Counter-Strike ойыны

Компьютерлік ойындар /
Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!
Шынымды айтсам Контр Страйк ойынын ойнағаныма 1 айдай болды.Өте қызықты ойын.Ойнай бергің келеді.Кейде 4-5 ке дейінде ойнаған кездерім болды.Енді осы ойын туралы қысқаша айтып өтейін.


Counter-Strike(ағылшынша: counter-strike — айқаспалы атыс) -1999 жылы Half Life ойынның
модификациясы болып пайда болды.Бұл ойын 2топқа бөлініп, яғни спецназ және террорист болып ойналатын ойын.Ойынның басты мақсаты бір команда жеңіске жету керек.Ойынға 2 минут уақыт беріледі.Сол уақыттың ішінде террористтер бомба қойып үлгермесе жеңіс спецназ жаққа беріледі.Әр ойыншыға өлтірген адамдары бойынша ақша беріледі.Сол ақшаға қару-жарақ, оқ-дәрі сатып аласыз.
Контр Страйк ойынын сервермен ойнауға да болады.Яғни ip адресі арқылы адамдар бір бір жерге(арнайы карта) жиналып 2 команда құрып ойнай береді.Сервер арқылы дүниежүзі бойынша турнирлер де өтеді.Қазақстанның құрамаларыда осы турнирлерге қатысып жүр.Қазақстанның өзінде де қалалар арасында турнир өтеді.Мысалы соңғы өткен «Megaline Counter Strike Challenge-2008 Autumn» сайысында Алматының «а-41» командасы жеңіске жетті.

Контр Страйк ойынында көптеген қарулар қолданылады.Мен соның бастыларын жазып кетейін.
USP Tactical-арнайы спецназдар үшін арналған, ойын басталған кезде беретін пистолет.12 оқтық.

Glock18-арнайы террористтер үшін арналған, ойын басталарда беретін пистолет.20 оқтық.

АК-47-террористердің басты қаруының бірі.Егер мерген болсаңыз қарсыласты 2 оқпен-ақ өлтіреді.30 оқтық

M4A1-Контр Страйк ойынындағы ең мықты қарулардың бірі.Нысананы дәл көздейді.Күші де мықты болады.30
оқтық

AWP-ең ауыр, және дәл көздейтін снайпер.Алыстағы нысананы оңай көздейді.Бұл террористерге де, спецназдарға да арналған.

HE Grenade-бұл жарылғыш гранат.Яғни қарсыласты өлтіруге арналған.Мұны бір раунтдта бір-ақ рет ала-аласыз.

Smoke Grenade-бұл түтінгіш гранат.Яғни қарсыластан қорғану үшін алдыңызды түтіндетіп жібересіз.Бұл да ойында бір-ақ рет беріледі.

c4 Bomb-Мұны тек террористер қолданады.Яғни картаның арнайы бомба қойатын жеріне барып қойып кетеді.Бұл жарылған жағдайда спецназдың бәрі өледі.


Контр Страйк туралы түсінікті мәлімет бердім деп ойлаймын.Енді Контр Страйк ойнаңыз!
connect 89.218.229.226:27021 осы серверден мені табасыз.

11 пікір

torpedaip
Жарайсың, енді ойын туралы біраз ақпаратқа ие болдық )))
Manas
Рахметт!!!
connect 89.218.229.226:27021, кандай базалармен?
Контыр ойнап баламысын
meirambek95
inetten kordim 48 degi adamdar da oinap otir
Ayala
осы ойндарды жек көрем, жыбырлағанды жыбырлатып отратындырды ващщще...
MSHERIMBEK
Қатты қызығамын, негізі! Бірақ, қолым жүрмей қойды. Карта* ойнағандай болмайды әйтеуір:)))))
Карта* — Пасьянс Паук))
Bagashar
кедй қатты ойнап кетм
Ayala
Карта — Пасьянс Паук
мяяя, осыы ойынды менде жақсы көрем қанша ойнасамда жалықпайм…
qyrmyzy
компта мүлдем ойын ойнамайды екем:))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.