Ашық хат жасаудың тағы бір әдісі

Ассалаумағалейкүм, құрметті айтеберлік қолданушылар!
Мен де Абылайдың ізімен осы қауымдастыққа фотошоппен ашық хат жасаудың тағы бір әдісін ұсынбақшымын.

Егер төмендегі әрекеттерді ерінбей зейінмен орындасаңыздар, мынадай нәтижеге қол жеткізесіздер:


Сабақпен таныспай тұрып, алдымен ашық хатты жасау үшін пайдаланылатын материалдарды жүктеп алып компыңызға сақтап қоюымыз керек:

өрнекті текстура
шілтер кисті

1-қадам. Текстура дайындау</strong

Жүктеп алынған өрнекті текстураны фотошоппен ашамыз.


Ашылған суретті текстура (узор, паттерн) қып фотошопта сақтау керек. Ол үшін
Редактирование -> Определить узор...
(Edit -> Define Pattern)

дегенді басамыз:


Кез келген (мысалы, ornek) атауды енгіземіз де, ОК-ді басамыз:


Бұл файлды жауып, келесі қадамға көшеміз.

2-қадам. Фон дайындау

Жаңа құжат (бет) ашамыз.
Файл — Создать… Ctrl+N
(File — New Ctrl+N)
.
Көлемі 1280х1024 болсын:



Артқы және алдыңғы пландағы түстерді, сәйкесінше #e5636f және #970214 қып өзгертеміз:


Градиент (Gradient Shift+G) құралын таңдаймыз.


Радиалды градиентті (Radial Gradient) таңдап:


құжаттың дәл ортасынан шетіне дейін Градиент сызығын жүргіземіз:



Слойдың бетінне тінтуірмен екі рет шерту арқылы құлыптан айырамыз(1), тағы да екі рет шерту арқылы (2) стиль баптауларын ашамыз:


Стиль баптауы ашыла салысымен Наложение узора (Pattern overlay) дегенге галочка қойып, Узор (Pattern) деген жерден 1-қадамда сақталған текстураны таңдаймыз және суретте көрсетілген параметрлерді енгіземіз (Линейный затемнитель — Linear Burn):

ОК-ді басамыз.

3-қадам. Шілтерлі кисттің параметрлері

Алдымен мана жүктеп сақтап қойған кистіні ашуымыз керек, ол үшін
Редактирование — Управление наборами...
дегенге кіріп:


Загрузить дегенді басып, кистіні жүктеп аламыз:


Кисть (Brush) Shift+B құралын таңдаймыз. Пернетақтадан F5-ті басып, кисть баптауларын ашамыз. Кисттер жинағынан жаңағы ашылған кистіні таңдап, суретте көрсетілген параметрлерді енгіземіз:


4-қадам. Мәтін

Горизонтальды мәтін (Horizontal type Shift+T) құралын таңдап қалаған мәтінді теруге болады (жазбаша стильдегі қаріптерді таңдасаңыз ашық хат әдемі шығады, менің ойымша, бірақ өз букустарың шешсін).
Мен «Айтабер!» деп жаздым (жазбай тұрып, алдымен алдыңғы планның түсін #ae1616 деп өзгерту керек):



Жаңа слой (1) ашамыз да, оның атауын «строук» деп өзгертеміз (сабақ барысын түсіндіруді жеңілдету үшін) және слойды мәтін слойының астына ығыстырамыз (2):


Контур жасау үшін мәтін слойына тінтуірдің оң батырмасын басып, Создать рабочий контур дегенді басамыз да қайтадан «строук» слойын таңдаймыз:


Алдыңғы планның түсін #f5f4e6 деп өзгертеміз.
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A
құралын таңдап, мәтін бетіне тінтуірдің оң жағын басамыз да,
Выполнить обводку контура... дегенді басамыз:


Ашылған терезеден ОК-ді басамыз («Имитировать нажим» дегенде галочка болмауы керек):


Слой баптауларын ашып, Контуры деген терезеден суретте көрсетілгендей контурды жоямыз:


Енді кішкене қалды):


5-қадам. Стиль баптаулары

«строук» слойына тінтуірмен екі рет шерту арқылы стиль баптауларын ашып көрсетілген параметрлерді енгіземіз:





«Айтабер!» мәтінінің слойының стиль баптауларын да суреттегідей өзгертеміз:





Мендегі нәтиже:


бітті!

42 пікір

ereke_enu
Тамаша! Осындай нәрселерге миымнан бұрын төзімім жетпейді ше) Жарайсың!
sandibek
жасап көр! қиын ештеңесі жоқ
beko
Тартымды екен. Рақмет Сәндібек.
Korkem
Риза болдым! Рахмет! тамашасың
calendula
Күшті екен!!! Алтын уақытыңызды бөліп жасағаныңызға рахмт!!!
sandibek
оқасы жоқ, бәрі сіз үшін))
calendula
Хех, бүгін барлық жасағаным кері кетіп, жақсы сөз естуден қалып едім. Көңілімді сәл де болса көтеріп қойғаныңызға тағы да рахмет!
qyrmyzy
РАХМЕТ ҮЛКЕН, ӨРКЕНІҢ ӨССІН, АЙНАЛАЙЫН, ЕНДІ ФОТОШОПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОАЛТЫНЫН СІЛТЕП ЖІБЕРСЕҢ, КӨШІРІП ЕДІМ, АШЫЛМАЙ ТҰР. ҚАТТЫ ҮЙРЕНГІМ КЕЛІП ЖҮР ЕДІ
ereke_enu
Фотошоп мұнда
qyrmyzy
көшіріп жатырмын, рахмет! өркенің өссін, айналайын!
ereke_enu
Оқасы жоқ!) Бір менің апам сияқты сөйлейсің ше)
qyrmyzy
апаңмын ғой
ereke_enu
Сен әлі студент емессің ба, қалай маған апа боласың?
qyrmyzy
жәәәә, қойшы
pari
Жарайсың! жақсы пост екен әсіресе маған пайдалы екен, +1 АйтпақшыАбылайағағақарсыластабылды
qyrmyzy
Сағыныш, олай ойлауға болмайды, бәрі сендер үшін ғой))) қарсылас емес, көмекші десең дұрыс болар еді. Абылай ағаңның қолы тимегенде Сәндібек жасайды деген сияқты. Үйреніп ал!
pari
ыыы мен ойын ретінде айттым не түсінбейсіңдер
AKA
Кідәй-ай, кідәй :))
qyrmyzy
түрінен сол, ұрсқан жоқпын ғой… жәй айттым ғой, жыламашы енді...өзі сондай ерке
ereke_enu
Және Corel Draw-ды естіген боларсың. Соны үйреніп алсаң, ол да мықты программа. 3D MAX деген де бар. Графикаға қызығатын кісілерге нағыз керек нәрсе, фотошопты жақсы дәрежеде білсең, оларды да үйреніп кету қиынға түспейді деп ойлаймын. Flash-ты да көр(мултиктер жасауға болады))))
qyrmyzy
ой, рахмет!!! келер аптадан бастап, бұйыртса, үйренуге тырысам
pari
Corel Draw осы программаның орысша нұсқасы бол ма?
ereke_enu
Ия бар. X5-тің орысша версиясын көргем
Aidar
Ия болады! X5 версиясы толық Орыс немесе Ағылшын тілінде бар!
Aidar
Corel Draw ты біраз информатикадан өтіп едік веторлы суреттер открыткалар жасап казір есімнен шығып кетті жақсы программа еш тазалығы түспейд жасалған открыткалардың жайдан векторлы сурет аталмаған!
sandibek
осы фотошопқа да шүкіршілік, аналарға енді миым жетсе де уақытым жетпес. рахмет...өзің де осылар (корел дро, 3д макс) туралы аз-маз өз ойыңмен блог арнап жазсаң жақсы болар еді
ereke_enu
Бұл жай көрген білгендерім ғой.
AKA
Мәәә, айттым ғой үлкен еңбекпен жасалынған деп. Ризамееееен!
dimash
ПАТАШОПҚА қызығып кеттім ау))) рахмет! Іске сәт!
Abylai
Керемет! жақсы жасалған, жазылған. + тағы да жаз
Aidar
Тамаша қазақ тілінде түсіндірме сабақтар!!! Осыны жасаймын деп көп уақытың кеткен болар жарайсың!
Сәндібек шілтер кисті үшін көп рахмет!
Сабақ өте керемет айтпақшы, былтыр бір екі осындай сабақтар жазғам Жастар.біз сайтында ма. менікі әшейін қызығушылықпен жасағандарым, сіз кәсіби айналысасыз ба фотошоппен?
sandibek
негізі менікі де қызығушылық қой, мына сабақтың өзі басқа сайттарда бар, сәл-пәл жеңілдетіп қазақшаға аударып жазған түрім ғо)))
Ais_97
Ризамын саған Сәндібек көп-көп рахмет, жасаған еңбегіңе +1!
Turekhan
Маған мына жыртық диплом бөліктерін фотошоппен қүрап бересіңдер ма, достар?!
авторлық құқық қайдддааааа бүл сеніңсабағың емес қой
pari
кімні сабғы айта ғой қарағым?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.