Көрінбейтін суреткер...

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталатын болса, актер қауымы үшін грим бөлмесінен екені анық. Кезекті қойылымға әртістеріміздің бірі әндерін айтып, бірі билеп, енді біреулері көйлек-көншектерін киіп дайындалуда. Сахнаның сыртында да актерлерден өзге хас шеберлер бар екенін ұмытпайық! Ол әрине, гримерлердің жұмысы.
Көрермен көзіне түспейтін, тек еңбегін ғана көретін, театр өнеріне аса қажетті қызметкерлер – грим салушылар. Олар үнемі әртістермен бірге әр қойылымның кейіпкерлері шынайы шығуы үшін ат салысып, әрбір бейненің болмысы мен сипатына қарай портреттік бейнелерді айнытпай жасаушы шеберлер. Осындай өнерімен, талантымен түрлі-түсті бояу арқылы адам бет-бейнесін айнытпай келтіріп, көрерменнің көңілінен шығып жүрген грим салушы Әсел Қарабалинаның шеберлігі ерекше.


Әсел Қарабалина: Жанұямның барлығы өнерге жақын болғандықтан, әкем мені осы саланы меңгеруіме негіз болды. Өкінбеймін. Біздің бір күніміз бір күнімізге ұқсамайды. Күнде шығармашылық ізденіс. Портреттік бейнені ашу ішін, грим жасау үшін арнайы зерттеу жүргіземіз, кейіпкерлеріміз ішінара таныс боламыз. Кітаптарды да оқып жатамыз.

Адамды қартайту – бояу түстерге байланысты екен. Осы мақсатта «тәуекел» деп өзіме грим жасатпақшы болдым. Байқағаным, жас ажарды барынша қарт көрсету үшін боз рең жағып, әжімдердің суретін салатын көрінеді. Қылқаламымен қоңыр түсті алып, көздің ішкі бұрыштарынан жағыма қарай, мұрыннан бастап езуіме қарай жіңішке сызықтар жүргізіп өтті. Көздің астына көлеңкелеп бояу жағып, самайыма бірнеше сызықтар жүргізді. Ал көзімнің бұрышындағы екі қызыл дақ – бетті кәрілеу етіп көрсетуге негіз болады екен.



Міне, мүлде басқа адам. Әп-сәтте 20 жастағы мына мен, ақ жаулықты әжеге айналдым. Бұл да бет-ажарға сурет салудағы бірден-бір ерекше қабілет болар, сірә. Өкінішке орай мен әртіс емеспін, сондықтан шынайы түрде әже бола алмасым да анық.
Грим шебері – қойылымдағы мылқауға – тіл, қимылсызға -қимыл, талапсызға – талант беретін актер мен режиссерден кейінгі басты тұлға. Олар сөздің емес, істің адамы. Олардың бойында табиғаттың берген таланты мен суреткерлік шеберлігі болғанда ғана кейіпкер кескіні көңілдегідей шықпақ. Жерлесіміз Әсел болса осы сыры мен сиқыры мол өнердің өрінен, талантының төрінен көрініп жүрген шеберлердің бірі екендігіне талас жоқ.
Тағы бір қосарым, жазбамның кейіпкері Әсел эстрада да ерекше дауыстарымен танылып жүрген «Заман» тобындағы Әсеттің туған апасы

4 пікір

dimash
Былай былай қарасам да жиырмадағы қызды көре алмай отырмын :))
zada2292
бұл — еңбектің көрінгені…
Dan4ik
МЕНІ өйстіп істесе түрімді, түрі келіспей қалған адам болам ғо гарантия
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.