Ақ шағалалар

Түн… Айнала тып-тыныш… Шошып оянды. Денесі сұп-суық. Отырып еңкілдеп жылады. Жарықты жаққан жоқ. Жылай берді, жылай берді… Ойындағы, бойындағы бар ыза-кекті, өкпе-нала, назын, ренішін жанардан аққан моншақтарымен жуып тастайды. Бұл жолы да солай істеді.
Орнынан тұрып, терезенің алдына барып отырды. Терезеден ай сәулеленіп тұр. Жел соққанда ағаш жапырақтары сыбдырлап, себелеп жауған жауынның даусына ұқсап кетеді. Ех, шіркін, таңға атқанша құйып, жаңбыр нөсерлесе ғой. Әй, қайдам. Жұлдыздар жымыңдап, ай шаттанып тұр. Әне, жетіқарақшы.
Біреуді аңсайды, біреуді күтеді, сағынады, оның құшағына еніп еркелегісі келеді. Көзін жұмып тұрып, ыстық демін сезініп, жүрегіне құлағын қойып, дүрс-дүрс соққанын естіп, оны «сүйетінін» айтқысы келеді.
Өзіне іштей сұрақ қойды. «Мен неге томсырайып, ішімнен тынамын да жүремін? Қызғалдақ ғұмырым осылай солып қалмақ па? Көңілсіз. Біртүрлі жаны ауырады. Көп ойланады. Ойланған сайын бойын үрей билеп, қорқыныш қоршап алады.
… Не деген ғажап! Бойында бір қылтық күнә да, кінә жоқ пәк кеуде! Тағдырдың талай түрткісіне қасқайып тұрып төтеп берген, мүжілмеген, мүдірмеген мәрмәр мүсін!
… Не деген көркемдік! Жаныңда бір тылсым құпиялы күш бар. Ол күш күллі пендені өзіңе еліктіріп, елітіп тұрады. Бұл — сендегі, миллиондаған адамның біреуінде ғана кездесетін ерекшелік, айналасына нұр, жақындарына гүл, сүйіктісіне сыр төгетін, әр кез жылы шырай танытып, ойында арам-пиғылы жоқ, жүрегі асылдан жасалған жан!
Ой жетегінде отырғанда таң атып қалғанын байқамай қалды. Шығыстан шапағын төгіп, „Мен келемін!“ деп жарияға жар салғандай, қып-қызыл болып күн келе жатыр. Кірпігінде мұң, көзінде жас, көңілінде кірбің, жүрегінде шер тұнып тұр. Ұйқысы келді ме, есіней бастады. Жастыққа жантайып, кірпігін әлсін-әлсін қағып, тәтті ұйқыға кетті. Түс ауа оянды. Түндегі көңілден арылған, қуанышты. Ұйқысын ашу үшін кофе ішіп, теңізге сергіп қайтуға беттеді.
Самал жел еркелетіп, елітіп, қытықтап, аймалап бетіңді сүйеді. Арман қуған аппақ шағалалар ұшып-қонып жүр.
Суреттер маған тиесілі.





4 пікір

pari
суреттер қатты ұнады, тамашаааааа
kema
keremet!!! Oimen oztkizgen ystyk jalyndy kyzdyn armany go))))
AKA
Өте жақсы!
куған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.