Түсінбеймін осы дінді [5-тен 1]

Индуизм /
«Индуизм» сөзін естісімен осылай зар қақсайтын адам болса(бар) қарапайым тілмен дін сипатталған постты қабыл ал, МӘ

Брахма, Вишну, Шива, Ганеша, Кальпа, Юга, Рамаян, Махабхарата, Аватар, Нирвана, Ом, Аскеза… Мыңдаған құдайы бар Индуизм діні туралы блог. Бұл блог дінді насихаттау мақсатында емес, индуизм негіздерімен, шығармашылығымен, тарихымен, ілім ғылымымен таныстыру мақсатында ашылды
— делінген блог сипатталуында. Пост насихатталуы мен кіріспе ретінде таныстырылуын қоса алғанда дін жақтаушыларының сұраныстарына сай келмесе, Лакшми және Дэви ерлі-зайыптылардың қолдарына қамшы ұстатып, сабаттырсаңыз да қарсылық білдірмеймін. Себебі ИНДУИЗМ -Ұлы діндердің бірі.



Түп тамыры Үндістаннан бастау алады.Біздің эрамызда I-ші мыңжылдық бойы ведизм, брахманизм, доарий т.с.с ағымдардың қосылуы нәтижесінде іргесі қаланып келеді. Бүгінгі индуизм синкреттік қалпын сақтауда, ол дегеніміз соңғы үлгідегі модернизация әсерінен пайда болған діндегі жаңашалану, әдет-ғұрпы бағзы заманнан үздіксіз және өзгеріссіз келе жатқан ғибадатхана жетекшілерінің идеологиясымен біте қайнасуда… Нәтижесінде,… Қазіргі түрлі ұйымдастырылған діни ағымдардың әсерінен индуизмның кей үрім- бұтағы үндістердің жеке мәдениеті шегінен әрі аттап, әлемдік маңызға ие болуда. Бір сөзбен айтқанда,индуизм қырық құраулы тұрғыда ізін жалғауда.

Индуизмның түрлі секта өкілдерінің ұсынуымен 2 бағыты қарастырылады:
1. Вишнуизм;
2. Шиваизм.

Шиваизм [śaiva -Шивадан пайда болған]Шива атаулы Құдайға табынудан көрініс табады.


Вишнуизм[санкрат тілінде वैष्णव धर्म] — тиісінше Вишняға (Вашнайға, Вишнуға) және оның аватарлары Кришна мен Рамаға табынудан тұрады.

Индуизмде дәстүрлі жоғарғы Құдай ретінде негізгі үш Құдай атап өтіледі: Брахма, Вишна, Шива. Олар ТРИМУРТАны құрайды, яғни дінбасылардың триадасы деп. Атап айтсақ, Брахма — Жаратушы Құдай, Вишна — Сақтаушы Құдай, Шива — Талқандауды мақсат еткен Құдай.
Айтып жатырмыз ғой Құдай тарапты жандар деп… индуизмның ерекшелігі, олардың қатарында жан-жануарлар мен зооморфты кейіпкерлер де бар. Ең танымалдары — вахан мен диггадж. Вахан деп міністі жануарларды айтады, бір қызығы әр Құдайдың өз ваханы бар. Диггадж деген жерге тиек болған пілдің төрттігі…
Индуизмнің майын тамызған үндістің сөйлеу мәнерінен, санасынан,әрекетінен ешқандай менмендікпен қатар қорқынышты байқамайсыз. Индуизм ізбасарларын осы қасиетке шақырады. «Анам- үнсіздік,әкем — күш» деген тұжырымды аузынан шығарған қатардағы үндіс — реалист те, идеалист те,қиялшыл да! (айкезбелікпен шатастырмаңыз!)
* * * жалғасы бар. Параматмам жаныма шексіз эйфория сыйлап, «Шәй,қайнады, шәйіңді іш» деп сыбырлауда. Ниетін қабыл болдырайын, көріскенше

48 пікір

Abylai
Брахма — ғаламды, барлығын жаратушы
Вишну — бақылаушы, қадағалаушы
Шива — жоюшы
Енді қызық, абсолют "құдай" кім бар ма осы Индуизмде? Брахман? Атмана?
followme_alik
Біздің билік бөлініс қағидаты секілді ғой. Тек Президентсіз.
Abylai
неужели бірінші шеп жоқ? ) ең ең еңі?
followme_alik
Ақтарайық архивты, бәлкім Намба уан болып, артынан репутациясын жоғалтып алған Тәңірді көзіміз шалып қалар
Abylai
қазір тынышпыз ғо, айта бер тәңір деп, ертең оянад көршінің қызы, сосын біздің лавкамызды прикроет :) тырнақшаға алып жаз ойыбай, тырнақшаға )))
Abylai
сосын епті бірінші постты өзім жазайындеп жатыр едім, қайдан көре қалдың бұл блогты ашқанымды?
followme_alik
Ваю Құдайым ауаның күшімен сан қырлы әрекетіңнің фантомын көзге іліктірді. Риза болсын, VVVWWW түсінеді.
Abylai
Дауай Рамаяна эпосын аударайық? Махабхаратаны ше? Сұмдық эпостар, осы блогқа салайық. Чур жыл санауы менікі, Кальпа мен Юга, Дашаватар, Вишнудың аватарлары жайында өзім жазам!
followme_alik
Әттең, успел забронировать мои темы ;)
MSHERIMBEK
епті шетелдік қорлардан ақша алып отырсыңдар :)
VVVWWW
Онда Ведалар туралы мен қарап көрейін
MSHERIMBEK
Танымдық екен наттури :) Негізі осылар қызық көрінеді маған. Рамаяна мен Махабхаратты оқып фильмін де көріп тастағам :) Қазақшаға аударылған меніңше.
Abylai
Оқыған оқулығыңа, фильміңе сілтей отыр, қазақшасына болға тіпті жақсы.
MSHERIMBEK
Мына сериалды бастан аяқ көргем :)
Abylai
осының үшінші сериасында жатырмын, сапасы құссээээқ. Мүлтпилімін қараған он есе артық
VVVWWW
Индуизм тек қана дін емес, үлкен фәлсафалық ғылым, оны бір ғана постпен түсіндіру мүмкін емес, тақырыпты Абылай екеуің бөлісіп алыпсыздар ғой, мен де Ведалар туралы жазғым келіп жүрген
zhurttyn_balasy
Ом Намо Вишнуве!
korwinin_kyzy
senim
әдейі сенің пікіріңді іздеп отыр едім мынау жазатын шығар бірдеңе деп,
zhurttyn_balasy
Жалғастыра беріңдер, жұрттың баласына бұл тақырып қызық!
yesbolat83
Қазақтар-ай, қазақтар. Қашанғы өзгелердің мәдениеті мен пәлсәпәсіна қызығушылық танытып, насихаттап жүре береміз екенбіз-ааа? Әрине, түсінем бұл ғылым, қызығушылық екенін. Бірақ, неге өзіміздің қастерлі дініміз бен салт-дәстүрлерімізге осындай ниетте, құлшыныста болмаймыз. Өзімді дін мен тіл жанашырымын деп тұрғаным жоқ.

Неге осы сайтта дінді насихаттауға рұқсат болмаса да осындай блог ашылған? Өзіміз үндістер діні мен мәдениетін жетік білмей тұра насихаттаймыз, мәліметтер жария етеміз? Мүмкін қате ақпар беріп қойсақ ше?
Abylai
Брат қызықпасаң оқыма, қысықсаң блогқа қош келдің.
yesbolat83
Істеріңе сәттілік тілеймін! Бұйырса әртүрлі посттар жарияланады, кереғар пікірлер туады, өз пікірінде осы дінді мазақ етіп, күлкіге айналдыратын кездер де болуы мүмкін. Осындай жағдайлар туындап жатса осы діндегі бауырларымыздан ұят боп қалмас па екен.
Abylai
Ұялу жағын өзімізге қалдырыңыз )))
yesbolat83
Ұялу жағын өзімізге қалдырыңыз )))
Жәрәйт.)
Сәттілік!
Abylai
Бірақ, неге өзіміздің қастерлі дініміз бен салт-дәстүрлерімізге осындай ниетте, құлшыныста болмаймыз.
Бұл сайтта осы тақырыптағы ақпараттар аз жарияланған жоқ, Индуизмге арналған бір тақырыпқа бола бәрі Шиваға табына кетпес
MSHERIMBEK
Есеке, насихат емес, дұшпандарымызбен танысу :)
Abylai
Қызықпағандар оқымай-ақ қойсын, Индуизмді насихаттап жатқан біз жоқ, сендердің Вишнуға табынып кеткендеріңізден бізге келіп-кетер пайда жоқ шырақтар. Қызықсаңдар қош келдіңіздер.
MSHERIMBEK
Жігіттер, дұрыс түсінбестік болмасын. Бұл танымдық сайт. Егер біреу Ислам яки Христиандықтың негіздегі туралы сырттай танымдық посттар жазам десе, ешкім қарсы болып жатқан жоқ. Ал, сақал балақ, намазды қалай оқу, яки құдай шынымен үшеу ма деген сияқты спорный сауалдарды жазуға тыйым салғанымыз рас енді.
korwinin_kyzy
Сөзін өзгеріпті го? Суслик болмасаншы!!! Бұрын басқаша сөйлетын тұғынсын!!! Енді келіп секіріп жатсын. Діннін аты дін Исыламды болмайма басқа дінді де болмас.
((
MSHERIMBEK
мені ғайри дінсің дегің келіп отыр ма? мен әлхамдулилла мұсылманмын айналайын. және сенің осылай күмәндануың сенің иманыңның бүтіндігіне күмән туғызады. Ислам туралы жазуға ешкім кедергі келтірген жоқ. Жазылып та жатыр. Бірақ, спорный вопростарға бармайық деп отырмыз. Сол үшін дін жөнінде жазуға болмайды делінген еді. Ал бұл танымдық пост. Бұл жерде Шиваның қолы алтау ма, әлде ол адамға ұқсайды ма, әлде ләмәкән ба деп жатқан жоқ ес че :)
korwinin_kyzy
Айналмаяққой! Мен сені КАПЕР деп айыптаған жоқпын!!!
Ал жақсы Ислам туралы жазылсын, бірақ біз олар мен сансуымыз керекпе? Ислам туралы жаздық давай енді Будда туралы жазайық сосын Хаббарт туралы жазылсын Ал сосын не болды?????
Соңғы өңделген уақыты:
MSHERIMBEK
Жазылсын. Мектептерде онсыз да дінтану сабақтары өтіліп жатыр ғой. Будда, Христиан, Ислам діндерімен оқушыларды жалпылама таныстырып. Онда тұрған не бар екен? Саған ұнамады екен деп мектеп бағдарламаларынан да алып тастасайшы.
korwinin_kyzy
Дим дә?
сырттай
деген предлог тауып алыпсынго,? Бұрында бұл предлог болған жоққо
korwinin_kyzy
Запше сайытта дін тұралы керек емес!!! алғашқыда солай болды до канса солай болсын,,,, ал Ислам өзіміздін төл дініміз… ол туралы жазсақта жазамыз, жазбасақта жазамыз!!!
Басқа да бұрмаланған немсе адасқан немесе қырсыққан діндерді жарияап не керек.
MSHERIMBEK
Астафирулла :) Сен Индуизмді бұрмаланған дін деп жатсың ба? Шивадан қорықсай бауырым :)
korwinin_kyzy
Бот ето да! Егер серезно қарайтын болсақ Аллахтан тускен 3 дін бар Ислам, Иудаизм жане Християн. Иуда мен Христ бұрмаланған адамдар тарапынан Аллах өз қалауымен Исламды ақиқат дін етіп қалдырды жане жалғыз қабыл болатын дін осы ғана. Ал индуизм запше бұрмаланған дінге де жатпайды адамдар шығарған дін.
MSHERIMBEK
Әрине, досым. Оған күмән жоқ қой. Бірақ, мәселе Индуизм де дін ретінде қалыптасты. Мораль жағынан басқа діндерден асып түсетін жерлері де болып жатады. Бірақ, осы үшін ешкім индуист болып кетпейді, негізі.
MSHERIMBEK
Кыстати, бізде Ислам жөнінде 100ден астам пост бар. Дінді ұстанушылар өз сауалдарын тиісті жерге қояды. Ал, мұнда жай сырттай айтылып отыр. Оған бола қан құсудың яки ауызбен дәрет сындырудың ретін көріп тұрғаным жоқ.
korwinin_kyzy
Сендер тек Келін телесериалын қарап қана қоймайсындар, сол сериалдағы елдін әдет ғұрыптарын өздеріне жұқтырасындар.
Бұл КЕЛІН сериалынан шыққан резултат!!! Бүгін БЛОГ ашасындар, Ертен дворга солардын Гибадатханасын салып қоймауына кім кепіл. !!:::!????!!

Ақиқаттан аулаққа алыстағасын,
Надан десем өлердей намыстанасың.
Саналы деп санаймын қалайша сені,
Алла ұсынған заңменен таныспағасын?

Шариғатқа сай етіп іс қылмағасын,
Сүннетіне Нәбидің пысқырмағасын,
Зауыққа ерген өзіңнен артық деп білем,
Тауық деген ақылсыз құстың бағасын.

Симайтын жанмын дерсің-ау ноқтаға басым,
Хадистен хабарсыз болғасын жоққа нанасың.
Қай атыңа жақсы сөз айтуым керек
Аятына Алланың тоқтамағасын?
Jako
Қайреке, ризамын саған, бұрысты бұрыс, дұрысты дұрыс деу керек.
Manas
Қос Брахма,әзіл, ей
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Жасы кіші Брахманың оң қолындағы не?
Abylai
ахахахахааа ептііііііі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.