Кішкене қызға сыйлық он бес минут ішінде)))

Кішкентай сіңлілерім бар болған соң, әрине баламен бала боп кетемін. Жылтырақ шашқа тағатын шашбау, ободок, заколка, резинка сияқтыларға назарым көп түсетін болған.
Содан, өткенде бір ободок көргем, бағасы енді әрі кетсе 100-200 теңге болу керек, ал ол 1500 теңге дейді. Сондағысы жылтыр пайеткамен көмкерілген гүлі бар. Ал негізі, ободоктың өзін айтам, кез келген дүкенде сол 50 теңге тұрады. Ақшаны аяйтындардың қатарынан емеспін, әсіресе сіңлім десе, бірақ осы жолы «жаба» қысты))) Үйге келіп, өзім жасап көрейін дедім.

Қатты матадан екі жүрек пішінді қып кесіп алдым да, бірінің үстін алтын түстен пайеткамен тігіп шықтым, әдейі қызыл жіппен тіктім, өйткені ободоктың өзі қызыл. Сосын екі жүректі қосып, екі шетінен тесік қалдырдым да ободокты өткіздім. Желімдеп, тігіп, қатырып тастадым)
Нәтижесі мынау:


8 пікір

ardak1996
Керемет екен*Тамаша… Және мына жүрекшенің орнына түрлі пішіндер қолдануға болады!
Aizhan
Arine Ardak, ornyna kez kelgen piwin bolsa bolady :) Bastysy idea goi :)))) Kara tustisin ozime jasap almak oiym bar :DDD
ardak1996
сосын қызыл түсті тоқыма жіп алып 2инемен 10қатар тоқып тіктөртбұрыш болғанда, ортасынан жіппен орап тастасаңыз бантичка болады.Олда өте әдемі шығады.
Korkem
өзің он саусағыңнан өнері тамған өнерлі екенсің, алдыңнан жарылқасын!)))
Moldir_96
керемет екен, Айжан! жасаған бұйымдарыңыз тамаша!
AKA
Құшты, тек жіптері айқын көрініп тұрады екен. :)
madlen
Бұнысы енді более менее түсінікті
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.