Жастарға

Жастарға
Уақыт өтер, бүгінгі күн артта қалар,
Жастар өсіп қарттарым артқа қарар.
Жас буын өскеніне асыққанмен,
Аз да болса өткеннен сабақ алар.

Сабақ алар, жастарым сабақ алар.
Сабақ алса, ел бірлігін сақтап қалар.
Сақтап қалар, болашаққа бірге барар.
Бірге барса, қазағым бақыт табар.

Бақыт табар, қазағым ақыр түбі.
Сақталса егер салт-дәстүрмен қазақ тілі.
Еңбек етсе жастарым күндіз түні,
Жығар еді жаңғырық боп қазақ үні.

Қазақ үні бүгінгі жастар, ертеңгі азаматтар.
Қарттарым бата беріп, жастарға үміт артар.
Жастарып қолдан келсе, қарттардың үмітін ақтар.
Өзімніңде сөзім бар қоса айтар.

Жастар қазақтың болашағы,
Жастар ғана болашаққа жол ашады.
Қалың қарды жарып шыққан байшешектей,
Қазақ атын жаңғырттырып жар салады.

7 пікір

mairosh
күчти жазылған. Қазақ елінің ертеңгі болашағы біз ғой ЖАСТАР
pari
"Мен жастарға сенемін"
Moldir_96
Керемет өлең жолдары!!! Жарайсыз! авторы кім екен, а?
Karlen
Өлеңнің Авторы: Шаухаев Кәрлен
Moldir_96
Сіз екенсіз ғой… МОЛОДЕЦ екенсіз!!!
Togzhan
Тамаша!
Жастар қазақтың болашағы,
Жастар ғана болашаққа жол ашады.
Қалың қарды жарып шыққан байшешектей,
Қазақ атын жаңғырттырып жар салады.

Қазақтың жастары осы сенімді ақтай берсін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.