Сәбиге арналған башмақай))))

Назар аударыңыздар «Айтаберліктер! Бүгін мен сіздерге кішкентай сәбиге арнап тоқыған нәскимен бөліспекпін, (жүкті келіншектер істеге іс таппаса өз сәбилеріне тоқып отыруына болады, таптырмайтын ермек, кешірерсіздер өз әуеніме басып кеткеніме). Сонымен, бізге оны тоқу үшін көк, сары жіп, екі спиц, жуалдыз ине, қайшы керек.

1) 22 ілмек іліп алып 60 қатар тоқимыз:

2) Тоқып болған соң 8 ілмекті бітеп, қалғанын сарымен жалғастырамыз, 4 қатар сары, 4 қатар көк етіп кезек-мезек тоқимыз:

3) Сосын оны теріс жағынан айналдыра әкеліп біріктіреміз, мен спицпен бекіттім немесе жуалдыз инемен тігіп қойса да болады.

4) Одан кейін суреттегідей етіп, табанын және біріктіреміз:

5) Оны айналдырып оң қаратамыз да көк, сары болып тоқылғандардың басын инемен біріктіріп, жинақтаймыз:

6) Жанынан көрініс, бас жағы қайырылған:

7) Енді оны крючокпен сәндейміз:

8) Енді башпақайымыз дайын!

9) Мынау ақ және қызыл жіппен тоқылғаны:

Осымен болды, мұны қайдан алдың деймін десеңдер кезінде ғаламтордан алып, сақтап қойған екенмін, нақты қай сайттан алғанымды білмедім. Суреттер ұялы телефонмен түсірілгендіктен сапасыз, ол үшін кешірім сұраймын!
Алдағы күнде тағыда жылы жүзбен жүздескенше!!!

71 пікір

AKA
Вааай, өзіңіз тоқығанбысыз? Қолыңыз дерт көрмесін, тамаша!
Korkem
Аха, өзім тоқыдым...)))
AKA
Осындай өнерлеріңді ортаға салсаңшы, риза болайын. Мамадес! Құшты, керемет!
Korkem
Жалғыз өзіме қызықсыз боп жүр, менімен жарысқа шықсаңшы екеумізде жүйрік аттай бір шарықтайық..)))
AKA
Ойдойт, дуэль?! «Сіз» деп бастаған сияқты ек, «сен»-ге көшіп кетіппіз, сонымен «сіз» дейміз бе, «сен» дейміз бе?
MSHERIMBEK
„Ее„ деген сыпайы сияқты:))))
MSHERIMBEK
Осыны да пікір деп:)))) Не сызылу мынау?! Айтсаңшы, басееееп басып! Керосин қайдаааа?
AKA
Анда көре алмаушылық дей ме сондай әңгіме болған, маған тигізіп айтты ғой білем. Жазған факттерін көре алмадым, иә, қалай көрем, іші толған қате ғой?! Соның кесірінен бүкіл қазаққа күйе жағылмасын деп, мен бір шешімге келдім… базына, тойыс қазына толған әдемі сөздерімді паш етпекпін.
Korkem
Алыңнан жарылқасын! сен дей берейік құрдас шығармыз..))) Ал анда саған еш қатысы жоқ меніңше, менің ондағы айтпағым бірде СЖ-да сондай шайқас болған, сол автор ма деп ойлап ем блог авторын… Бүкіл қазаққа күйе жақпа деп қарсы шығам деп абырой таппадым, меніңше, керек емес «ел ішінде бір тентек жүре берсін да»
AKA
Жоқ, оны түсіндім, ол жерде қатал адамдар жайлы да сөз қозғалғандай, астарында…
«ел ішінде бір тентек жүре берсін да»
О, Аллаһым, не жаздым?! Жәрәйды, мен-ақ жаман, қатал болайын…
Korkem
уахахахааааа)))) мен мақала авторын айттым емес пе :))))
MSHERIMBEK
Не сызылу енді, мынау?:) Шымкенттің қызы дейді ғой еще:)))))))))))))))))
Korkem
әжесстің, Садко керосин жарамайды екен, бензин әкелсейш..)))))))
MSHERIMBEK
Құдай-ау, не дейд?:)
AKA
әжесстің
Ужс! Не ғой… «сіз» дей берейікші, ұрысқан кезде «сен» деген джамааан естілеД та, оның үстіне Шымкенттің қызы болсаң тіптен…
Korkem
ұрысқан кезде
Түсінбедім, мұнда кім ұрысып жатыр?
AKA
Болашақта ұрсыспайтындығымызға кім кепіл?! «Сіз-біздесіп» мәдениетті түрде ұрсысайық дейм да. :)
Korkem
мяяяя, мен жол бермеуге тырысам, мейлі «сіз-біз» бола салайық, бірақ байқамай «сен» деп қалсам, очм коніл-куйіңді түсірмеңіз))))
AKA
Мейлі, болса да жаман арамыз,
Бөлек болса да қаламыз
«Айтаберде» боламыыыыыыыыз!
:)
Delfina
АКА Көркем екеуінізге керосинде, бинзинде жарамайды екен ))))))))))))
dimash
СЖ-дагын әлі ұмыта алмай жүрсін ау))))) прикинь мен ол кызбен де жақсы дос болып кеттім, сол сұрақта Абылай ақыры ашта ғой мен құлақ етіп жеп болмаған соң)))
MSHERIMBEK
Не мынау енді? Сені Қызылорданың қызы деп ойлап жүрсем))))))))))))))))))
AKA
башпақай
Дұрысы — башмақай сияқты еді… Тақырыптағы жақшалар ше… оййй, үндемеймін деген екенмін ғой.
Korkem
ооо Ака рахмет, енді солай жазамын. Біз жақта нәски дей береді. ))))
Jako
Өз туындысын еркелеткен шығар«башпақай»-деп,қарға баласын аппағым дейді.
AKA
«Башмақай мен башпақай» деп еркелетуден айырмашылық таппадым, бірақ орфографиялық жағынан қатесін айттым, болды.
Arhun
уси-пуси қандай сүйкімді башмақай...! =)
MSHERIMBEK
Қандай сүйкімді қыз дей ма десем:)
Korkem
Амал нешік((((
MSHERIMBEK
Жігіттердің бары осы болған заман. Қайтесің енді, қарағым) Көнесің де басқа салғанға:))))))))))))
Korkem
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде) 21 ғасырдың жігіттері-ай)))
MSHERIMBEK
Главный көнсеңіз болды ғой! Ары қарай беташар, құдалық, той өзіміздің мойнымызда:)))))))))))))))))))
Korkem
вахахахаааа))) кума, қумаңыз...))
Korkem
жете алсаңыз егер)))
ereke_enu
жоқ, ішіп алып қуу)))
Jako
Маған көк,қоңыр араласы ұнады,ұл балаларға қатып кететін сияқты.
ereke_enu
Не ғой, башпақай керемет екен… Былай 41-нші размерден қалмады ма?)))
Korkem
Ол кімге керек еді?
MSHERIMBEK
Менің де әкем сұраған еді жаңа:)
Korkem
Әкеңіз әлі сәби ме еді?
ereke_enu
«Зема, сен қайдансың?» деген сияқты сұрақ қой бұл))
Korkem
үййй ұйықтамайсыз ба?))))
ereke_enu
Сол мен де бір блог жазсам ба деген арам ой туып тұр)) Бірақ, түнде отырып жазған қатерлі ма дейм…
Korkem
Біреу құлағыңызға аямай лапша ілген ғой, қайссы ол "қатерлі" деп қуып жүрген? Қорықпай-ақ жаза беріңіз...)))
ereke_enu
Қуып кету қаупі бар. Өзімнің жеке тәжірибемнен...)
Korkem
Алдыңыздан жарылқасын..)))
ereke_enu
Әмин… Ал, бастадым… Ісіме сәт! Өз ойым. Бұрындар қыздар ұйқы бермейтін еді, қазір шамадан тыс патриот боп кеттім бе, білмейм, елімді ойлап ұйқтай алмай жатырмын))
ereke_enu
Әзіл ғой… Аналарды көріп, өзім кигім келіп кетті)
Korkem
Құдай-ау, 41 размерлі сәбиді әлі көргем жоқ)))
ereke_enu
Білмеймін, қанша жасқа келсемде анда санда өзімді сәби сезінгім келеді...)
Korkem
Ендеше сәбидей мәпелейтін әйел жолықсын деееп тілеймін)))
ereke_enu
Әмин… Сол ғо бастысы… Сізге де лайықты жігіт жолықсын деп тілеймін.
MSHERIMBEK
Көңіл шіркін әлі сәби ғой:)))
Korkem
вахахахахахааа)))
TERISKEY
Сәлем, Көркем. Мына башмақайларыңыз ұнады қатты. Енді… енді ұсынысым бар, сатуға қалай қарайсыз? Кеше ғана жиенді болып ем, сәбиге жақсы екен мына сый. Қолыңыз дерт көрт көрмесін.
Korkem
Сатпай-ақ сізге тегін берейін, жиеніңіз ұл ма, қыз ба? Қайдан боласыз?
Delfina
Тегін болса… менде жақында жиенді болғам Көркем. ақтөбедемін.)))
TERISKEY
Мен Шымкенттен болам, қазір Алматыдамын. Жиенім қыз, аты — Хауа-Райян:) Олай етпеңіз, Көркем, көз майын тауысқан еңбегіңіз бар емес пе? Данныйларыңызды жекеде алсам, қарсы болмас па екенсіз?
MSHERIMBEK
Мәәәссаған, аты күшті екен;)
AKA
дерт көрт көрмесін
«Түйенiң жаманы – көрт, шөптiң жаманы – керт» дегенді естуші ем… очм қате кетҚапты
Korkem
Неғып мен байқамағам? Сіз де қай қайдағыны көре береді екесіз...)))
Delfina
Көркем керемет. Мынау деген оңай ғана жасалынатын дүния екен ғой. Маған осы мықты қиын сияқты көрінетін.
Korkem
Біреуге көмегім тиіп жатса қуанам ғой...))
ardak1996
Көркем апау мен мына суреттерді сақтап алып, әне тоқим міне тоқим деп журіп ақыры бугін тоқыдым тамаша шықты.Көп рахмет сізге))) алдында шарфты ашумен сөгіп тастағаныма өкініп инелерді қолыма алмай қойып едім…
Korkem
уау, күтемін онда, салсай осында, оны да көрейік
qyrmyzy
мяяяяяя, мен тек крючокпен ғана тоқи алам, мынаны тоқып көру керек екен
Korkem
тоқы, тоқы. ішіп кеткеннен жақсы ғой муахахааа
qyrmyzy
ішуді де қоймайм ғой
Korkem
бір жағынан ішкен де жақсы ғой, сразу екеу тоқисыңбіреу екеу боп шығад көзіңе муахахааа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.