әсерлеріңізбен бөліссіеңіздер?!

8 пікір

Korkem
Жұлжыздарды
деген не?
ereke_enu
Суретке қарасақ, жұлдыз сияқты)
kema
osy jeksenbi kuni gana! osy jeksenbi kuni gana planetalar sherui boldy)))))))))))
ereke_enu
Ол қандай планеталар шеруі???))
pari
akil_kalta01 тақырыпты өңдеп жіберші
akil_kalta01
Рахмет достар! Не деген жылдамсыңдар?І
Jakss
Керемет!!! Шынымды айтсам соңғы кездері аспанға қарауға уақытым жоқ! Бірақ бүгін міндетті түрде қараймын!
akil_kalta01
Жұлдызга қарау үшін көп уақыт кетпейді гой!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.