Беу, дүние десеңші!


Жөргегімді жырмен аштым,
Тәтті өмірді тілге бастым.
Бірді тоқпын, бірде ашпын,
Бірде қартпын, бірде жаспын,
Бірде мамық, бірде таспын.
Айтшы, өмір кімге жалған, кімге расын?
Беу, дүине десеңші!

Өткен күндер бұлдырайды,
Келер күн тез құлдырайды.
Бір қуаныш, бірде қайғы,
Кім көнеді, кімге ұнайды?
Таңда туып, кешке өлетін.
Ақшамда аспаннан да күн құлайды,
Беу, дүние десеңші!

Ақ таң ғана асыл анық,
Ақ қар тұрар көшін алып,
Ай туады, ол да өледі.
Отыз күннің басын алып,
Өтер бір күн дүние, жалған-ай,
Мөп-мөлдір жанарыңның жасын алып,
Беу, дүние десеңші!

Көктем келіп түрленеді,
Жазда шалғын бүрленеді.
Күз де суып, гүл де өледі.
Қыста ақ қар бүркенеді.
Бірін-бірін алмасумен
Өткізіп он екі айды жыл да өледі.
Беу, дүние десеңші!

Бай да емеспіз, жарлы емеспіз,
Құныққанмен өтті елессіз.
Бірі атса, бірі батқан
Пенде деген таң мен кешпіз,
Сөйтіп жүрген, бұл фәниде
Бәрібір сен де, мен де мәңгі емеспіз.
Беу, дүние десеңші!

Авторын білмеймін. Еркін Нұржановтың орындауындағы ән.
Сурет маған тиесілі.

3 пікір

pari
Иә Еркіннің әні.Ал сурет сенікі болса жақсы түскен кештің батуы
AKA
Өте жақсы сөздері, міне өлең!
beko
Былайша иә, жақсы керемет екен!
Жөргегімді жырмен аштым,
Тәтті өмірді тілге бастым.
Осы кезде мен өлеңді дүние жайлы емес, жүрегіндегі мұң ба, сезім ба, жо жоқ, өзінің жүрегі туралы яғни өзіне қатысты деп ойлап қалдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.