"Long Shadow Design" Photoshop Action

Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамызLong Shadow Design (ұзақ көлеңке дизайны) деген жаңа стиль шығыпты. Жаңа болғанда қашан шыққанын білмеймін, кеше rauan көрсеткенде білдім осындай стиль қазір сәнде екенін. Былайша жаман емес сияқты маған бірден ұнап қалды қарапайымдылығымен.
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз

Фотошопта да жасап көрдім, сосын rauan қалай жасадың деп қоймағасын :) осындай стильді автоматты түрде жасап беретін Action жазбақшы болдым. Орындалатын амалдар қарапайым болғанымен әмбебап Action жазу қиын екен, кеше таңғы төртке дейін жаздым бұ бәлені. Ақыры бірдеңе шыққан сияқты, менде еш қатесіз жасап тұр, ағылшынша нұсқасында да қате шықпады.

Сонымен қалай Action құруды, жаңа Action жазуды мына жазбадан біле аласыздар, мына жазба да осыған тақырыпқа қатысты, мен бұл Action-ді қалай жасағаным туралы жазбаймын, тек дайын Action-ды жүктеп алып, қондырып, қолдануды ғана көрсетемін. Оны былай жасайсыздар.
1. Алдымен мына жерден Action-ымызды жүктеп аламыз да, өзімізге ыңғайлы бір жерге орналастырамыз.
2. Photoshop редакторын ашамыз да, Операции (Action) терезесіне барамыз. Ол үшін Окно — Операции (Alt+F9) деп мәзірден таңдаймыз.
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз
3. Тізімге өзіміздің жүктеген Action-ымызды қосу үшін суреттегідей амалдарды орындаймыз.
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз
4. Боооолды, Action-ымыз тізімде. Енді кез келген жаңа құжат ашып, Play батырмасын басып қалсаңыз болды, Action орындалып кетеді.
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз

Ескерту. Action орындалу барысында екі негізгі бөлігіне келгенде тоқтайды, бірі фонның түсін таңдар кезде, екіншісі мәтін енгізер кезінде (мәтін көлемі, қаріпі, түсі, орналасатын жетін бәрін осы екінші мөлімде жасап алыңыз), егер сіз еш әрекет жасамай ОК батырмасын баса берсеңіз онда фон көк, мәтін txt болып енгізіледі. Мынандай болып.
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз

Тағы да ескерту, егер
Графикалық редакторлармен достасу: Long Shadow Design Photoshop Action жазамыз
терезе шықса, Продолжить батырмасын басып жалғастыра беріңіз, тұл қорқынышты қате емес.

Әй осыны видеомен көрсете салайыншы.

16 пікір

Abylai
түүй мынау жарияланып кетіпті ғо, оқымай тұра тұрыңдар, жазбаны соңына жейін жазып тастайын :)
Abylai
Болдым жазып, оқи беріңіздер :)
Abylai
Кімде қандай қате шықты, қай жері дұрыс шықпады, қай жері түсініксіз болды жаза отырыңыздар және осы экшіннің көмегімен жасаған шедебірлеріңізді осында сала отырыңыздар :)
rauan
Менде ағылшынша версиясында дұрыстап жасалмады, Rauan деген тексттің 94 копиясы жасалып, осындай тень боп қалды.
Abylai
Ыыыы, бәсе солай болатын шығар деп ойлап едім, қазір жөндеп көрейін
Abylai
РауанчеГ қайта жүктеп алш экшінді. Жөндеп қойған сияқтымын. Сосын айт жауабын
rauan
бұл жолы 94 копия шықпады… сонда да бір-екі кемшілік бар екен әлі...
плавный болып аяқталу жағын істеу керек…
Abylai
бір минут, енді тағы жүктеп ал )))
rauan
Керемет… жарайсың… таза мастерсің ғой… текстті жазып қарап отырасың өзі жасап береді =))
Abylai
Рахмет, бірінші терезе шыққанда, былай Цвет дегенді таңдап, фонның түсін өзің қоюыңа да болады. Текст жазған кезде тексттің де түсін өзгертіп кете аласың сол жерден.
Соңғы өңделген уақыты:
rauan
былай кейн эффектыдан өзгерте салдым
directxr


Джыыыынды екен гои мына экшн! Шынында да көзге қарапайым көрінгемімен астында қанша еңбек, күрделі командалар жатыр, түнімен дайындап бөліскеніңізге рахмет, Абылай!
Abylai
Экшінді жаңартып қойдым, бұрынғы нұсқасында 274 команда орындалатын еді, жаңа нұсқасында 41 команда орындайды тек, әрі жылдам.
rauan
Абылай вк-ға кіре аласың ба? компта бір қателер болып тұрған еді…
Arhun
күшті және керек нәрсе… тамаша
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.