Тілеуұлы Мөңке би

Тілеуұлы Мөңке би — Әбілқайыр ханның кеңесшісі, жырау, белгілі би болған.
Болашақты айнымай дәл болжай білу Мөңке бидің шығармашылығының басты белгісі. Осы төменгі өлеңінде де болашақты дәл болжайды.

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.

Ақыл айтса ауырып қалатын,
Бежірей деген қызың болады.
Алдыңды кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.

Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.

Жастарға билігің жүрмес кәрің болады,
Ертеңіңе сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсетін інің болады.

Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.

Халықтың қанын сорған адамдар болады,
Қабағын түйіп қойып қайыр сұрайтын адамдар болады.

Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,
Ит пен мысықтай ырылдасқан
Еркек пен қатының болады.

Сарылып көлік тосасың,
Құны жоқ көк қағазды судай шашасың.
Соның бәрін көресің,
Көріп барып өлесің

2 пікір

Jako
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.


Қайран бабаларым-ай, недеген көреген едіңдер.Бізге айтар сөз қалдырмағансыңдар, тек қана сендерді дұрыс ұға білсекте жетер еді-ау, біздің өмірімізге.
pari
Нағыз қазақ міне осындай би-шешен, көсем батыр болған!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.