Агент керек болмас...(поэзия)

Жан емессің жалған толы сөзге ерер
Саған да бір жарқырайтын кез келер
Статусың болып тұрған жап-жасыл
Бір күндері жүрек болып өзгерер.

Көрінбейтін адамдарға расында,
Тыйылады жүректегі жасың да
Өткізбестен уақытыңды агентте
Отырарсың сүйіктіңнің қасында.

Талақ қылып достардан хат тосқанды,
Жақтырмассың агентті қосқанды
Сол кездері «логин-пароль» тек қана
Керек болад тексеру үшін поштаңды.

Сол күн келер, жақын қалды, мойыма.
Сенімділік ұяласын бойыңа
Тізімдерін әлі-ақ тізіп жазасың
Шақыру үшін достарыңды тойыңа.

Куәләрі ақ некеңнің қиылған
«Жеңге» — дейді жас балалар жиылған
Сол шаққа Алла жеткізсінші тезірек
Бақытты сәт кешікпесін биылдан.

Берік СҰЛТАНОВ

14 пікір

mairosh
дұрыс екен. Осымен 10ыншы өлен оқуым. тпа тпа бәрі ақын екен.)))))
Argyn
)) аздап жазатынымыз бар)))
mairosh
жақсы жазғансын. осы қалпынан тайма.
Manas
Жақсы өлең!!!
Argyn
барынша тырыстық)))
pari
жақсы екен мадес!
Moldir_96
Жақсы жазылған!
AL-ASTER
Ареке, осындай өлеңнің қысқа нақты нұсқасын жазып, агентпен таратпаған адамның кнопкалары істемей қалсын деп спам етіп таратып неге жібермеске? )))
Argyn
қысқа нұсқасы осы ғой))))
Togzhan
Тамаша жазылған, заманауи тақырып..))
Argyn
)) заманауи болмаса жырың ешкімге керек емес қазір)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.