Проекция жетістігі, яки қайдасың Прохоров амиго!



— Си пи аш! Он екі де бірінші пункттен қате кетіп, адамның жартысы ғана трансформалациянып қалыпты! Уваххахахаха!!!
Корпорацияның әсем екі жүз қабаттық ғимаратының басында орналасқан сервис орталығының мамандары. Түгел корпорация осылардың бөлмесіндегі қара жасыл жәшіктегі ОН*пико белокпроцессорлы сервердің үздіксіз жұмысына бағынады. Тиісінше, ол суперкомпьютер бұйрабас Мұраттың басқаруындағы команда иелігінде. «Кибертранс» әлеуметтік желісі бұлардың өмірлерінің екінші жартысын қамтитыны кім біліпті! Әлбетте…
Әлбетте… Бірде физика, бірде философияны шұқылайтын амиго үшін, материяны трансформациялау әрқашан қызықты еді. Қызықты болғанда, бірден сонысына көшейік. Еден жуушы Ләтипаның айтуынша, бұ пенделер гравитация заңдылығын пайдаланып, лазерлік проекция көмегімен, кәдімгі айнаға ұқсас құрылғысы бар бөлмеде ретрансляция жасау арқылы, материя құраушы бөлшектерді толығымен көшіріп, сандық шифраторға салып, заттарды электронды почтамен жібере салатын көрінеді! Неткен сұмдық!
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!

9 пікір

MSHERIMBEK
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!
Начало фильмі еске түсті:))
Karakulov
Осындай мәтіндегі мақалаларды оқи бастасам терминологияларынан басым айналады. Өзімді біржасушалы тіршілік иесіндей сезіне бастаймын))
dimash
"— Си пи аш!"-тан бастап «Неткен сұмдық!»-қа дейін түсінбедім, Ал былайынша жаттап жүретін информаццяға тұнып тұр екен, тұнып.
qyrmyzy
амиго, не жаздың? Түсіндіріп жіберш, құлағым сенде
AL-ASTER
Жәй жорамал ғой. Мүмкін болса кейін пост қылдырып дәлелдермен келтірем)
Адамдар сандық ақпаратты интернет арқылы Әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесінен жібере алады оп оңай. Енді материалдарды солай жіберудің жолы зерттеліп жатырған деген ақпарат бар.
:)
pari
Былай оқыдым, тұрып оқыдым, отырып оқыдым, бірнеше рет оқыдым, тіпті үңіліп оқыдым, түк түсінбедім. Шынымды айтайын миым қабылдамады. НЕ мынау? Кішкене жалпақ тілде түсіндіріп жіберсеңіз???
pari
Маған бір сайттан қазашаға перевод жасалғандай көрінеді.
p689606
Хрущевтың кезінде СССР интеллектуалдық ресурсы, адамзат тарихында техникалық революциямен дүркіреткен.
Көптеген ғалымдардың арасында А. Прохоров Лазерге қатысты еңбегінің арқасында Нобель сыйлығын алған ғұлама кісі бар еді, тақырыпшадағы есім сол көрінеді.
Тақырыпты түсіну үшін, мәтіндегі әр түсініксіз сөзге қатысты бір бір ғылыми кітап оқып шығу керек, сонда не туралы айтылып жатқанын түсінуге болатын сияқты. Қысқа пост болғаны жақсы болған екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.