Спанч Боб

Ең мықты суретші, ол – ең үздік психолог. ©

Кімде-кім үміттенбесе, ештеңені қаламаса, ештеңеден қорықпаса, онда ол ешқашан суретші бола алмайды. /А. Чехов/

Айтпағым ол емес… Барлықтарыңызға «Sponge Bob» деген атпен белгілі Губка Бобты таныстырмақпын. Губка Боб – түр жағынан асханада ыдыс жууға пайдаланатын губкаға ұқсас болғанымен, ол теңіз губкасы. Оны басқадан тез ажыратып алатын ерекшеліктері: үлкен көк көздері, денесін қаптаған тесіктер және аузынан шығып тұратын екі үлкен тісі мен бетіндегі сепкілі бар ойығы. Әдетте, оның үстінде қысқа жеңді ақ көйлек, қызыл галстук және қара белдігі бар төртбұрышты қоңыр, қысқа шалбары болады. Аяғына ақ жібі бар қара бәтеңке мен қызыл, көк түсті сызығы бар шұлық киген. Бұл персонажды американдық теңіз биологы және аниматоры Стивен Хилленберг ойлап тауып, актер Том Кенни дыбыстаған.
Ошым, қалғанын гугл әжелерің айтып берсін. Әңгіменің қысқасы, осы персонажды мен қабырғаға (иә, иә, кәдімгі үйдің ішіндегі қабырға) бейнелемек болдым. Алдын-ала ескерту: ешқандай да суретші емеспін, жәй қызығушылық һәм тәжірибе. Сонымен суреттер сөйлесін…
1. Керекті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті гуашь, бояу жағатын қылқалам, акварель және әр түрлі түс шығару үшін ақ парақтар қажет.



2. Жазда жер үйде тұратын қауымның көбі жазғы үйлеріне (времянка) шығады. Бізде де дәл солай, көктемде жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Анамның рұқсатымен сондағы бір бөлменің қабырғасына сурет салмақ болдым.



3. Алдымен қара гуашьпен салатын суретімнің нобайын сызып шықтым. Суретті 3-4 рет қана көргенім болмаса, қалғанын ойша сала бердім.



4. Сызған суретімізді түрлі-түсті бояулармен бояуды бастаймыз.



5. Мен түстері қанық болсын деп екі реттен боядым. Жұмыс уақыты тура 2 сағат 15 минутты көрсетті. Міне, дайын болған сурет!



Осымен жұмыс бітті, алғашқы тәжірибелік мақсатта салынған суретім болатын. Алдағы уақытта күрделірек туындыларды салу ойда бар. Бастысы демалыста уақытты тиімді пайдаланып, сонымен қатар үйдің де сәнін жақсартуға болады. Дәл осылай балалар бөлмесін, қонақ күтетін бөлмелерді әсемдеуге болады. Бұл жұмысқа қызығушылықтарыңыз болса жасап көріңіздер, сәттілік!

Пы.Сы. Кейбір элементтерін салуды ұмытып кетіппін, оны кейіннен ғаламтордан суретін көргеннен соң білдім. Әлі де толықтырулар жүргізіп, жан-жағына Бобтың достарын да салармын бұйыртса. Асығыс аударылып, жазылды. Қателіктер болса алдын-ала кешірім сұраймын, түзетуге әзірмін.

26 пікір

pana
мяяя)) мынауыңыз керемет позитив болды)))
balgalym
әдемі, АКА өзің тамаша қыз екенсің, қолыңнан келмейтіні жоқ-ау, жарайсың! +1
Асығыс аударылып, жазылды.
нені аудардың?
AKA
Курсивпен жазылған мәлімет википедиядан алынып, аударылды. Рахмет :))
qarasaqal
Аааааааааааааааа, Спанч Бооооб:) Осы мультфильм десе ішкен Маxi Шәйімді столға қоя салам ше:)
qyrmyzy
КЕРЕМЕТ! Менің үйімнің қабырғасына жайлаудың суретін салатыын боласың, ИНШ! Дайындала бер! Сосын инетті шарлап қайтесің, міне, саған менің кідәйларым, жәндерім:

скайпта «нестеп отсың, нестеп отсың» дейсің, міне, фотоға түсірдім!
AKA
Иии, жарайсың, рахмет! :)) Өзің сатып алдың ба, әлде сыйлық?
скайпта «нестеп отсың, нестеп отсың» дейсің
:))) Қайдан білейін, төбелес боватр ма деп қалдым ғҰә :))
qyrmyzy
Сол жақтағысын еееееңңңңңңң жақын құрбым — Бақыт сыйлаған. Ішінде пенопласт, «жүйкең жолдасыңа керек» деп жаңа жылда былтыр сыйлады. Жыным ұстаса, Спонжиымды мыжыймын:)))). Ал оң жақтағысын Семейден сатып алдым естелікке. Әр қаладан сондай бірдеңелер сатып алам. Ноутбугымның үстіне отырғыздым ғой спонжиларымды, соның дыбысы шығар.
Begimzhan
Тамаша! Бармағынан бал тамған қазақ қызы…
AKA
Рахмет, ағасы! :)
Ademi
Тамақтың түр түрін жасайсыз, пікірлеріңіз де салмақты. Енді мына өнеріңізді көріп, қуандым. Уақытыңызды текке кетірмейтін сияқтысыз! Жарайсыз! Сізден үлгі алу керек!
AKA
Мың алғыс, АРБ! :)
ereke_enu
Тісі қайда???
calendula
Иәәә, шынымен де тісі жоқ екен ғой, енді байқадым) Тісі қайда??
AKA
Тапты-ау бір адам, сонымен қатар кірпігі мен шұлығы да салынбаған. Назарыңызды мына сөйлемге аударайын…
Кейбір элементтерін салуды ұмытып кетіппін, оны кейіннен ғаламтордан суретін көргеннен соң білдім.
ereke_enu
Спанжиктің бала кезі ғой дей самайсың ба?))
alikona
мәә қызығып кеттім, менің еркіме сондай жарды берсе ғой шіркін неше түрлісін салатын! суретші емеспін дейсіз еще)))
AKA
Келдің бе, өткендегіні бұйыртса шығарамын. Дайындай бер, көйлегіңді :))
Togzhan
Уау… күшті!!!
banzaika1990
Тамаша. Керемет суретші екендігің көрініп тұр. Бірақ осы мультиктің приколын мен түсіне алмай-ақ қойдым, мән-мағынасыз секілді
Korkem
мәссаған! Мынау дегенің ғажап қой! Сурет салуға деген қызығушылығым бар еді))) бөлісермін
qaraqyz
сіз тағы айтасыз ойша салдым деп. нақ сол жіне дұрыс қой
qaraqyz
ой жіне емес және
AKA
Jako -2
Түсінем ғой енді, не дегенмен
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.