8-наурызға арналған "ҚАРАПАЙЫМ" ашық хат жасау

Армысыңдар айтабер қоладанушылары!
Мына жерде qyrmyzy 8 Наурыз тақырыбына Байқау ұйымдастыруына байланысты Бүгін мен «Кезектен тыс» Фотошопқа арналған постымды (сабақ) бастағалы отырмын. (Фотошоп білмейтіндер тез үйреніп, байқауға қатыссын деген ниетпен)))Бұл постта Фотошоп редакторының стандартты құралдарымен ашық хат жасауды көрсетемін (ешқандай қосымша кисть рамқа суретсіз (қарапайым әрі әдемі).

Бұл сабақ фотошоп бағдарламасын жаңадан бастап үйреніп жүргендерге арналғандықтан, қолданылатын әдістер мен эффекттер барынша қарапайым болады

тез тез жаза кетейін (негізі бәрі оңай).

1. Фотшопты ашамыз )))

2. Жаңа құжат (бет) ашамыз. File — New Ctrl+N. Көлемі 640х480 болсын




3. Градиент (Gradient Shift+G) құралын таңдаймыз.
Градиент құралы жоқ болса шошымаңыз, ол Бояу құйғыштың (Заливка Paint Bucket, Shift+G) астында жасырынып жатқан болуы керек. егер Градиент құралы көрінбесе (таппасаңыз) Бояу құйғыштың (Заливка Paint Bucket, Shift+G) үстіне батып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басып Градиент құралын таңдап аласыз.

Баптауларын төмендегі суреттегідей жасаймыз.


Құжатымызға жоғарыдан төмен қарата Градиент сызығын жүргіземіз ВУАЛЯ


4. Қолданушы формасы (Custom Shape Shift+U) құралын таңдаймыз


Сосын суреттегідей деп деп алың ))) (барлық форма шығу үшін)


сосын былай мына форманы таңдаңдар )))


сосын сол форманы құжатқа орналастырыңдар


сосыыын слойдың баптауларын былай қылың (Overlay; Fill: 15%)


5. Жаңа слой ашамыз. және сол слойдың (қабат) Fill мәнін 0% дейміз.


Енді сол слойға (қабат) свичение стильін береміз, ол үшін былай жасаймыз. Layer — Layer Style — Outer Glow


Баптауларын суреттегідей етіп өзгертесіз (нәтиже көрінбеді деп уайымдамаңыз, бәрі нәрмәльні, соңынан шығады)


6. енді Кисть (Brush, Shift+B) құралын таңдаймыз да оны оқсатып тұрып баптаймыз )) суреттегідей








7. Енді ең қызық жері, құжатқа Кистьпен сызамыз )) сол кезде Кисть өзі автоматты түрде шашырап сызылады және оған свечение стильі беріледі (бәрі жоғарыдағы баптаулардың арқасында) міне менде мынадай болды


8. Қолданушы формасы (Custom Shape Shift+U) құралын таңдаймыз


мына форманы таңдаңыз да, құжатқа кішігіріп етіп жоғарғы жағына орналастырыңыз суреттегідей


слойға (қабат) свичение стильін береміз. Layer — Layer Style — Outer Glow




Сосын Градиент стильін береміз


9. Тағы да Қолданушы формасы (Custom Shape Shift+U) арқылы жаңа форма саламыз суреттегідей



жоғарыдағыдай оған да свечние мен градиент береміз





СОСЫН ОСЫ СЛОЙДЫҢ (ҚАБАТТЫҢ) СТИЛЬІН КӨШІРІП АЛАМЫЗ (басқа қабаттарға дәл осындай стиль бергенде қайтадан жасамас үшін) Layer — Layer Style — Copy Layer Style


10. Енді мәтін жазуға кірісеміз құралдар панельінен Горизонтальды мәтін (Horizontal type, Shift+T) құралын таңдап НАУРЫЗ деп жазамыз (қаріпті өздеріңіз таңдаңыз)




11. Осы мәтін қабатына (слой) манағы көшіріп алған стильімізді қоямыз Layer — Layer Style — Paste Layer Style


12. Қолданушы формасы (Custom Shape Shift+U) құралымен мәтіннің жан жағна әдемілік үшін бір екі гүлдің формасын саламыз былай ))


бұл қабаттарға да манағы көшіріп алған стильді қоямыз Layer — Layer Style — Paste Layer Style деп

ВУАЛЯ

бітті



енді мен Пикассо емеспін және бұл шедебір емес. бірақ редакторды жаңадан үйреніп жүргендер бұл біраз нәрсені үйретті деп ойлаймын. бұл сабақта не үйрендік:
  • фотошоп бағдарламасында жаңа құжатты ашуды))
  • градиент құралын
  • кисть құралы мен оның баптауларын
  • слой стильдерін енгізуді
  • векторлық форманы қоюдя (және оған стиль беруді)
  • стильді көшіріп, қоюды
  • мәніт жазуға арналған құралды
міне осылардың барлығы осы сабақта көрсетілген. және үйреніп алдыңыздар деп ойлаймын. енді бағдарламаны қалай ашу мен жабуды үйренсеңіз бооолды )))
іске сәт. осы білгендеріңізбен теқ қана АЛҒА!!! байқауға бір адамдай ат салыасыңыздар деген үміттемін.

p/s: Жалқауланып қалмасам екі үш күндікте ашық хат жасауға арналған тағы бір сабақ жазармын

68 пікір

kuka097
Кереметтт..! +1
Korkem
түуууй, неге тым бломаса орысшасын жазбағансың? Мысалы менің потошопым орысша сонда да саған раха +1
Abylai
кешір басында ескертуді ұмытып кетіппін: Менің Фотошобымның версиясы ағылшынша Adobe Photoshop CS3басқа сабақтарда да осы фотошопты қолданамын )) басқасы жоқ, керек те емес )) суретте бәрі корсетілген ғо, қай жері түсініксіз?(қазір құралдардың орысша аттарын жазып қоярмын қасына)
kuka097
Сенің Photoshop ыңның сілтемесін бересіңбе Абылай тегін жүктейтін таба алар емеспін.!
Abylai
қайдан алғатынын білмеймін рас айтам. НАН ұрсын
kuka097
Өкінішті тегінін ещ жерден таппадым(((((((((
MSHERIMBEK
айноооолойн Абылайынан сол:) ренішің басылса болды:) Ал мынауың керемет екен:) Жасап саған біреуін жіберем. (тәйт, 8 мартта емес. кейін 9 майда)
Abylai
постты қайтар!
MSHERIMBEK
ииии түрінен сол, еркелейді ғой, муахахахаха:)
sandibek
мына қаріптің аты қандай екен, айтжверсей?
Abylai
SanasoftFillmore.kz деп тұр ))
pari
охо керемет! менде Абылай ағамның жолын қуып келемін
AKA
Міне, азззамат! Мынау маған керек дүние екен, үйренгім келіп жүр еді. Енді не ғой… фотошоп бағдарламасын қайдан алсам болады? Оңай, түсінікті, жеңіл түрін ұсына аласыз ба, қай жерден жүктеп алайын?
qyrmyzy
муахахаа,скачать… бесплатно деп гуглдатып көршиш
AKA
Оны енді білемін ғой бауыреееем. :)) Қаншамасы толып тұр, ішінде жақсысын ұсына ала ма дегенім…
Korkem
ырбаңдамай пілустасандаршиш)))
qyrmyzy
нең бар елдің постында??
qyrmyzy
түк түсінсем бұйырмасын
AKA
Үйбәй, оқымай тұрып пілүсімді қойғанмын. Админ быраттардан сұраңыз!
Abylai
Сәлем, Рахмет ) оңайы, жақсысы деген енді әркімге әрқалай, бірақ өзім үш жылдан бері Adobe Photoshop CS3 версиясын қолданып келемін ) сол нұсқасынан бастасаң болады
AKA
Енді оны қайдан алсам болады, «мына жерден жүктеп ал» демесеңіз болмайын деп тұр. Иә, иә… тефальмын.
Abylai
қайдан алатынын білмедім ал, гуглдан сұрастырып көрш
sandibek
Мінеки, тікелей сілтемесі! Мен бермесем, ешкім беретін түрі жоқ қой мұнда)))
qyrmyzy
ой, рахмееет! Тегін ба айтеуір?
sandibek
ойт! кешірім өтінем. тегіні тегін ғой, бірақ сайтындағы сілтеме жасамайды екен… мынадан ала ғой: сілтеме
qyrmyzy
рахмеееет үлкееен
AKA
Осы Сізге ризамын бар ғой, рахмет! Блог құрылтайға келесіз бе?
sandibek
арзымайд)))! игілігіңе жарат! ))) барғым-ақ келеді сол құрылтайға. баратын болсам оқуым далада қалайын деп тұр. Ең алдымен оқуды бітіріп алайын. Алдағы жылдары ұйымдастырылып жатса, бұйырса, барып қалармын))))
AKA
Өзіме ұқсаған екенсіз немесе мен Сізге ұқсағанмын, ошым мен де сондай енді :)))
qyrmyzy
демалыс қой 22леріне
qyrmyzy
керемееееет!!!
qyrmyzy
Бүгіннен бастап почтама неше түрлі ашық хаттар келетін болды ғой…
pari
ДОСТАР МЕН ЖАСАП ШЫҒАРДЫМ АБЫЛАЙ АҒАНЫҢ ЖАСАҒАНЫНА ЖЕТПЕЙДІ БІРАҚ БАРЫМДЫ САЛДЫМ.МЕН НЕГІЗІ ЕНДІ ЕНДІ ҮЙРЕНІП ЖҮРМІН
Abylai
жәрәйсің інішек. өйстіп өйстіп үйренесің.
qyrmyzy
ооо, маддис, сенен көөөп ашық хат күтем!
Jako
Мына дүние керемет екен, бірақ менің қауашағыма қабыспады.
Arhun
Жарайсың, Әбіл!
Madi
Осы фотошоптан бір туындысымақ жасап көру керек еді.Е мое
Жалпы бәрін білген жақсы ғой.
Жазбаңа +1, Абылай.
Abylai
«Жалықпа сен жалықпа,
Оқы, тоқы, арманда.
Бәрін білген балаға,
Алыс болар жақын да!» © Балапан телеарнасынан естіп қалдым .)
Abylai
Үйбәй құрттым, «Алыс болар жақын да!» емес «Жақын болар алыс та!»
qyrmyzy
Балапан телеарнасынан естіп қапсың… балаларды жақсы көресің ба әлде үйде балалар бар ма?
Abylai
мультик қарағанды жақсы көремін ықық)
ereke_enu
Хан Абылай, PhotoShop-та мықты екенсің! Жарайсың! CorelDraw-да жасай аласың ба осыны?)
Abylai
рахмет, жоқ CorelDraw-да жасай алмаймын
followme_alik
Құдай-ау, Бест оф зэ Бест мына сабағыңа.Еңбегіңе +1. Ниетіңе Алғысым. Үмітіңе мына қайырымсыз туындым:
Әз-Наурыз
Рахмет, Абик.
followme_alik
АаааАаааАААААААААаааа, түсі бұлыңғыр бопкетті.
Abylai
рахмет, әләкөш. өйстіп өйстіп үйренесің .)
qyrmyzy
маддис, әкеш бетті
qyrmyzy
ооо, керемет, енді сенен күшті-күшті ашық хаттар күтемін
KILYZAMAN
Осылай-осылай адам болып кетеін түрім бар… Рахмет, бауырым ;-)
sandibek
менің де фотошоптан аз-маз білген-түйгендерім бар еді. Осы қауымдастыққа жариялай берсем болатын шығар?
MSHERIMBEK
Болад, қуана қуана, қарайық:)
qyrmyzy
хмм, неге ашық хат жібермейсің??
sandibek
негізі жібергенмін.) осы қауымдастыққа өзімнен тағы бір ашық хат жасау әдісін жазып көрсетермін.
Abylai
әрине болады. қуана қуана, қарайық ©
mairosh
Ай Абылай маладес. Ка ерінбей оқып тез үлгергенімше жасап тастайын )))))
qyrmyzy
жарадың, күтемін
mairosh
ұялып отырм қолдан келер емес. сондада көріп жатырмын )))))))
kuka097
менікі potoshop cs3 қазақша әріп оқымайды және мәтін үлкеймейді соны айтсаң Әбеке неге екенін
Manas
Қазақша қәріп оқымаса,ғаламтордан қазақша қәріптерді жүктеп алда, орыстардың видеосабақтарын қарап(қарамаса да болады) компьютеріңе орнат, сосын қазақша қәріп оқиды
Manas
Ал егер үлкейткін келсе

мына функцияны қолданасың
kuka097
Қалай алат қаріпті?қалай орнатат?
kuka097
ендігі кезекте видесабақ ретінде шығарсаң!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.