Жақсы сөз

Жақсы сөз адамның жанын түртеді.
Ішіңдегі зарыңды қуаныш өлтіреді.
Жүрегіңнің терезесін шан басқанда,
Жақсы сөз жүрегіңнің шаңын сүртеді.

Жақсы сөз бесігіңдей тербетеді.
Жақсы сөз ыстық шайдай терлетеді.
Жақсы сөз құлағыңды жайлап сипап,
Жүрегіңнен орын тауып төрлетеді.

Жақсы сөз адамды да өзгертеді.
Көтеріп көңіліңді көлдетеді.
Жақсы сөз жаныңа жылу беріп,
Асқар таудың биігіне өрлетеді.

Жақсы сөз жорытқанда жолдасыңдай.
Жақсы сөз киналғанда жүрер қолдай.
Жақсы сөз жұбатады сенім беріп,
Ісіңе қалғанда қөңілің толмай.

Жақсы сөз тазартады санаңды.
Жақсы сөз жүрек кілтін табады.
Жақсы сөзді айтар болсам қорытып,
Жақсылықтың қайнап тұрған қазаны.

Жақсы сөз шығады тек жүрек жақтан.
Шықпайды жаман тілмен қисық жақтан.
Айыра біл алдам сөзбен жақсы сөзді,
Арзан сөзді айтуға тіспен сақтан.

7 пікір

Korkem
Жақсы сөз — жарым ырыс деңіз, тамаша жазылыпты. Авторы кім?
mairosh
оо гучти керемет жазыпты ғо авторы киім?
Karlen
Өлеңнің авторы: Шаухаев Кәрлен
mairosh
Демек өзініз екен ғой))))) қуаныштымын
Moldir_96
Та-ма-ша! Жарайсыз! Өнеріңіз өрге жүзсін!:)
AL-ASTER
Тақырыбы жақсы. Айтайын деген ой да жақсы. Ұйқастыру жағында сәтсіздіктер бар сияқты меніңше.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.