Алғы сөз (Adobe Photoshop)

Сәлеметсіздеме құрметті «Айтабер» қолданушылары :) ©
«Adobe Photoshop графикалық редакторы» блогын ашып алып ішіне ештеңе жазбай кеткенімді кеше байқап қалдым, сонымен бүгіннен бастап осы блогты қолға аламын.

Бұл блогта не жазылады?
Бұл блогта Adobe Photoshop графикалық редакторы жайында сабақтар, бейне сабақтар да жазылып қалуы мүмкін. Суретті өңдеудің қыр сырлары, бағдарламаның мүмкіншіліктерін барынша ашып түсіндіруге тырысамын )


енді кішігірім анықтамалар.

Компьютерлік графика дегеніміз не?
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Компьютерлік графиканың қандай түрлері бар?

өзім негізгі екі түрі бар шығар деп ойлайтынмын. Біріншісівекторлық, екіншісі расторлық деп. бірақ фракталды деген де түрі бар дейді білгіштер.

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Ескерту: келесі мәтіндерді бір рефераттан көшіріп жазып жатырмын.

Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.


Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады.


деееп жазыпты бір рефератта.

міне растырлық кескін мен векторлық кескіннің айырмалышығын мына суреттен анық байғауға болады


ал мынау фракталды сурет (фракталды сурет компьютердің формулалар көмегімен жасалған суреті)


сонымен жалпы компьютерлік кескіннің негізгі түрлерімен таныс болға екенсіңдер, енді келесі постта фотошопқа кірісеміз

фотошоп болашақта осындай болады дейді мыс ))(оң жаңтағы баптауларға назар аударыңыздар)))

23 пікір

rauan
ОО Абылай бастайын деп жатқаның жақсы болыпты, сенен күшті күшті видеоуроктар мен уроктар күтемін… Жду с нетерпеникм )))
MSHERIMBEK
Дұрыс болды, бастағаның!
KILYZAMAN
Әбеке, осы кескіндерің салмақтары жайлыда айта кетсеңіз…
Korkem
Тамаша! Мынауың тамаша кетті, осылай майда-шүйдеге мән бермесек түсінетін түрім жоқ. Бірақ менің фотошоппым мен сенің фотошопыңның арасында жер мен көктей айырмашылық барға ұқсайды....))) Оны да түсіндіріп берерсің деп үміттенем. +1
MSHERIMBEK
Суретте қыздарға арналған фотошоп:)
Korkem
вахахаааааа, немене тіршілік иелерін былай қойып, компьютердегі программалар да қыз-жігіт боп бөлінетін болған ба?
MSHERIMBEK
Қыздардың техникалық сауаттылығын арттыру үшін не жасалынбай жатыр дейсің:)))
Korkem
ииии ол қыздарға неге керек? Меніңше керек емес сияқты. Егер керек деп тапса, еркектер аш қалатын шығар..))
MSHERIMBEK
Жаман көретін(?) подругаңның мысалы АКА ашып қойып бетін шимайлап қорлауға әбден болады:)
Abylai
Сделать круче чем у АКА дейсің ғо )))
MSHERIMBEK
Қарияның айтқанын сөзсіз қоштаймын:)
AKA
Сізге не крест жорығы? ©
MSHERIMBEK
Немесе қолына Қытай базарындағы 200 теңгелік сөмкені ұстатып қойып, памадасын ернінен асырып жіберіп, баяуын ағызып іштей қуанып алуыңа әбден пайдасын тигізеді:)
Korkem
Мынаны АКА көрсе не дер екен ә? Тақияңды теріс кигізіп жібермесін әлі..)))
MSHERIMBEK
Сен АКАдан қорқатын болғансың ба?:)))))))))))))
Korkem
қы-қы-қы бензин таусылыватыр...))) қорықпаймын, сыйлаймын
MSHERIMBEK
иәәәә, уақыт өзінікін алып жатыр деші:)
Korkem
:үндемей қалған смайлик:
AKA
Муахахаха :))) рахмет, рахмет! Бетіме тонналап бояу жағатындар қатарынан еместігімді Көркем білетін ед, кеш қалдыңыз ондай фотошоп жасауға…
hunter94
менің ең сүйікті бағдарламам! бейне сабақ күтеміз
mairosh
мынау шынымен керемет екен. Керемет түсінбесемде бірденкелер түсіндім. Рахмет))))))).
qyrmyzy
осы потошопты уйренсем го
Бұл фотошопты қалай қай жерден жүктеп аламыз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.