Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас!

Өз ойым /
Осы «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас», «бөлінгенді бөрі жейді» деген мақалдардың орынды-орынсыз қолданылатынын соңғы кездері жиі байқаймын. Алдыңғы жолы, бір балалар журналы қолыма түсіп, ішіндегі балалардың жазған шығармаларын, ойларын оқып отырып, кенет көзіме осы типтес мақала түсті. Қысқасы, дене тәрбиесі сабағынан соң, оқушылар киінуге ерініпті де, сабақтан қашып кетіпті. Қалған аз ғана оқушыларға мұғалімі «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деп ұрсыпты, соны әлгі қашып кеткен оқушылардың бірі мақтанышпен жазыпты. Тағы бір оқиға көзімізде болған еді. Бір сабақтың семинарында екі группа бірігетінбіз, содан, бір күні қарсы группаның бір қызы ғана қалыпты да, басқасы түгел қашып кетіпті. Содан тексере кеп әлгі мұғалім қызға ұрысты кеп,«бөлінгенді бөрі жейді», «бірге қашпайсың ба»- деп. Содан, біз айттық, ол қыздың қанша кінәсі бар? Сабағын оқып, дайындалып, оқығысы келіп отырған жоқ па?-деп. Содан әлгі мұғалім күңкілдеп қойды-ау. Меніңше, сол жалғыз адам бір жақсы, нұрлы жол тауып, сол жолға өзге адамдарды тарта алса игі емес пе?! Әлгі мұғалімдер керісінше істеп, сабаққа қалған оқушыларды үлгі қыларлық бір әрекет қылса болмас па? Немесе, жалғыз қалған студентке қызықты мәлімет беріп, келер жолы барлық группа қызығып, түгелдей келіп отыратындай бір нәрсе ойласа болмай ма? Билайнның жарнамасындағыдай, ерекше адамдар көптің соңынан ермейді, ерекше бір жол тауып шығады. Мүмкін, менің жазғаныммен келіспессіздер! Біз, осындай шағын ғана оқиғалар арқылы оқушыларды кері тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба? Кейін, баланың сана-сезімінде теріс қылықтарды дұрыс деп тану процесі қалыптаспай ма? Кейін, достары бір қиын жағдайға түскенде(нашар жолдарға), солардың жетегінде кетпей, оларға дұрыс жолды көрсете ала ма? Әй, қайдам…

6 пікір

Bek
Арине ұсақ жағдайларға қараған дурыс! Ол жағдайлар бала ойының қалыптасуына, мнез-құлық қалыптасуына үлкен асер етеді! Жақсы!
Korkem
Иә, ойланарлық жәй екен, жақсы жазғансың +1
pari
ерекше әсер береді екен тамаша
Togzhan
Шынымен әсер қалдырса жақсы болғаны… рахмет!
pari
мхмммммммммммммммммммммммм
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.