Сенің арқаң

Сенің арқаң анашым –
Өмір сүріп жүргенім.
Сенің арқаң әкешім –
Бақытты боп жүргенім.
Сенің арқаң апатай –
Денім сау боп жүргені.
Сенің арқаң ұстазым –
Білімді боп жүргенім.
Сенің арқаң әпкетай –
Бәрін біліп жүргенім.
Сенің арқаң досым –ай –
Ойнап – күліп жүргенім.

14 пікір

Korkem
Жақсы жазылған. Алдағы күнде бұдан да жақсы жазбалар күтеміз өзіңнен!

Айтпақшы, қош келдің)))
MSHERIMBEK
Бұлай ерте берілуіңіздің сырын білуге бола ма?:)))
qyrmyzy
балапандарды қолдағаны ғой
DINA
мен барлығын айтып, кешірім сұрадым! Мен емес екенімді түсінді)))))
DINA
рахмет! сіздің арқаңыз!
Nursultan_Joldashan
керемет деуге тұрарлық! жарайсын!
pari
Сенің арқаң ағатай
Батыл болып жүргенім

дей салшы ананың арасына біртүрлі екен ағаны қоспаған…
qyrmyzy
Алдымен АЛЛА!
qazaquly
Тиісінше тоқсан бестен әрі боларсың?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.