Экрандағы ару!

Экрандағы ару!
Экрандағы ару ғашықпын саған,ғашықпын
Таңменен тұрып,өзіңді көруге асықтым.
Амалым қанша бара алмаймын жаныңа
Өйткені біздің арамыз сонша қашық тым.

Өзің үшін ұйқысыз өтті түндерім.
Өзің үшін ғаламторда өтті күндерім.
Сұлу бейнеңді экраннан қарап отырам,
Бұл не деген сезім еді білмедім.

Армандап сені,қиялым көкке самғаған.
Барамын деп саған,үмітім еш талмаған.
Күт мені мәңгі экрандағы ару,
Шынайы сезім далада ешқалмаған!

Автор: Манас Идеятолла(Manas)

19 пікір

pari
тамаша жазылған, СОЛ арудың кім екенін айтасың ба?
Manas
Рахмет!Құпия боп қала берсін, Сағыныш!
pari
Айтаберге кіріп жүрме сол ару?
qyrmyzy
«Таңшолпанға» шығатын ару ғой деймін. нетсең, нетіп берем.
Karlen
Жақсы жазылған екен.
calendula
Негізі, өлең белгілі бір ұйқаспен жазылушы еді. Бұнда " а б а б" болып келген де, " а а а а " болып, қара өлең ұйқасына ауысыпты " а а б а " болып.
Manas
Қай ұйқас " а б а б болып тұрған!
calendula
Кечроң, біріші шумақты солай көрген екенмін.
Manas
Ал" а а а а " болып тұрған қай ұйқас, ондай ұйқас жазбап едімғо
calendula
Екінші шумақ қой. «м м м м» болып аяқталып тұр. Бірақ, оны " м м м м" демейді ғой енді ," а а а а" дейді ғой)
AiEcPi
Манас жақсы екен!!! Жарайсың, жақсы өлең!!!
calendula
Айтпақшы, Асылбек, туылған күніңмен құттықтаймын! Жүрегің жақсылық деп соқсын!
AiEcPi
Рахмет көп-көп, ия иттік қасиеттерімді тастамақшымын көне жаста!!!
calendula
Еее, бәсе сөйтпейсің бааааа)))
жұрттың бәріне не болған, иттік қаситетерін тастауға көшкен ба??
AiEcPi
Дұрысқо енд))) жұртта шаруам жоқ
calendula
Дұрыс, дұрыс, мінезді өзгертуге болмайды деген адамның тілін кесейінЧ))))
Manas
Көп-көп, рахмет!
Moldir_96
О, ке-ре-мет! Жарайсыз, Манас! Өлең шығаратын да өнеріңіз бар екен ғой, өнеріңіз өрге жүзсін! Өлеңіңіз та-ма-ша!!!
Manas
Көп-көп рахмет, Мөлдір!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.