Қысқаметражды ертегі Қағазбен бірге...

Сәлем, Айтаберліктер!
Бүгін біз сіздермен қысқаметражды ертегі оқи отырып, оған қатысқан 1-2 объектілерді қағазбен жасауды үйренеміз.
Ертегінің аты: "Ұят болды-ау"… Пы/сы: өзім қойдым.
Алдымен ертегі жасауды бастамас бұрын өзімізге қажетті материалдарды дайындаймыз. Яғни, қайшы, пламастер және ақ парақ...

Ақ парақтың бір ұшын өзіне әкеліп, ұқыптылықпен бүктейміз.

Сосын, оны кіп-квадрат етіп, қайшымен қырқып, қағаздың керек емес кішкене бөлігін мусорға тастап келеміз.

Квадрат қағаз п/б. Енді, суреттегідей қағаздың төрт ұшын ортаға майыстырамыз.

Теріс аударып, 4-ші суреттегідей тағы бүктейміз.

Тағы да төңкеріп, бүктелген қағаздың үстінгі бетіндегі жұқа бір парақтық беттің ұшын сол қағаздың ұшына тұспа-тұс әкеліп, бүктейміз. (Көріп тұрғандай, әдей пламастермен бояп қойдым.)

Осы тұрыста, пайда болған ків-квадрат дененің төрт бұрышын ортаға жинақтап, тағы да бүктейміз.

Аударған кезде, қағаз өздігінен 4 бөлікке бірігіп тұрады, яғни бұл үйдің терезесі, әрбір бөлікті майыстырып ашамыз да, тағы да бүктейміз.

Дайын болған терезенің рамкалары пламастермен бояймыз. (Яғни ремонт басталды.) Терезенің ішіне кемпір мен шалдың суретін саламыз.
.
.
.
Ертегі: "Ұят болды-ау" (… Мына қазір ертегі толық жазылмауы мүмкін, тиянақты шықпаса да, қазір жазып отырмын, яғни алдын-ала дайындалмадым, егер толық емес десеңіздер, фантазияңыз бар болса, өзіңіздің де қолыңыздан келеді.)
… Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. Бар екен де, жоқ екен… Бір баяғы да кемпір мен шал өмір сүрген екен. Олар өте кедей болыпты… Бір күні кемпір мен шал терезесінің алдында отырған кезде, бір қарақшы өтіп бара жатып, 10000 теңгесін түсіріп алыпты.

Бір кезде шал есігінің алдын тазалап жүрген кезде, сол қарақшының 10000 теңгесін тауып алады да, мәәз болып кемпіріне сол ақшаның жартысына көйлек алып береді.

Кемпір де ырза болып, тауып алған ақшаға қуанып,қалған жарты ақшасына шалына ноп-новый дамбал алып береді.

Біліп қойған қарақшы, ақшасын жоғалтып қойғанына ыза болып, кемпірге келіп, пышақпен сес көрсетеді. Өз ақшасын қайтарып алмақ болып, ақшаны қайтаруға 1 күн срок береді.

Қорқып қалған кемпір, срошні шал екеуіне кафеге кездесу ұйымдастырып, ду-ду гәп болады.

Ақылынан алжаса бастаған қарақшы, кемпір мен шалдың ізін аңдып, екеуі отырған кафеге жетіп барады.
Қорқып кеткен екеуі қаша жөнеледі. Шал қайыққа мініп…

Кемпір параходқа мініп…

қаша жөнелген соң, қарақшы да қолына қайшы алып…

соңынан қуа жөнеледі… Кемпір адасып, белгісіз тау жаққа кетіп қалады

Шал да белгісіз аймақта адасып, жоғалып кетеді.
Қарақшы да сол күйі ақшасын ала алмай қалады…
.
.
Назар салып, оқып шыққандарыңызға рахмет...(ойым шашырап қалды, кешірім сұраймын, келесіде бұлай қайталанбайды.)

Ертегі қызық болдыға жатқызсаңыздар, немесе осы өнерімді бағаласаңыздар, қоржынға алтын салуды ұмытпаңыздар!

.
.
хо-хо-о-чууу…

15 пікір

Korkem
ық-ық, күшті кетті)))) идеяң тамаша! Жалғыз-ақ блогын дұрыс таңдамапсың
Zhassiko
блогты таңдауды білмей отырмын..((
рахмееет, мәз болпқалдым ғой.
Sabions
бұрындары дос балам өйістіп қағаз ұстап, ертек айтып болып, ең соңында ақша сұрайтын ")
alikona
мәәә қалай ерінбейсін мынадайлар жасауға! тамаша!
Meirzhan
Тағы қандай ертегілерің бар? қызығып кеттім
AKA
Мықты! Енді жеткізу жағын сәл жетілдірсең, күшті болайын деп тұр.
ardak1996
Керемет! Уйдегі сіңлі-інілеріме айтып, жасап беруге болады екен. Бірақ ертегінің тәрбиелік мәні зор болғанда тіпті ғажап болар еді)
ardak1996
айтпақшы ана байқауға қатысу ойыңда бар ма?
Zhassiko
Рахмеет, тәрбиелігі жағынан сәл не то болып қалды… пффф
қатысу ойымда бар, бірақ біртүсті ғой, ұялам ыыи
dimash
Осыны бұрыннан білуші едім (сәл өзгешелігі бар)
Сайтқа жазу ойыма келмепті, тамаша болды))
banzaika1990
постты оқып отырып менде дәл осылай ойлап, пікірге жазғалы жатсам.))))) Ана Раушан гүлдерін де еңбек сабағында жасатушы еді бізге
Aidon
Салеметсиздерме! осындай кызыкты ертеги ушин алгысымды билдиремин! мен тауды жане сонындагы коржынды истей алмай койдым! комектесип жибериниздерши!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.