Әке сөзі


Көкемнің Маржантай қарындасым туыларда шығарған өлеңі
Қысылғанда жан тілегіміз біздердің,
Аманат жаны шырылдап аман қалса ғой
Қымбатта ыстық қадірлі болған көздердің
Қарауын қайта Алла бір бізге жазса ғой.

Толысты қайта кең дүниенің тарлығы
Екінші тілек Ана мен бала саулығы.
Бәрібір маған ұл болсын, мейлі қыз болсын
Керегі маған перзентімнің барлығы.

Пендеміз ғой және бір ой жылт етті,
Үшінші тілек қыз болса деп қылт етті
Асылық етсем кешіре гөр құдайым
Екі ұлдан соң арманым айтқан үркекті.

Мейірбике сүйінші бізден сұраңыз
Бір жігіт тұрған жерге бізде тұрамыз.
Ұят-ай бірақ жәрдем берген жеңгейден
Сұрамаппын-ау, ден-саулықтарын бір ауыз.

Өтті енді мейлі, еркектің бәрі солайды
Жүре береміз мезгілді күтіп қолайлы
Ізінен іздеп бармайды бұның көбісі
Қасында оның сенікі әбден жарайды.

Таң ата келіп қалжырап ұйықтап кетіппін
Анықтығына, амандығының жетіп шын
Ұйықтамай мендей, шаршап едің-ау түнімен
Күндіз де және зияпатқа кетіпсің.

5 пікір

Korkem
Тамаша жазылған!
Moldir_96
Көкеңіздің жазған өлеңі керемет екен!!!
Erlan
Рахмет менің жанұямда бәрі керемет, қазақ жанұялары ынтымақты болсын бәріңізге Алланың нұры жаусын.
beko
Өлең шумақтары керемет шығыпты.
Осындай қазақтың ерекшелігін көрсететін мақалалар көп болса ғой шіркін…
Мақалаңызға дауыс бердім. Үлкен рақмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.