Түсінгенім.....

Сәлеметсіздер ме Айтаберліктееер! иіліп сәлем бердік. Соңғы уақытта осы бір қара кітабымды қолыма алып, қайтадан оқи бастадым.
Оқыған сайын өміріме үңілемін,
Ішінде бар ме екен де түсінгенім.
Өмір, өмір кетеді шексіз сызық,
Сол сызықта бар ме екен бір түйгенім.......

Түсінгенім… ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері береді.
Түсінгенім… сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт.
Түсінгенім… өмірде қолда не бары емес, қасыңда кімнің болғаны маңызды.
Түсінгенім… адамның басына түскен ісі емес, сол жағдайда не істегені маңызды.
Түсінгенім… сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл.
Түсінгенім… кіммен қоштассаңда жылы шырай таныт, өйткені онымен соңғы рет кездесіп тұруың мүмкін.
Түсінгенім… егер сезімдеріңді басқара алмасаң, сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім… кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де, сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді
Түсінгенім… екі адам бір нәрсеге қарап, екі түрлі нәрсе көрауі мүмкін.
Түсінгенім… жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын.
Түсінгенім… ең жақын достарың ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек.
Түсінгенім… кейде кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек.
Түсінгенім… жүрегің қанша сыздаса да, дүние сен үшін тоқтап қалмайды.
Жиі қолыма алып оқитын "Өмірдің үздік сырлары" кітабынан…

18 пікір

kema
How keldiniz omirge))) Omirdin kop zandylyktaryn tusinipsiz.
Korkem
Сізден бұрын келген екен өмірге)))
kema
Kalai bilip koidynyz Korekem?
sirius
Қош көрдік*))) Иәәәә, түсініп келеміз…
Korkem
Нағыз шындықтың өзі!
"Өтіріктің балын ішіп, тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп, өлген артық" дегенге саяды екен.

Түсінгенім… кіммен қоштассаңда жылы шырай таныт, өйткені онымен соңғы рет кездесіп тұруың мүмкін.
Түсінгенім… егер сезімдеріңді басқара алмасаң, сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім… кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де, сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді
sirius
Дұп-дұрыс айттыңыз…
AKA
Біраз уақыт бұрын мына жерден оқығаным бар. Сонымен қатар мына жерде де жазылған болатын.
sirius
Енді көріп тұрмын… Бұл кітаптың шыққанына да біраз болған, осында жазайынш деген ой ғо менкі
AKA
Дұрыс, қай кітаптан жазғаныңызды да көрсете салсаңыз артық болмайды.
qyrmyzy
Түсінгенім… ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың

Түсінгенім… жүрегің қанша сыздаса да, дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

Түсінгенім… сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт.
қатты ұнады.
qyrmyzy
авторын, оқыған жерің, көшірген жеріңді көрсетіп кетсең...өзіңдікі болмаса да, авторын көрсетсең, оқимз, пікір жазамыз. Оған еш қынжылма! Есіңе түспей жатса, гуглдатып жібер.
sirius
Білмейм ғой, "Өмірдің үздік сырлары" деген кітаптан алдым.Редакторы Нұрлан Мансұров..Сырты қара кітап, қазір қарап жіберейнш онда гуглден
Erzhan
біреудің айтқанынан көрі, өзіңнің басыннан өтпей түсінбейсің.
sirius
Өз өзіңізді меңзеп отырсыз бааа білмейм… Бірақ мен мұнда түсініп және осы сайттың қолданушылары да біле жүрсін деген ниетпен жаздым.
Erzhan
менің өміріме келіңкірейді екен, бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермиді. әттең…
егер сезімдеріңді басқара алмасаң, сезімдерің өміріңді басқарады.

жақсы айтылған сөздер. бөліскеніңе рақмет, енді кітапты оқып шығу керек.
sirius
Иә оқыңыз керемет кітап… Көмегім тисе, маған соның өзі жетіп жатыр*)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.