Dombyra Party Almaty: кешікпей келем деп ең...

Кеше неге келмедің? Сағат жетіден бастап күтіп отырдық. Адамдар көптен келді. Бірақ сенің жоқтығың білініп тұрды. Сол уақытта бәрібір де көшеде босқа жүрген шығарсың. Бір сағат уақытыңды қиып, Dombyra Party-шыларға қолдау білдірсең жақсы болар еді.

Он саусағынан өнері тамғандар: Суреттегі жігіт пен төменде ән салып отырған жігіт екеуі екі бөлек адам.

Әнді мына жерден тыңдай аласыз. SoundCloud коды жарияланбай қойды. :(

Мына суреттегі жігіт те, ән салған жігіт те жарады. Өткен аптадағы патиде қарлыққан дауысымызбен біраз ән салған едік. Бұл жолы добырабынң құлағында ойнайтындар келіпті.

Сонда да өткен-кеткен жұрт құлағын түрді. Аламатының кешін добыраның әуені тербетті. Ал сен келмедің. Кешікпей келем деп ең…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.